ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ (1 кезең)

ОБК отырысында мақұлданды

(2022 жылғы 27 мамырдағы №5 хаттамасы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

(1 кезең)

 

(ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 мамырындағы отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес (№19 хаттама))

Тараз қ.  2022 жыл

 Мазмұны

 

1.

Жамбыл облысының 2021-2022 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері………………………………………………….........................

3-12

 

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары…………………….

3-12

2.

Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған  әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі  басым бағыттары…………........

12-14

3.

Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары…………………

14-23

4.

Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы……………………………………………………

24

5.

2023-2025 жылдарға арналған жерлікті бюджеттің негізгі параметрлері …

24-28

6.

Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың (аудан, облыстық маңызы бар қалалар бөлінісіндегі) негізгі көрсеткіштерініңжәнежоспарлыкезеңгеарналған(аудандар, облыстықмаңызы бар қалалар, аудандықмаңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер бөлінісінде) бюджет параметрлерінің (қосымша түрінде) болжамы

7.

Жергілікті басым бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

 

  1. Жамбыл облысының 2021-2022 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері

 

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары

2021 жылы аймақтың экономикалық дамуы пандемия салдарынан қалпына келтіру шараларының әсерінен дамыды.

Экономиканы, оның ішінде шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ пилоттық жобалар шеңберінде халық табысының төмендеуіне жол бермеуге бағытталған шаралар жүргізілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.

2021 жылғы (алдын ала мәлімет) өңірлік өнім 2355,5 млрд. теңгені құрады, НКИ -106,6%.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында 18,5% - өнеркәсіпке, 9,5% - ауыл шаруашылығына, 16,8% - көлік пен байланысқа, 8,0% - құрылысқа,                      12,1% - саудаға, 35,1% - өзге салаларға тиесілі.

2021 жылы салалардағы өсім еңбек өнімділігінің 8,7%-ға өсуімен қатар жүреді (2021 жылдың алдын-ала мәліметі бойынша).                                              Өсім ауыл шаруашылығындағы (5,1%-ға), өнеркәсіптегі (25,8%-ға), құрылыстағы (15,6%-ға), байланыстағы (2,1%-ға) еңбек өнімділігі көлемінің ұлғаюымен байланысты.

Қабылданып жатқан шараларды ескере отырып,                                                   2021 жылқорытындысымен өңір өнеркәсібінің оң динамикасын көрсетті, онда нақты көлем индексі 2020 жылға қарағанда 104,6%-ды құрап,                       622,5 миллиард теңгеге өнім өндірілді.

Өнеркәсіп құрылымында кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 3,6%-ға (62,4 миллиард теңге),өңдеу өнеркәсібінің – 1,8%-ға (448,7 миллиард теңге),электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер - 19,4%-ға                                 (105,8 миллиардтеңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 3,5%-ға (5,5 миллиард теңге) өсуі байқалады.

Өсімге металл кендерін (1,1 есе), әктас және гипс (7,9%-ға); тамақ өнімдерін өндіруде (1,4 есе), жеңіл өнеркәсіп өндірісінде (1,2 есе), фармацевтік (2,6 есе), дайын металл бұйымдарын (1,2 есе), машина жасауда (1,2 есе), қағаз (1,2 есе), жиһаз өндіру (1,2%) артуы әсер етті.

Облыста өңдеу саласы дамыған, оның үлесі жалпы көлемде 72,1%-ды құрайды, онда маңызды өнім түрлерінен шұжық өнімдері – 1,2 есе, сүт және макарон өнімдері – 1,1 есе, сыртқы трикотаж киімдері – 4 есе, аяқ киім – 1,4 есе, ағаш жиһаздары – 1,7 есе ұлғайды.

COVID-19 пандемия кезеңінде өңдеуде фармацевтика саласы белсенді дамып келеді, ол есепті кезеңде 58,1%-дық өсімді көрсетіп отыр. Отандық иммундық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытта                       «QazVac» вакцинасының 3,2 миллион дозасы әзірленді.

Өнеркәсіптегі өсудің ынталандырушы факторларының бірі негізгі капиталға 186,1 миллиард теңге инвестициялау болып табылады, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке – 66,6 миллиард теңге. Сондай-ақ, Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, онда 2021 жылы 651 жаңа жұмыс орнымен 18,4 миллиард теңгеге 12 өндіріс іске қосылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде екінші деңгейдегі Банктер мен Агро-кредиттік корпорация арқылы 69,6 миллиард теңге сомасына 184 жоба мақұлданды, оның ішінде 59,2 миллиард теңгеге                      181 жоба кредиттелді.

Жамбыл облысы «жасыл экономиканы» дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Жалпы белгіленген қуаты 387,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің                17 объектісі бар, оның ішінде ОртаАзиядағы ең ірі күн электр станциясы «BurnoyeSolar» ЖШС-і болып табылады.

Есепті кезеңде әлемдік экономикалық дағдарыс және пандемия жағдайында ауыл шаруашылығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыруға ерекше назар аударылды.

2021 жылы Агроөнеркәсіптік кешеннің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығына 19,4 миллиард теңге субсидия, негізгі капиталға 29,6 миллиард теңге инвестиция бағытталды.

Тиімді шаралар негізінде 2021 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2020 жылғы деңгейге қарағанда 1,4%-ға өсіп, 426,7 миллиард теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы – 4,8%-ға (173,1 миллиард теңге), ал өсімдік шаруашылығы 1,0%-ға (253,1 миллиард теңге) төмендеді. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі 5,7%-ды (бір жұмыспен қамтылғанға 984,2 мың теңге) құрады.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы түсімі                          (өңдеуден кейінгі салмақта) 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 34,9%-ға (548,6 мың тонна) төмендеді, орташа өнімділік гектарына 14,5 центнерді құрады. Бұл ретте майлы дақылдардың жалпы түсімі 0,1%-ға артып,                      46,8 мың тоннаны, көкөністер – 7,3%-ды (2014,1 мың тонна), бақша дақылдары 1%-ды (405,3 мың тонна), картоп – 4%-ды (267,7 мың тонна) құрады. Қант қызылшасын өндіру 160,3 мың тоннаға жетіп, 20%-ға өсті.

Ресурс үнемдеу технологияларының ауданы 29,8 мың гектарға, су үнемдеу технологияларының ауданы 40 мың гектарға дейін жеткізілді.            43,0 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, аумағы 179,8 мың гектарды құрады.

Озық технологияларды енгізу есебінен қарқынды бақтардың ауданы 1145 гектарға жетті.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 113,8 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды (7,5 мың гектар – егістік, 106,3 мың гектар – жайылым).

Ет (тірі салмақта) өндірісінде 2020 жылға қарай 6,6%-ға, сүт – 1,5%-ға, жұмыртқа – 8,3%-ға, жүн – 1,8%-ға; ірі қара мал санында – 10,1%-ға, қой –7,1%-ға, жылқы – 10,2%-ға, түйе – 3,5%-ға өсім байқалады. Құстардың саны 3,9%-ға азайды.

2021 жылы 4919,4 тонна ет, оның ішінде 4007,2 тонна сиыр еті,                     590,6 тонна қой еті, 321,0 тонна құс еті және 0,6 тонна жылқы еті экспортталды.

2019 жылы басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасының 5 бағытын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 2,5%-бен 7,2 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 2,0 миллиард теңге    (5%-бен) бөлінді. Облыстың 10 ауданының 11 ауылдық округінен 2478 тұрғын және 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативтері несие алды.                 2021 жылы револьверлік механизм бойынша қайтарымды қаражат есебінен                         3 ауылдық округте 2,7 миллиард теңге сомасына 300 жоба іске асырылды,                    32 бірлік техника берілді.

Бұдан басқа, жыл сайын кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында Мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша 33,8 миллиард теңгеге                                         1329 жобаға, «Банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 8,4 миллиард теңгеге 1154 жобаға, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 231,7 миллион теңгеге                          5 жобаға, «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 692,9 миллион теңгеге 272 жобаға қолдау көрсетілді.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 16423 жұмыс орны сақталып, 5724 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2022 жылғы 1 қаңтарға 71,3 мың бірлікке немесе 2020 жылға қарағанда 102,8%-ға жетті.

Пандемияның теріс әсеріне қарамастан, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте бизнес субъектілері өндірген өнімдер мен қызметтер көлемі 6,4%-ға өсіп, 535,4 миллиард теңгені құрады, мемлекеттік қолдау есебінен 24,7 миллиард теңге сомасында. Қабылданған шаралардың арқасында жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2021 жылғы                              қаңтар-қыркүйекте 21,4%-ға дейін ұлғайды.

Бөлшек сауда айналымы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 4,5%-ға, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемінің 1,1 есе өсуі есебінен ұлғайды. Көтерме тауар айналымы – 6,0%-ға (309,1 миллиард теңге). Төтенше жағдай режимі, коронакризис жаңа қызмет түрлерінің – азық-түлік пен тауарларды жеткізу, интернет-сату дамуына әсер етті. Электрондық сауданы дамыту мақсатында 42,9 мың кәсіпкерлік субъектілері онлайн кассалық аппараттармен жабдықталған. Онлайн-қызмет көрсетуге                91 кафе, 72 асхана, 39 азық-түлік дүкені мен супермаркет, 93 азық-түлік емес дүкен көшті. Нәтижесінде интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 3,0 миллиард теңгені, көтерме сауда – 2,6 миллиард теңгені құрады.

Жүк айналымының көлемі 8,0%-ға, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер 0,5%-ға өсті.Сонымен қатар, жүк тасымалы 3,6%-ға, жолаушылар айналымы 10,2%-ға қысқарды. Байланыс қызметтерінде өсім 14,5%-ды құрады, бұл ұялы байланыс Интернет желісі қызметтерін пайдаланушылардың өсуі есебінен (1,2 есе).

Әлемдік сұраныстың төмендеуі тауарлардың экспорты мен импортына теріс әсер етті. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 47,0%-ға немесе                        262,5 миллион АҚШ долларына өсім тіркелген, оның ішінде 65,7 миллион АҚШ доллары (11,4%-ға) сомасына тауарлар экспортталған, 196,8 миллион АҚШ долларына (64,5%-ға) импортталған. Сальдо 131,1 миллион АҚШ долларын құрап, теріс қалыптасты.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 28,3%-ға, оның ішінде экспорт –19,4%-ға, импорт –33,0%-ға, Ресеймен тауар айналымының өсуі есебінен 1,4 есе ұлғайды. Тауарлар экспортының көлемі Арменияға –75,0%-ға, Белорусқа – 77,2%-ға, Қырғызстанға –17,7%-ға қысқарды.

Инвестиция көлемі 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында                         409,9 миллиард теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне 113,4% құрады. Өсім Жамбыл ауданында құрылысы жоспарланып жатқан жаңа тұрғын үйлерге ИКИ жүргізуге, жаңа тұрғын аудандарының жоспарлы құрылысына ИКИ құрылысына инвестицияларды тарту есебінен қамтамасыз етіледі; газбен қамтуға, елді мекенішілік қиыршық тас жолдарды салуға, Аса ауылында Абай көшесінің бойында көппәтерлі тұрғын үй салуға, республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автожолын және                        «Құрту-Бұрылбайтал» автожолын қалпына келтіруге инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 215,6 млрд. теңгені немесе
2020 жылдың тиісті кезеңіне 112,9% құрады. Өсім Тараз қаласында                       200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы,                       15 шағын мөлтек ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, Мойынқұм ауданында Батыс Еуропа-Батыс автомобиль жолын реконструкциялау, Талас ауданында Қаратау қаласы үшін Көктал су құбырының құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.

2021 жылы тұрғын үй құрылысына бюджеттен 21,8 миллиард теңге бөлінді, жалпы ауданы 313,8 мың м2 құрайтын 4481 пәтерлі 76 көп қабатты үй салынды («Нұрлы жер» аясында - 20,3 миллиард теңгеге 74 үй, «Жұмыспен қамту» аясында - 1,5 миллиард теңгеге 2 үй).

Жыл қорытындысымен 41 көпқабатты үй пайдалануға беріліп 2241 отбасы баспанамен қамтылды (о.і. 960 пәтерлі 13 кредиттік және 1281 пәтерлі 28 арендалық үй).

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен бөлінген 921,3 млн. теңгеге 94 пәтер сатып алынды.

Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 704,7  мың ш.м құрап,   немесе 2020 жылдың тиісті деңгейіне 114,1%.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 2021 жылы                            3,3 миллиард теңге сомасына 73 үй жөнделді, оның ішінде 57 үй республикалық бюджеттен (2,7 миллиард теңге), 8 - жергілікті (0,4 миллиард теңге), 8 - қайтарымды қаражат есебінен (0,3 миллиард теңге) қаржыландырылды. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 54,4%-дан 49,6%-ға дейін төмендеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен  267 ауылдық елді мекен немесе АЕМ жалпы санының 72,7% қамтамасыз етілді. Қалаларда орталықтандырылған ауыз суға қолжетімділік 419 мың адамды (91,0%), ауылдық елді мекендерде – 612,2 мың адамды (88,8%) құрады.

Орталықтандырылған газбен 237 елді мекен (63,9%) немесе 968 мың адам (84,2%) қамтамасыз етілді, оның ішінде облыс қалаларында 435,3 мың адам (95,33%), ауылдық елді мекендерде – 69,2%.

Автожол саласын дамытуға 2021 жылы облыстық және аудандық маңызы бар 214,2 км автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге                            6,1 миллиард теңге игерілді, олардың есебінен 3,6 км жол салынды және 214,2 км жол орташа жөнделді. Оның ішінде 177,9 км – облыстық маңызы бар автожолдар (3,6 км құрылыс; 174,3 км орташа жөндеу), 36,3 км аудандық маңызы бар автожолдар. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 95%-ға дейін жеткізілді.

Тараз қаласының қоғамдық көліктерінде «Tulparcard» электронды билеттеу енгізілді, онда 232 стационарлық және 342 мобильді терминал орнатылды. Электрондық билеттеу жүйесі шеңберінде билеттер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінің транзакциясы 98%-ды құрап, 53 жаңа жұмыс орны ашылды.

2021 жылғы желтоқсандағы  инфляция деңгейі 8,1% - ды құрады.                  Азық - түлік тауарларының бағасы 9,7% - ға, азық-түлік емес тауарларға - 8,0% - ға, ақылы қызметтер - 6,3% - ға көтерілді.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен                  0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 8,4%).

Әлеуметтік сала. Басты басымдықтардың бірі жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттыру болып табылады.

2021 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 58078 адам  қамтылды. Бос жұмыс орындарына 30195 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1516, жастар практикасымен - 2107 ақылы қоғамдық жұмыстарымен 11085 адам қамтылды, қысқа мерзімді оқытудан өткені 1322, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғаны - 4627 адам. Жалпы, жұмыспен қамту органдарына жүгінген 54338 адамның 37680-і жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыс бойынша 38752 жаңа жұмыс орындары құрылды (оның ішінде тұрақтысы - 18998,                    уақытша - 19754), оның ішінде Жұмыспен қамту жол картасы аясында - 725 жұмыс орны, онда 9,5 млрд.теңге сомасына 29 жоба іске асырылды.

Алайда, қалыптасқан жағдайға байланысты, өндірістік белсенділік еңбек нарығының кейбір көрсеткіштеріне теріс әсер етті. Жұмыс күші `1157 адамға азайып, 528332 адамды құрады, жұмыспен қамтылған халық саны                        1144 (502660) адамға. Жұмыссыздар саны 13 адамға (25672) төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% - ды құрады.

Бұл ретте, жалдамалы жұмыскерлердің 1223 адамға (333 848) өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының 2367 адамға (168 812) төмендеуі байқалады.

Халықты әлеуметтік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында 2021 жылдың 4 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды  тұлғалауда  27,5% – ға, нақты 17,4% - ға ұлғайып, 215285 теңгені құрады.

Еңбекақыдағы айырмашылықтар экономикалық қызметтің түрлі салаларындағы  қызметкерлерге тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы қаржы және сақтандыру қызметте - 287814 теңге, ең төменгі шамасы - ауыл, орман және балық шаруашылығында - 113822 теңге белгіленді. Ең жоғарғы еңбекақы Қордай ауданында байқалады - 273 662 теңге, ең төменгі Талас ауданында – 174 049 тенге.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы   2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда   номиналды тұлғалауда              11,5% -ға, нақты 2,7%- ға өсіп, 96123 теңгені құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі облыс бойынша 5,3% құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмен.

2021 жылы облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.

Білім беру саласында облыстың жұмыс істеп тұрған 562 мектепке дейінгі ұйымдарында (431 балабақша мен 131 шағын орталық)  57,1 мың бала қамтылды. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметімен қамту 100%-ды құраса, 1-6 жас – 91,5%, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Облыстың барлық 443 мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен                   4 оқушыны құрайды. 371 мектепте 2452 интерактивті тақта орнатылған, барлық 443 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).

2022 жылдың 3 айында облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.

184,1 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі - 106,2%. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 4,8%-ға                               (126,7 миллиард теңге), электр энергиясымен жабдықтау 24,4%-ға                            (35,2 миллиард теңге) ұлғайды.

Индустрияландырудың 3 кезеңі аясында 2022 жылы 758 жаңа жұмыс орнын құрумен құны 56,6 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ірі жобалар болып табылады: «Қазфосфат» ЖШС-гі – құны 45,6 миллиард теңге, жылына 1 миллион тоннаға дейін минералдық тыңайтқыштар өндіру, 300 жаңа жұмыс орнын құру; «Alina Group»                      ЖШС-гі - күнжара плиталарын, құрылыс мақсатындағы сылақтар мен желімді, құрылыс гипсін өндіру, құны 7,3 миллиард теңге, 320 жаңа жұмыс орындарын құрумен, қуаттылығы - 107,7 мың шаршы метр плиталарды,       147,8 мың тонна сылақ пен желімді, 31,7 мың тонна гипсті жылына өндіру; «Қаратау ПРО» ЖШС-гі - ұсақ түйіршікті толтырғыштар шығаратын жұмыс істеп тұрған зауыттың өндірістік қуатын арттыру, құны - 1,1 миллиард теңге, 25 жаңа жұмыс орындарын құра отырып, қуаты - жылына 127 мың тонна ұсақ түйіршікті толтырғыштар шығаратын жұмыс істеп тұрған зауыттың өндірістік қуатын ұлғайту.

Бұдан басқа, қуаты 13,5 МВт баламалы электр энергиясын өндіру бойынша жобалар іске асырылуда (1 және 2-кезең Шенгелді жел электр станциясының, Новатек жел электр станциясының құрылысы).

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 2022 жылы 16,1 миллиард теңге субсидия бөлінді                           (оның ішінде республикалық бюджет – 5,8 миллиард теңге, облыстық – 10,3 миллиард теңге) оның 01.04.2022 жылғы жағдайға 2,8 миллиард теңгесі игерілді.

Мал шаруашылығы көлемін 37,5 миллиард теңгеге дейін ұлғайту есебінен жалпы өнім көлемі 2021 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,1%-ға өсіп, 38,0 миллиард теңгені құрады.

Өсімдік шаруашылығында егіс алаңын 9,2 мың га ұлғайту және 760 мың га дейін жеткізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы дақылдары 239,3 мың га егілді, оның ішінде дәнді масақты дақылдар – 158,5 мың га.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында                26,6 мың тонна ет (тірі салмақта) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 99,5%, сүт – 54,0 мың тонна (101,5%), жұмыртқа – 26,7 млн.дана (94,6%) өндірілді. ІҚМ саны 5,2%-ға (533,9 мың бас), қой – 6,4%-ға (3356,8 мың бас), жылқы – 9,6%-ға (165,8 мың бас), құс – 23,8% ға (2142,1 мың бас) өсті.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2022 жылғы 1 сәуірге 73,6 мың бірлікті немесе 105,3%-ды құрады. Тіркелген субъектілердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОБ үлесі 82,8%-ды құрайды.

Бөлшек сауда 3,3%-ға, көтерме сауда 2,7%-ға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк айналымы 8,4%-ға, жолаушылар айналымы 21,2%-ға ұлғайды.  Байланыс қызметтерінің көлемі 2,7%-ға төмендеді.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда айналымы                       55,3 миллион АҚШ долларын немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге 116,7%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 17,3 миллион АҚШ доллары (110,2%), импорты – 38,0 миллион АҚШ доллары (119,9%). Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 2,0%-ға, оның ішінде импорт 4,8%-ға ұлғайды. Экспорт 19,5% ға төмендеді.

Инвестиция көлемі 2022 жылдың қаңтар-наурызында 63,1 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 113,0% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы                         100 оқушыға арналған жапсарлас құрылысына, Жамбыл ауданында күн электр станциясын салуға, Талас ауданында "TALAS INVESTMENT COMPANY" ЖШС жабдықтарын сатып алуға тартылған инвестициялар есебінен ұлғайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,7 млрд. теңгені немесе
2021 жылдың тиісті кезеңіне 116,2% құрады.

Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 118,0  мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 105,1% құрады.

2022 жылы құны 24,4 млрд. теңгеге (20,9 млрд.тг. - құнды қағаз;                            2,9 млн.тг. – РБ арендалық үй, пилоттық жоба - 0,6 млн.тг.) 4 388 пәтерлі                             68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізу жоспарлануда.                             Оның 680 пәтерлі 11 арендалық, 3 648 пәтерлі 56 кредиттік және 60 пәтерлі                             1 пилоттық жоба.

Жыл қорытындысымен 3120 пәтерлі (218,4 мың шм) 47 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде (680 пәтерлі 11 арендалық, 2440 пәтерлі                                     36 кредиттік).

Аудандық бюджет қаражаты есебінен (сметалық құны 34,8 млрд теңге) 2870 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйдің 49 жобасын іске асыруға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бүгінге, тұрғын үй саясатының өзгеруіне байланысты аталған жобалар қолдау таппауда                   (Байзақ ауданы-10 үй; Жамбыл ауданы-4 үй; Жуалы ауданы-11 үй; Қордай ауданы-5 үй; Меркі ауданы-5 үй; Мойынқұм ауданы-4 үй; Шу ауданы-3 үй; Талас ауданы-4 үй; Т.Рысқұлов аудан-1 үй; Сарысу ауданы-2 үй.).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін                          2022 жылы 31 (Нұрлы жер) сумен жабдықтау объектісінің құрылысына (ауыспалы 6 объект, жаңа 25 объект) 13,5 миллиард теңге көзделген.                    Оның ішінде 24 жоба жыл соңына қарай, 7 жоба 2023 жылға қарай аяқталады. Бөлінген қаражат көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 22,7%-ға ұлғайды.

Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша Тараз қаласында 6 тұрғын алабында (Тектұрмас, Жиделі, Көлтоған, Қызылабад, Қарасай, Казарма)    6,4 мың адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады, қамту 92,3%-ды немесе 425,4 мың адамды құрайды. 13 ауылдық елді мекенде 33,5 мың адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі                     (93,6% немесе 645,7 мың адам).

Бұдан басқа, республикалық бюджетті нақтылау кезінде қалалар мен ауылдық елді мекендер бойынша 16 жобаға 7,6 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 17 ауылдық елді мекен бойынша 14 жоба, Шу қаласы бойынша                      2 жоба.

Нәтижесінде қалаларда ауыз сумен қамтамасыз ету 94,5%-ды немесе      435 мың адамды, ауылдық елді мекендерде – 95,1%-ды (656,3 мың адам) құрайды.

2022 жылы 18 газдандыру нысанының құрылысына 8,7 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 9 нысан 2022 жылы аяқталады, 9 нысан – 2023-2024 жылдарға өтпелі. Нәтижесінде қамтамасыз етілу деңгейін 89,5%-ға                      (1029 мың адам) жеткізу жоспарлануда.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және салуға 2022 жылы республикалық (3,6 миллиард теңге) және облыстық бюджеттерден (2,6 миллиард теңге) қоса қаржыландыру есебінен 29 жобаны іске асыруға 6,2 миллиард теңге бөлінді. 298 км орташа жөндеу жүргізу және автомобиль жолдарын салу жоспарлануда. Барлық объектілер бойынша Мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді, олардың нәтижелері бойынша шарттар жасалды, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады.

2022 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы инфляция 2021 жылғы желтоқсанға 5,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарлар бағалары                                   9,7%-ға, азық - түлік емес тауарлар - 3,3%-ға,  ақылы қызметтер - 1,4%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР – 5,2%).

Әлеуметтік сала. 2021 жылғы қаңтар-наурызында 5490 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты – 553, уақытша - 4937). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 9365 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 4404 адам жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орындарымен 891 адам, жастар практикасымен - 415 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 3616 адам қамтылды. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген 12693 адамның 9236-ы жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2022 жылдың 1 тоқсанында 219985 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 24,4%-ға, нақты - 13,7%-ға артты.

Білім беру саласында облыстың жұмыс істеп тұрған 562 мектепке дейінгі ұйымдарында (431 балабақша мен 131 шағын орталық)  57,7 мың бала қамтылды. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметімен қамту 100%-ды құраса, 1-6 жас – 91,4%, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Облыстың барлық 444 мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен                   4 оқушыны құрайды. 372 мектепте 2468 интерактивті тақта орнатылған, барлық 444 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).

Облыс тұрғындары үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек, әсіресе кардиохирургия, урология, балалар хирургиясы және пульманология қызметтері қолжетімді. Халықтың нысаналы топтарына скрининг белсенді жүргізілуде. Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық және дәрілік көмек қамтамасыз етіледі.

Өңірлік даму. Ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту «Ауыл-Ел бесігі» жобасы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде ұлттық стандарттар жүйесіндегі тірек және спутниктік ауылдарды дамыту есебінен жүзеге асырылады.

Ауылдық елді мекендерді анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес даму әлеуеті бар 238 ауыл іріктелді (67 тірек және 171 спутниктік).

2021 жылы 67 ауылдық елді мекенде 8,7 миллиард теңгеге сомасына  119 жоба іске асырылды, 400-ден астам жұмыс орны құрылды.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 82 елді мекенде                         (38 тірек, 43 спутниктік, 1 Стратегиялық) 12,4 млрд. теңге Ұлттық қоры қаражаты есебінен 149 жоба іске асыру жоспарлануда (в т.ч. кепілдендірілген трансферт - 6,2 млрд. теңге).

Сондай – ақ, Ауыл - Ел бесігі» жобасын іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында даму әлеуеті жоғары АЕМ тізбесін өзектендіру бойынша және ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындау өлшемшарттарын қайта қарау жұмыстар жүргізілуде.

  1. Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басым бағыттары

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2023-2027 жылдары өңірдің экономикасы мен әл-ауқатының тұрақты өсуіне бағытталған«Қазақстан - 2050» стратегиясы, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі»пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты жарияланды және 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдаулары,  Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары мен Ұлттық даму жоспары, сондай-ақ ұлттық жобалар және т. б. негізінде бағдарланған қағидаттары арқылы орындалатын болады.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету:

- фискалдық орнықтылық, тиімді монетарлық саясатты іске асыру, ынталандырушы салық саясатын қалыптастыру, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы қамтамасыз ету;

- теңгерімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында                    ақша-кредит саясаты шеңберінде инфляцияны 2023 жылы 4-6%-ға,                            2024 жылы 4-5%-ға, кейіннен 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін біртіндеп төмендету көзделіп отыр.

Апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі практиканы жалғастыру, көтерме (коммуналдық) және бөлшек сауда азық-түлік базарлары мен сауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен молықтыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыру есебінен.

Экономика салаларын дамыту арқылы:

- инновацияларды және цифрландыруды енгізе отырып, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасын іске асыру, шикізаттық емес экспорттыжәне жергілікті қамтуды ұлғайту шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің (химия, тамақ, құрылыс индустриясы, металлургия және фармацевтика) өсуі есебінен өнеркәсіптік әлеуетті дамыту;

- ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін терең қайта өңдеу және оның экспортын арттыру, жобаларды одан әрі іске асыру, саланы цифрландыру, АӨК дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру есебінен ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру;

- отандық және шетелдік инвестицияларды тарту есебінен инвестициялардың өсу қарқынын жеделдету, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, бизнес үшін тұрақты және ауыртпалық салынбайтын жағдайларды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдарын қолдану;

- шағын және орта бизнесті дамыту және оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесін ұлғайту, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, жаңа тауашаларды қалыптастыру, өз ісін ашу үшін жағдайлар жасау, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту, кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ауыл кәсіпкерлері үшін нақты қолдау алу;

-сауда байланыстарын нығайту және дамыту экспортты ұлғайту, ЕАЭО шеңберінде еркін сауда аймақтарын ашу, жаңа тауарлар экспортын ұлғайту;

-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту үшін қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, ТКШ мен тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі жобалар іске асырылады, жеңілдікті қарыздар шеңберінде тиімді әлеуметтік қолдау көрсетіледі, тұрғын үйдің қолжетімділігін 1 адамға 30 шаршы метрге дейін арттыру;

- көлік-логистикалық кешенді дамыту және зияткерлік көлік жүйесін енгізу, автомобиль жолдарының сапасын арттыру, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде транзиттік жүк ағындарының көлемін ұлғайту;

- экологиялық жағдайды жақсарту, орман қорында және елді мекендерде ағаштар отырғызу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру, «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы шеңберінде қолайлы өмір сүру ортасын құру;

- «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, цифрлық технологияларды жедел енгізу арқылы цифрландыру мен инновациялық экономиканы дамыту.

Теңгерімді өңірлік даму арқылы:

- «өсу нүктелерін» дамыту және өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өмір сүрудің базалық сапасын қамтамасыз ету жолымен облыстың даму әлеуетін іске асыру негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру;

- елді мекендерді ірілендіре отырып, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану, моно - және шағын қалаларды, дамыған инфрақұрылым құра отырып, перспективалы тірек және спутниктік ауылдарды дамыту, функционалдық қалалық аудандарды дамыту арқылы сапалы урбандалу;

– «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберіндеіске асыру жолымен ауылдарда дамыған инфрақұрылым құрумен озық өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану.

Адами капиталдың сапасын арттыру арқылы:

- білім беру сапасын жетілдіру және арттыру, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту, педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту;

- білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, оның ішінде жеке бастамалар есебінен жаңа нысандар салу және құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту;

- сапалы медициналық қызметтерге қолжеткізуді қамтамасыз ету және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру, әсіресе ауылдарда;

- жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге және зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру.

  1. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары:

3.1 Бюджет-салық саясаты

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты экономиканың өсуін ынталандыруға және қолдауға, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге және орнықтылығын нығайтуға, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Адами капитал сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, ғылым мен денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.

Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік бағдарламаларды 2025 Стратегиялық жоспарының басымдықтары мен міндеттеріне ірілендіру жалғастырылады, сондай-ақ стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторлары мен бюджет шығыстарының үздік үйлесімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жаңа форматы енгізіледі.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.

Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Жекешелендіру және мемлекет қатысатын кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беруде бюджеттің шығыс бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Жоспарлы кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

2023-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын ескере отырып облыстың бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) болжам бойынша 2023 жылға 96,9 млрд теңгеден 2025 жылы 107,0 млрд теңгеге дейін өседі.

Бюджет кірістерінің өсуі негізінен облыстың бюджет кірістерінің орташа 88,6%-ын құрайтын салық түсімдерінің ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады.

Болжам бойынша салық түсімдерінің өсу қарқыны өткен жылға қарағанда 2023 жылы – 104,9%, 2024 жылы – 105,0%, 2025 жылы – 105,6% құрайды.

Тұтастай алғанда, облыстың бюджет түсімдері жалпы көлемінің           2023 жылғы 471,5 млрд теңгеден 2025 жылы 481,7 млрд теңгеге дейін немесе 102,2%-ға өсуі болжануда. Облыстың бюджет түсімдеріндегі кірістер үлесі (трансферттерді есепке алмағанда) 2023 жылғы 105,3%-дан 2025 жылы 105,5%-ға дейін ұлғаяды.

2022 жылға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер                  364 887 488,6 мың теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансфертер - 131 391 541,6 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері - 39 042 043,0 мың теңге.

2022 жылға субвенция көлемі  - 194 453 904,0 мың теңгені құрайды.

 

 

 

Атауы

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Түсімдер

471,3

471,5

476,1

481,7

Салықтық түсімдер

81,8

85,8

89,7

94,7

Салықтық емес               түсімдер

3,1

3,6

4,0

4,2

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

7,1

7,5

7,8

8,2

Трансферттер түсімдері

364,9

364,9

364,9

364,9

Шығыстар

466,7

466,7

466,7

466,7

Шоғырландырылған бюджеттің болжамы, млрд теңге

млрд.теңге

 

3.2 Инфляция деңгейін тежеу

Инфляциялық процестерді тежеу және әлеуметтік маңызы бар                  азық-түлік тауарларына бағаны төмендету мақсатында тұрақты негізде бағалар мониторингі жүзеге асырылады, ішкі нарықты ең төменгі сауда үстемесімен азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша сауда кәсіпорындарымен меморандумдар жұмыс істейді.

Әлеуметтік-азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті бағалардың мөлшерін белгілеу практикасы жалғасатын болады.

Ішкі тұтыну нарығын отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен толықтыру және импортты алмастыру бойынша шаралар қабылдануда.

Тұтыну бағаларына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіппен қадағаланатын және бәсекелес ішкі нарықтардың дамуын, бағалық сөз байласуға және жосықсыз бәсекелестікке қарсы күресті ескере отырып, халық тұтынатын тауарларға бағаларды тежеу жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

Азық-түлік нарығын реттеу және бағалардың алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ маусымдық ауытқуларды тегістеу үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі жұмыс жалғасады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, облыс орталығы мен аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жұмыстары жалғасатын болады.

3.3 Экономика салаларын дамыту

Өнеркәсіп. Өнеркәсіпті дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы шеңберінде жалғасады.

Облыстың басым өнеркәсіп саласы өңдеуші өнеркәсіп болып қала береді. 2028 жылға дейінгі кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру индустриялық мамандану болып қала береді. Фармацевтика өнеркәсібі әлемде коронавирустың пайда болуымен дамуда.

Облыс экономикасының жай-күйі мен серпінді дамуының жақсаруына индустриялық-инновациялық дамудың үшінші бесжылдық бағдарламасын іске асыру ықпал ететін болады, оның шеңберінде 7,0 мың жаңа жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялар көлемі 1,7 триллион теңгеден асатын 54 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Химия саласы экономиканың басым саласы болып қала береді.                       Бұл фосфорлы шикізаттың елеулі қорларымен, фосфориттерді одан әрі әзірлеумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемдерін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, жаңа өндірістердің ашылуымен түсіндіріледі («Қазфосфат» ЖШС-гі,«ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС-гі, «Тараз»«Химиялықпаркі»,«Талас InvestmentCompany» ЖШС-гі).

Қаратау қаласында қуаты жылына 1,4 миллион тоннадан астам кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС ірі жобасын іске асыру жүргізілуде. Инвестициялардың жалпы көлемі 356,5 миллиард теңгеден асады, 2000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бірінші кезеңде тау-кен кешені іске қосылды, Ресей мен Қазақстан арасында жобаның 2 кезеңін жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, өңірде түрік инвесторының қатысуымен құны                      123,5 миллиард теңге болатын, қуаты 400 мың тонна болатын, 250 жаңа жұмыс орнын ашатын «QazaqSoda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Азық-түлік өнімдерін өндіруде 207,8 миллиард теңге сомасына                        12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Құны 68,6 миллиард теңгеден астам етті құс шаруашылығын дамыту бойынша 170 жаңа жұмыс орнын құрумен ірі жоба («Алель-Агро» ЖШС), сондай-ақ, 209 жаңа жұмыс орнын құрумен 20,4 млрд.теңгеге бақша дақылдарын, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу («Қарағанды-АгроИнвест» ЖШС) 2023 жылға жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2024 жылы 300 жаңа жұмыс орнын құрумен 93,0 млрд.теңгеге қант зауытын («Qazsugar Со» ЖШС) салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Металлургияда 960,2 миллиард теңге сомасына 12 инвестициялық жоба салу жоспарлануда, олардың ішіндегі ең ірілері болып табылады: «Monterra Qazaqstan» ЖШС - алтынды игеру жөніндегі тау-кен металлургия комбинаты, инвестиция көлемі 832 миллиард теңге, қуаты 10 мың кг «Доре» қорытпасындағы алтын, 600 жаңа жұмыс орнын құрумен; «Zhanashyr Project» ЖШС – «Жайсан» кен орнын өнеркәсіптік игеру бойынша, құны 67,6 миллиард теңгеге, қуаты жылына 600 мың тонна, 300 жұмыс орнын құрумен;

Облыста жиынтық қуаты 163,8 МВт дейінгі гидро-, жел- және күн электр станцияларын (күн – 50 МВт, гидро – 13,8 МВт, жел – 100 МВт) салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы. Еңбек өнімділігін арттыруға; отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуге; қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі есебінен АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайтуға; ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыруға және инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған АӨК дамытудың Ұлттық жоспары ауыл шаруашылығын дамытудың негізі болып табылады, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімдерінің көлемін ұлғайту.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша жоғары нәтижелер алу, заманауи технологияларды енгізу, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Нәтижесінде, 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі жыл сайын 2%-ға ұлғаяды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі (ағымдағы орташа жылдық өсу 3-4%), ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейту есебінен көкөніс, рапс, соя, жүгері, құлпынай және таңқурай өндірісін ұлғайту жоспарлануда. Мал басы 110 мыңға және құс басы 102 мыңға өседі, балық, ара өсіретін шаруашылықтарды дамыту жалғасады.

Егістік алқаптарын кеңейту, сондай-ақ пайдаланылмайтын егістік алқаптарды айналымға тарту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру қамтамасыз етілетін болады. Келешекте 28 мың гектардан 30 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қант шикізатын өндіру стратегиялық маңызды сала болып табылады.                2028 жылға қарай қант қызылшасын өсіру алаңын 15 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, аймақта бақтар белсенді түрде өсіріледі, оның ішінде қарқынды технология арқылы. Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту қазіргі заманғы мал шаруашылығы шаруашылықтарын құру, асыл тұқымдық базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдарын және қайта өңдеу кәсіпорындарын салу негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Экспортқа бағдарланған өнімдердің (бидай – Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз – Польша, Өзбекстан; картоп – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа – Тәжікстан, Өзбекстан; мақсары майы – Германия,Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай, макарон өнімдері – Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан, ет және субөнімдер – Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт) сыртқы нарықтарын дамыту жоспарлануда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыста 3 су қоймасын(«Ақмола», «Ырғайты», «Қалғұты») салу жоспарлануда.

Бұдан басқа, механикалық жасақ, 7 жаңа су қоймасын салу, суару каналдары мен дренаж жүйелерін реконструкциялау арқылы суармалы жерлерді қосымша қалпына келтіру жоспарлануда. Нәтижесінде, суармалы жерлер 177 мың гектардан 182,4 мың гектарға дейін кеңейеді.

Жыл сайын жәрмеңкелер ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізу, әлеуметтік павильондарды ұлғайту жоспарлануда.

Туризм. Туризм саласы экономика дамуының басым драйверлерінің бірі болып табылады. Коронавирус Пандемиясының жағдайы туризм индустриясына өз түзетулерін енгізді. Халықаралық қатынастарды тоқтата тұру, туристік ағындарды шектеу ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік берді.Әлемдік саяхатқа әсер еткен жағдайды назарға ала отырып, ішкі туризмді дамытуға бағытталған дағдарыстан кейінгі шаралар әзірленді.

Соңғы жылдары облыста ірі туристік аймақтарды салу, орналастыру орындарының санын ұлғайту, демалыс орындарын абаттандыру және көгалдандыру, ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейту есебінен туристік ағындар өсуінің оң серпіні байқалады.

Облыста үш туристік аймақ жұмыс істейді: «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені және «Каралма» тау шаңғысы курорты.

Облыста ішкі және келу туризмнің одан әрі дамуыҚазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Жамбыл облысының 2020-2022 жылдарға арналған туризмді дамытудың Тұжырымдамалық жоспары шеңберінде іске аспақ.

Туризмді одан әрі дамыту үшін:

- 2028 жылға дейін тарихи-археологиялық және экологиялық туризм бойынша жаңа туристік бағыттарды әзірлеу;

- 2028 жылға дейін креативті шешімдер, цифрлық және ақпараттық технологиялар көмегімен облыстың туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Нәтижесінде, өңірге Қазақстандық және шетелдік туристер ағыны жылына орта есеппен 20 мың адамға ұлғайтылатын болады.

Құрылыс. Тұрғын үйдің қолжетімділігін, жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру бойынша жұмыс                «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламалары сондай-ақ, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасышеңберінде жалғасады.

2025 жылға дейін 153,4 миллиард теңге сомасына 524бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Көлік. Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстың елді мекендері арасындағы көлік байланысын дамытуға және жақсартуға бағытталатын болады. Жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады, жаңа технологиялар енгізіледі. Жұмыс көлік – транзит секторының жетекші рөлін бекітуге, сондай-ақ өңірлер арасында да, өңірлер ішінде де елдің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде жалғасады.

Облыс автомобиль жолдарының дамыған желісіне ие 2028 жылға дейін облыстың барлық аудандарында автожолды (822,5 шқ облыстық маңызы бар жол, 398,2 шқ аудандық маңызы бар жол) салу, реконструкциялау және орташа жөндеу есебінен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Тасымалдау сапасын арттыру мақсатында автобус паркін жаңарту жоспарлануда (жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алу), ол 2028 жылға қарай 100,0%-ға дейін ұлғаяды.

Байланыс. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымда экономика саласында зияткерлік жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын жаппай енгізу, ауылда электрондық мемлекеттік қызметтерді алу, 3G және 4G технологиялары бойынша ұтқыр байланыс қызметтерін дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік арқылы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Базалық салалар кәсіпорындарын (қаржы секторы, мемлекеттік сектор, қалалық инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және басқалар) автоматтандыру және цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады.

Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында 250 және одан да көп адам саны бар барлық елді мекендерде интернет сапасын арттыру бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін болады. Ұялы байланыс пен интернетке қолжетімділіктің жаңа буын технологиялары дамитын болады. Урбандалу мен экономикалық орындылықты ескере отырып, халқының саны 250 адамнан кем қалған ауылдарды Интернетке қосу пысықталатын болады.

Сауда. Ішкі сауданы дамыту сауданың қазіргі заманғы форматтарын дамыту, жұмыс істеп тұрған сауда нарықтары инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, электрондық сауданы жетілдіру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Сауда саласын дамыту жөніндегі жұмыс «Бастау Бизнес» бойынша кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы шеңберінде сауда инфрақұрылымының қазіргі заманғы форматтарын құру және көп форматты сауда объектілерін ұлғайту бойынша жалғастырылатын болады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру,шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импорты мен экспортын әртараптандыру, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілердің сауымына қолайлы жағдайлар жасау түйінді міндеттер болып айқындалады.

Облыста 3 көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізілуде   (Тараз қаласы, Байзақ және Шу аудандары). «Қайқармет», «Нұралы», «Ауыл-Береке», «Жібек жолы», «Ысты», «Салтанат» сауда базарларын жаңғырту  жоспарлануда.

3.4 Бизнес-ахуал мен инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Кәсіпкерлікті дамыту облыс экономикасының әл-ауқатына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Ұлттық жобалар, «Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасы», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Инвестицияларды тарту отандық және шетелдік инвестицияларға бағытталған. Іске асырылып жатқан инвестицияларды тартудың жаңа құралы бизнесті ұлттық экономиканы дамытуға инвестиция салуға ынталандыратын Стратегиялық инвестициялар туралы келісім.

Дауларды реттеу тетіктерін жетілдіру, оның ішінде АХҚО платформасын пайдалану, сондай-ақ әкімшілік рәсімдердің ашықтығы мен шынайылығы инвесторлардың заңнама тұрақтылығына деген сенімін арттырады.

Қазақстанның әлемдiк паспорт индексiндегi рейтингiн арттыру үшiн инвестициялардың көлемiне байланысты әр түрлi преференциялар беру жолымен Қазақстанда «алтын паспорт» қағидатын қолдану мүмкiндiгi қаралатын болады.

Бюджеттік инвестициялық саясат экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға, әлеуметтік, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі мемлекеттің бастамаларын аяқтауға бағытталатын болады. Экономикалық өсуге және жұмыспен қамтуға мультипликативті әсер ететін салалар бюджеттік инвестициялар үшін басымдылыққа ие болады:

  1. Экономиканың сабақтас салаларының экономикалық белсенділігін қолдау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.
  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту. МҚҰ-мен бiрлесiп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, ауыл шаруашылығын, көлiктi, логистикалық және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi жобалар қаржыландырылады.
  3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының объектiлерiн салу және жаңғырту, табиғи құбылыстар мен техногендiк апаттардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру есебiнен азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
  4. Білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм және жұмыспен қамту саласындағы ұлттық жобаларды қаржыландыру есебінен әлеуметтік саланы жаңғырту.
  5. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттiк функцияларды iске асыру, оның iшiнде цифрландыру саласындағы ұлттық жобаларды және бағдарламалық құжаттарды қаржыландыру есебiнен жүзеге асыру.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тартымдылығын арттыру мақсатында МЖӘ жобаларын жоспарлаудың, мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың және жеке әріптестерді іріктеудің ерекше тәртібін бекітуге қатысты түзетулер қабылданды.

3.5 Адами капиталдың сапасын жақсарту

Құрылымдық және институционалдық реформалар мен қайта құрулардың, сондай-ақ елдің ұзақ мерзімді сапалы дамуының басты ресурсы жоғары білікті адами капитал болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясат «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаларына және т.б. сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Білім беру саласында білім алушының тұратын жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, білім берудің қолжетімділігіне, теңдігіне және сапасына ерекше назар аударылатын болады.

Балаларды 100% қамтуды қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үлкен маңызға ие болады. Оқытудың негізгі нысаныдәстүрлі нысан болып табылады, бұл ретте жеке тәртіп бойынша қашықтықтан оқытуға рұқсат етіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде жеке меншік балабақшалар мен шағын орталықтар салу және ашу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту арқылы инфрақұрылымды кеңейту жалғасады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 3-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды сақтау жоспарлануда,                          1-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 92,8%-ға дейін жеткізіледі.

Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін үш ауысымда оқытатын мектептердің орнына жаңа мектептер салынады және мектептерге күрделі жөндеу жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік берген алғашқы жұмыс кәсібін тегін алу, оның ішінде оқу орталықтары мен колледждер базасында барлық ниет білдірушілерді курстық даярлау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында дуальді оқытудың негізгі қағидаттары мен білім беру бағдарламаларын енгізу жалғастырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық қолжетімді медициналық көмек көрсетуге және сапалы, қауіпсіз дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

- нәресте өліміне жол бермеу;

- ана өліміне жол бермеу;

-алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына мобильді бригадаларды енгізе отырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін 100% - ға дейін арттырып, медициналық жабдықтар сатып алу, оның ішінде жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі үшін;

-3 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу(Тараз қаласында облыстық көп салалы аурухана, Байзақ ауданында аудандық емхана және Қордай ауданында емханасы бар аудандық орталық аурухана).

Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарының санын ұлғайту, аз қамтылған және көп балалы азаматтарды қолдау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтарын, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған дағдарыс орталығынашу жоспарлануда.

Еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыру, экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында,жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының,техникалық, кәсіптік білім берудің сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбек делдалдығының тиімді моделін құру үшін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы іске асырылуда.Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ өзге де адамдар жаппай оқыту және қажетті кәсіптер мен кәсіпкерлік негіздері бойынша дағдыларды дарыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау.

 Жұмыс іздеу, азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қолдау және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы, Еңбек биржасы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Пандемия кезінде Жұмыспен қамту жол картасы іске қосылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасын тиімді іске асыру халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен және экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар қосымша жұмыс орындарын, сондай-ақ елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл ел экономикасын қалпына келтіру үшін үлкен оң нәтиже береді.

Мәдениет саласында басты назар тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, театр, концерт және музей қызметін, киноиндустрияны дамытуға, сондай - ақ мәдениет саласындағы жас дарындарды қолдауға, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесіне, шығармашылық белсенділікке, танымал мәдени өнімді құру мүмкіндіктерінің бар болуына аударылатын болады.

  1. Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерініңболжамы

Экономиканың дамуына елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру негізгі серпін береді, олардың шеңберінде экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бұл еңбек өнімділігін, экспортқа бағдарланған өндірісті арттыру, Ұлттық жобаларды, ИИДМБ іске асыру арқылы өңдеуші өнеркәсіптің өсуі, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы тұрғын үйді іске қосуды ұлғайту. Шағын және орта бизнестің дамуына бизнес-ахуалды жақсарту, сондай-ақ БЖК 2025 іске асыру ықпал ететін болады.

Инвестициялық жобалар пулын іске асыру және инвестициялық ахуалды жақсарту ЖІӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесінің артуына ықпал ететін болады.

Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында анықталған                          2028 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді.

2027 жылға жалпы өңірлік өнімді 3,7%-ға арттыру көзделіп отыр. Жалпы өңірлік өнім 2027 жылы 2021 жылғы деңгейге нақты тұлғалауда 18,1%-ға артады.

2027 жылы орта мерзімді  инфляция деңгейін 3-4% дәлізде белгіленді.

2023-2027 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі шамамен 2,3%-ды құрайды.

2023-2027 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі жылына орта есеппен  4,9%-ға өсетін болады.

Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру еңбек ресурстарының сапалы өсуіне және орта мерзімді кезеңде жұмыссыздықты 4,7%-ға дейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы өсімнің оң серпініне ие болады және 2027 жылға қарай 257 062 теңгеге жетеді.

  1. 2023-2025 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері

5.1 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері экономиканың өсуін ынталандыру және қолдау, мемлекеттік қаржының теңгерімділігінқамтамасыз ету және орнықтылығын нығайту, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Алға қойылған мақсаттарға сүйене отырып, бюджетті шоғырландыру және бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету, әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау, фискалдық орталықсыздандыруды жалғастыру және ЖАО дербестігін арттыру орта мерзімді кезеңге арналған бюджет саясатының басымдықтары болады.

Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды тексеру және тиімсіз шығыстарды оңтайландыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Бұл ретте, экономикалық өсу деңгейіне байланысты бюджеттік параметрлер 5%-дан 20%-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілетін болады.

Бюджеттік инвестицияларды жоғары әлеуметтік-экономикалық қайтарымы бар жобаларға ғана шоғырландыру және жеке инвестициялар үшін тауашаларды босату арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғасады.

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын қолдану арқылы бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін күшейту жолымен қол жеткізілетін болады. Осы бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге ерекше назар аударылатын болады.

Салық саясаты шеңберінде салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру, оның ішінде сәйкессіздіктерді жою және салық салынатын базаны ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасады.

5.2 Бюджетаралық қатынастар

Бюджетаралық қатынастар 2020-2022 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар мен алып қоюлар) негізделетін болады.

Жалпы сипаттағы трансферттердің тұрақтылығы үш жылдық кезеңде сақталады.

2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындау қағидаларына сәйкес облыс және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамдары әзірленді.

5.3 Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары ҚР жалпыұлттық басымдықтарына сәйкес келеді және құлдырау жағдайында экономиканы қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру бірінші кезектегі бағыттар болып қалуда, оның ішінде:

  1. Халық табысының артуы мен аз қамтылған топтарын қолдауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
  2. Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және жаңғырту, адам капиталының сапасын арттыру;
  3. Сапалы денсаулық сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету, алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру;
  4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуды қолдау;
  5. АӨК тиімділігін дамыту және арттыру;
  6. Қайта өңделген өнімнің экспортын ынталандыру арқылы ШОБ-ты қолдау;

7.Көлік инфрақұрылымын дамыту;

  1. Экономика салаларын технологиялық жаңғырту және цифрландыру үшін жағдайлар жасау;
  2. Тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үйге, оның ішінде табысы төмен азаматтар үшін қол жетімділікті арттыру;
  3. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
  4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бюджет саясатын іске асырудың басым бағыттары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында, 2022 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында, сондай-ақ 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер болып табылады.

5.4 Жалпы ұлттық басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары

2023–2025 жылдарға арналған облыстық бюджетте AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында айтылған бастамаларды іске асыру шеңберінде мынадай бастамаларға шығындар көзделген:

 - әлеуметтік кәсіпкерлікті, отбасылық жұмыспен қамтуды дамытуды қолдау;

- кәсіпкерлердің ауылда жалға берілетін тұрғын үй салуға арналған шығындарын субсидиялау;

- әрбір қалада және ауданда отбасын қолдау орталықтарын құру;

- бірыңғай білім беру онлайн-платформасын енгізу;

- 2025 жылға қарай педагогтердің жалақысын 2 есе ұлғайту;

- 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе ұлғайту;

- сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алу үшін гранттар санын 50%-ға ұлғайту;

- «Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру;

- жастар ұйымдарының жобаларына және волонтерлік қозғалыстарды дамытуға гранттарды қаржыландыруды 1,5 есеге ұлғайту;

- әр өңірде аға буын адамдар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру;

- АӨК субъектілерін субсидиялау.

5.5 Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді, сондай-ақ AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы:                             Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындаайтылған бастамаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Қосымша қаржыландыру көздерін тарту үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру МЖӘ тетіктеріне қайта бағдарланатын болады.

Бюджеттік инвестициялар үшін экономика мен жұмыспен қамтудың өсуіне мультипликативтік әсері бар, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салалар басым болып табылады.

Бюджеттік инвестицияның негізгі бағыттары:

1) Экономиканың сабақтас секторларын дамыту және экономикалық белсенділікті сақтау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.

Осы бағыт шеңберінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы,«Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасы», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары және т. б. шеңберіндегі іс-шаралар басым қаржыландырылатын болады.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, су және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамыту арқылы өңірлік драйверлерді дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.

ШОБ өндірісінің көлемін сақтау және халықты жұмыспен қамту үшін БЖК-2025 іске асыру жалғасады.

3) Әлеуметтік саланы жаңғырту. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің желісін кеңейтуді қаржыландыру апатты мектептерді жою және үш ауысымдық білім беру проблемаларын шешу, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту есебінен жүзеге асырылады.

4) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және және мемлекеттік функцияларды іске асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатын шаралар басым қаржыландырылатын болады.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады.

Тек жоғарғы әлеуметтік-экономикалық қайтарылымды жобаларға бюджеттік инвестицияларды шоғырландыру және жеке инвестициялар тарту арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғастырылады.

Бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау принциптерін пайдалана отырып, бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі.  Бұл бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардағы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне ерекше көңіл бөлінетін болады.

Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ (1 кезең)
Дата публикации
30 мая 2022