Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2022 жылғы 24 шілдеде Жамбыл облысында Жамбыл ауданының Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтері, Мойынқұм ауданының Ақсүйек ауылы әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3651 азамат енгізілді, олардың 2598 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 26, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдумуталиев А.Б. - 717; Урпеков А.Ю. - 1852.
Қарой ауылдық округінің әкімі болып Урпеков Асет Юсупович сайланды, 1980 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Гродиково ауылдық округінің Гродеково ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3026 азамат енгізілді, оның 1793 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 35, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 70.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Муздыбай С.С. - 319; Тапжанов Т.Ж. - 1369.
Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі болып Тапжанов Торехан Жумабекович сайланды, 1965 жылы туған, Қарой ауылдық округінің әкімі, Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2022 жылғы 24 шілдеде сайланған Жамбыл ауданының Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/328722?lang=kk
Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 341 азамат енгізілді, оның ішінде 245 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алтамашев Д.Б.– 42; Жунусов Г.С– 167; Жасузакова С.А. – 24;
Ақсүйек ауылының әкімі болып Жунусов Гани Спартакулы сайланды, 1979 жылы туылған, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының су ғимаратының күзетшісі, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2022 жылғы 24 шілдеде сайланған Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының әкімін тіркеді.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы