Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысының Жамбыл және Мойынқұм аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына төмендегідей кандидаттарды тіркеді:

 

Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:

  1. Абдумуталиев Алга Балабекович, 1975 жылы туған, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
  2.  Джанкоразов Аскар Абдимажитович, 1967 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
  3. Қарой ауылдық округіне Урпеков Асет Юсупович, 1980 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының маманы, Жамбыл ауданы Гродеково ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;

Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:

  1. Муздыбай Сағи Сағынғалиұлы, 1993 жылы туған, Жамбыл аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
  2. Мусаханов Бекежан Базарбаевич, 1978 жылы туған, Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
  3. Тапжанов Торехан Жумабекович, 1965 жылы туған, Қарой ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/325469?directionId=11120&lang=kk

Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімі сайлауына  тіркелген кандидаттар:

 

  1. Жунусов Гани Спартакулы, 1979 жылы туылған, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының су ғимаратының күзетшісі, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Дулат Болатулы, 1990 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  3. Жасузакова Сымбат Аскаровна, 1990 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының бас маман-есепшісі , Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/article/details/90739?directionId=14612&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
14 июля 2022