Облыс әкімінің Тараз қаласы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

Облыс әкімінің Тараз қаласы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

1.

Жеке секторларда орналасқан кварталдық комитеттердің жұмысын жандандырып, қала әкімінің бас инспекторларымен тығыз жұмыс жүргізілуін қадағалау

тұрақты,

аралық ақпарат тоқсан сайын

Тараз қаласының әкімі

11 аумақтық округінің бас инспекторларына, аумақтық округта орналасқан кварталдық комитет төрағаларымен бірлесіп жұмыс атқару жөнінде хабарланды. Бүгінде нақты жұмыстар жүргізілуде.

 

2.

Рысбек батыр көшесі, №6 үй жаныннан әлеуметтік дүкен ашу мәселесін жергілікті жерге шығып зерделеу

2022 жылғы

10 шілде

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров

«Тараз ӘӘК» АҚ басқарма төрағасы Д.Әбілқайыров

(келісімі бойынша),

Тараз қаласының әкімі

(жинақтау)

Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан 2022 жылдың 14 шілдесінде №442 шығыс хаты Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жолданды. Бүгінгі күнге зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

3.

Төле би даңғылы, №№94, 96 көпқабатты үйлердің кондоминиум нысанында салынып жатқан кәсіпкерлік нысанның заңдылығын анықтап, тиісті шаралар қабылдау

2022 жылғы

20 шілде

Тараз қаласының әкімі

2020 жылдың  29 шілдесіндегі №1336 сатып алу-сату шарты негізінде Альжан Ержанович Дивеев Тараз қаласы, Төле би даңғылы №96 «Б» мекенжайда орналасқан жер телімінің иесі болып саналады (жер телімінің алаңы – 0,0160 га, нысаналы мақсаты – үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар – кондоминиум (№96 көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиумына кіреді), кадастр нөмірі:  06-097-011-871, жер учаскесі – жеке меншік құқығында, ортақ үлестік). Сауда жайы және кеңсе құрылысына А.Е. Дивеевке 2021 жылдың 23 маусымдағы №KZ14VUA00455533 сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілген. 2021 жылдың 25 маусымда эскиздік жоба келісілген (жоба иесі –«Diveev company» ЖШС). Сонымен қатар, жоба бойынша сараптама және «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» КММ-нен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау алдында 2022 жылдың                   20 сәуірде №KZ05REA00271021  хабарлама беріп, талон алынғанын.

Қазіргі уақытта Төле би даңғылы №96 тұрғын үйдің пәтер иелерінің Тараз қаласы әкімдігінің  жоғарыда аталған жер телімінің бөліп беру туралы алғашқы қаулысының күшін жою туралы талап арызы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралуда.

 

4.

Төле би даңғылы, №1,3 үйлердің жанында бос жатқан 0,0500 га жерге балалар ойын алаңшасын салу мәселесін белгіленген тәртіпке сәйкес зерделеп, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

20 шілде

Тараз қаласының әкімі

Төле би даңғылы, №№1, 3 үйлердің жанында бос жатқан 0,0500 га жерге балалар ойын алаңшасын салу үшін жобалық – сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға бюджеттік өтінім беріледі. Содан кейін аталған нысанға құрылыс – монтаждау жұмыстарына конкурс жарияланады.

5.

Н.Тлендиев атындағы мектеп – интернаты мен Абдуллин көшесінің ортасын құрылыс қалдықтарынан тазалап, сол жерге спорт нысанын салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

8 шілде

Тараз қаласының әкімі

Аталған жер телімі жеке меншік иелігінде.

2015 жылғы 10 қарашадағы №2 сатып алу сату шартына сәйкес, Тараз қаласы, Ниеткалиев көшесі бойынан үй жайларға (ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, жалпы көлемі 0,5000 га жер телімін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығына А.А. Манапбаев иеленген.

Бүгінгі күнге, жер телімінің пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

6.

Сұлтанбаев 3-тұйық көшесінің аншлагтары мен үйлердің нөмірленуін реттеу

2022 жылғы

25 тамыз

Тараз қаласының әкімі

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан Сұлтанбаев көшесінің  1,2,3-бұрылыстарындағы нөмірлерді ретке келтіру бойынша 2022 жылдың наурыз айында карта әзірленген болатын.

Қазіргі таңда, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан үй нөмірлерін ретке келтіру  жұмыстары жүргізілгеннен кейін аншлагтар ілінетін болады.

7.

«Төрткүл» алқабына балалар ойын алаңшасын салу мәселесін талдап, орнын белгілеп, мәелені шешу

2022 жылғы

1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

Аталған жер телімі жеке меншік иелігінде.

2015 жылдың 10 қарашасындағы №2 сатып алу сату шартына сәйкес, Тараз қаласы, Ниеткалиев көшесі бойынан үй жайларға (ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, жалпы көлемі 0,5000 га жер телімін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығына А.А. Манапбаев иеленген. Бүгінгі күнге, жер телімінің пайдалну мерзімінің аяқталуына байланысты, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

8.

Айналма жол салу мақсатында Ж.Аппасова көшесінде орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алынатын тұрғын үйлерді тез арада анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу

2022 жылғы

10 тамыз

Тараз қаласының әкімі

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мемлекетке қайтару жұмыстары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына сәйкес, тек айрықша жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі. Осыған  орай, қала әкімдігінің жер қатынастары 2022 жылдың 21 шілдесінде қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне Бас жоспарға және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес айналма жол салу мақсатында Ж.Аппасова көшесінде орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алынатын тұрғын үйлерді анықтау туралы хаты жолданды.

Мемлекет мұқтажы үшін қайтарылатын жер учаскелерін анықталғаннан кейін, тиісті  жұмыстар жүргізіледі.

9.

Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған сквер салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізу

2022 жылғы

1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үсімбаев, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Тараз қаласына Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған сквер салу үшін қала әкімдігінің жер қатынастар бөлімі мен қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне  сквер салынатын жердің эскизін дайындау туралы хат жолданды.

10.

«Көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау» бағдарламасы аясында Төле би даңғылы, №116 үйді күрделі жөндеуден өткізу

тұрақты,

аралық ақпарат тоқсан сайын

Тараз қаласының әкімі

Төле би даңғылы, №116 үйдін тұрғындарымен үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін арнайы жиналыс өткізіліп түсініктеме берілді. Нәтижесінде Төле би даңғылы, №116 үй көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында тіркелген. Кондоминиум мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп ұстау мен басқару Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормаларымен реттеледі.

Үй жеке тұрғын үй қорының құрамына кіреді.

Заңның 2 бабы 8 тармағына сәйкес (бұдан әрі Заң) - жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйлер.

Күрделі жөндеу жүргізу шарты бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерде «жаңа» басқару органы (мүліктің меншік иелері бірлестігі (ОСИ) немесе жай серіктестік (ПТ) болуы қажет.

11.

Ы.Сүлейменов және Рысбек батыр көшелерінің қиылысында орналасқан аялдаманы қайта орнына қойып, жаяу жүргіншілер жолағын (зебра) салу жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

5 тамыз

 

Тараз қаласының әкімі

Аталған жерге жаяу жүргінші жолағын салу жұмыстары аялдама орнатылғаннан кейін полиция басқармасы мамандарымен орынға шығып қаралатын болады.

12.

2022 жылдың 5 қаңтарынан бері мүгедектікке шыға алмай жүрген жалғызбасты көпбалалы ана Г.Бексеитоваға заң нормалары аясында көмек көрсету

2022 жылғы

8 шілде

 

Тараз қаласының әкімі

Бексеитова Гулнар Берикбайқызы, 1984 жылы туылған, Тараз қаласы, Рахимов көшесі 2 өткелі №1 үй тұрғыны, көпбалалы ана, жолдасы қайтыс болған.

Көпбалалы ана ретінде 50976 теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 73283 теңге жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 60922 теңге әлеуметтік төлем, жұмысқа қабілеттігінен айрылуына байланысты 26094 теңге жәрдемақы алады.

Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №26 бұйрығын  басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді.

Атап айтқанда, мүгедектерге әзірленген мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы (МЖОБ) аясында қамтамасыз етеді.

Г.Бекситоваға 2022 жылғы 21 маусым күні 2 топ мүгедектігі  6 ай мерзімге тағайындалған. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес  балдақпен қамтамасыз етіледі. 2 топ мүгедегі ретінде 57206 теңге жәрдемақы тағайындалған.

 

Облыс әкімінің Тараз қаласы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет
Дата публикации
26 июля 2022