Жамбыл облысы әкімі аппараты
Жергілікті атқарушы органдарының
2022 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (18.05.2022ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО) 172 қызмет түрі, яғни 291 кіші түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2022 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО 2,7 млн мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 299 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2022 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 14.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 867 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 828 327 халық қамтылды.
2022 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан мемлекеттік қызметтерді көрсететін 56 қызметкер өтті.
Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының
2022 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша есебі
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 40 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 26 жергілікті атқарушы органдар, 11 ведомстволық бағынысты ұйымдар және
3 мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын) қамтылды (40 нысан).
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.
Нәтижесінде 135 бұзушылықтар анықталды және 52 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзудың 6 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 1 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 24 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 19 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 3 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 82 фактісі анықталды.