Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2022 жылғы 10 шілдеде Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Көкбастау ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1672 азамат енгізілді, оның ішінде 1234 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Садыков Т.М. – 228; Сейтаев М.Б. – 986.
Көкбастау ауылдық округінің әкімі болып Сейтаев Малик Берикович сайланды, 1991 жылы туған, Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы, Жуалы ауданы, Бақалы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен 2022 жылғы 10 шілдеде сайланған Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округінің әкімі Сейтаевті М.Б тіркеді.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы