Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында 321,0 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 108,0%-ды құрады.
Өсім өңдеу өнеркәсібінде - 6,9%-ға (227,5 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 22,0%-ға (52,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 0,4%-ға (2,4 млрд. теңге) өсім байқалады. Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнім көлемі 0,3%-ға (38,2 млрд. теңге) төмендеді.
2022 жылы 56,6 млрд. теңгеге 758 жаңа жұмыс орны құрылатын 7 жоба іске асыру жоспарлануда («Satellie GS» ЖШС - құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту; «Ерсад-2021» ЖШС - S (спанбонд), SS,SMS, MB (мельтблаун) типтегі тоқыма емес маталар өндіру қойма-цехының құрылысы; «Қордай жем» АӨК - өндірісті кеңейту, құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы; «Каратау Про» ЖШС - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Turan Industry» ЖШС - табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Alina Group» ЖШС - күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру), «Казфосфат» ЖШС - минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн.тонна жылына дейін жеткізу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 69,9 млрд.теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 101,2%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі - 1,1 млрд. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы - 68,8 млрд. теңге (НКИ - 101,2%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 16131,9 млн. теңге (о.і. РБ - 5781,5 млн. теңге, ЖБ - 10350,4 млн. теңге) субсидия бөлініп, 2022 жылғы 1 маусымына 8474,0 млн. теңге игерілді (о.і. РБ - 3 575,3 млн. теңге, ЖБ - 4 898,7 млн. теңге).
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында егіс алаңын 12,5 мың га ұлғайту және 763,5 мың га дейін жеткізу жоспарлануда. 2022 жылғы 13 маусымына дәнді масақты дақылдар – 388,9 мың га (жоспарланған 100%-ға), майлы дақылдар – 71,6 мың га (108,5%), көкөніс – 44,3 мың га (100%), картоп – 11,6 мың га (100%), қант қызылшасы – 6,1 мың га (97,0%) егілді.
Начало формы
Конец формы
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 44,0 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 101,4%, сүт – 115,2 мың тонна (101,3%), жұмыртқа – 48,0 млн. дана (95,4%).
МІҚ саны 2021 жылғы тиісті кезеңге 4,0%-ға (556,3 мың бас), қой – 5,8%-ға (3735,5 мың бас), жылқы – 8,8%-ға (178,2 мың бас), құс саны – 22,9%-ға (2243,1 мың бас) артты.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 766,7 млрд.теңгені (95,3%), жұмыспен қамтылғандар саны – 123,9 мың адамды (97,2%) құрады.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдайға жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 76,2 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 108,5%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 83,1%-ды құрайды.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасын іске асыра басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы 175,3 млрд. теңгеге 5010 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 135,2 млрд.теңгені құрайтын 2685 жоба (2022 ж. – 1,5 млрд. теңгеге 37 жоба).
«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 18,6 млрд. теңгені құрайтын 1931 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж. – 1,1 млрд. теңгеге 51жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,8 млрд.теңгеге 122 жоба іске асырылуда (2022 ж. - 108,0 млн. теңгеге 3 жоба).
2022 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда айналымының көлемі 138,2 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға, көтерме сауда айналымы 127,0 млрд. теңгеге (4,3%) артты.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 93,6 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы тиісті кезеңіне 134,7%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 27,7 млн. АҚШ доллары (121,0%), импорт - 65,9 млн. АҚШ доллары (141,4%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 38,2 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері 208,3 млрд.теңгені құрап, 5,8%-ға артты. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 1,4%-ға (49,3 млн. тонна), жүк айналымы - 4,8%-ға (18,8 млрд.ткм), жолаушыларды тасымалдау – 23,6%-ға (188,2 млн. адам), жолаушы айналымы – 20,6%-ға (1,7 млрд.жкм) артты.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 98,0 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 95,8%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің төмендеуі қаржыландыру мен бюджеттік инвестициялық жобалардың конкурстарын кеш жариялаумен байланысты. Сонымен қатар, «Ұзынағаш-Отар», «Балқаш-Бурыбайтал» (2069-2105-2152 шқ) республикалық автожолының учаскелерін реконструкциялауға инвестициялардың негізгі үлесі 2021 жылы тартылғаны әсер етті және т. б..
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 34,2 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 106,3% құрады.
Өсім күн электр станциясының, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы 300 оқушыға арналған мектептің, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық орталық емхананың құрылысына және «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық 7-20 км» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге тартылған инвестиция есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 210,4 мың ш.м құрады немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 103,0%.
Инфляция. 2022 жылғы мамырда инфляция деңгейі 8,5% - ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 14,1% - ға, азық-түлік емес тауарларға - 5,5% - ға, ақылы қызметтерге - 3,7% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР-8,8%).
Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы мамырында 2022 жылғы сәуіріне 101,0% - ды, оның ішінде азық – түлік тауарлары бойынша - 101,3% - ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша-101,2% - ды, ақылы қызметтер бойынша-100,3% - ды құрады.
Азық-түлік тауарлары бойынша 2022 жылғы мамырында бағалар ұнға - 7,5%-ға, жемістерге - 7,3%-ға (оның ішінде алма - 17,2%-ға), қантқа - 7,2%-ға, нанға - 7,0%- ға, картопқа - 5,9%-ға, пиязға - 5,4%-ға, сүт өнімдеріне - 2,9%-ға (оның ішінде қаймақ - 6,6%-ға, қатты ірімшік - 3,0% ға, айран - 0,5%-ға), балық және теңіз өнімдері - 2,5%-ға, май және майлар - 2,0%-ға (оның ішінде күнбағыс майы - 3,6%-ға), шай-2,1%-ға, макарон өнімдері - 1,3%-ға), ет – 1,7%-ға (оның ішінде шошқа еті - 5,0%-ға, құс еті - 3,1%-ға, жылқы еті-1,9%-ға, қой еті-0,3%-ға), шай - 2,1%-ға өсті.
Көкөніс бағасы 14,4%-ға төмендеді (оның ішінде қызанақ - 38,5%-ға, қияр - 5,5%-ға, қырыққабат - 41,1%-ға), жұмыртқа - 2,7%-ға.
Азық - түлік емес тауарлар тобы бойынша жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%-ға (оның ішінде шаруашылық сабыны - 13,7%- ға), тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдардың бағасы - 1,9%-ға, киім мен аяқ киімнің бағасы - 1,3%-ға өсті.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері 2,8%-ға, амбулаториялық қызметтер - 0,3%-ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,2%-ға өсті (оның ішінде әуе жолаушылар көлігі - 3,4%-ға, теміржол көлігі - 1,2%-ға).
Салықтар. 2022 жылғы 1 маусымына мемлекеттік бюджетке 75,3 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 119,1% (о.і. РБ – 25,2 млрд. теңге (101,1%), ЖБ - 50,1 млрд. теңге (130,9%)) түсті.
Салық бойынша берешек 3,6 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 89,4%-ды құрады.
Бюджет. 2022 жылғы 1 маусымына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 207,4 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері - 50,1 млрд. теңгені немесе болжамға 130,9%-ды (о.і.салықтық түсімдер - 47 782,3 млн. теңге (126,3%), салықтық емес түсімдер - 1 576,0 млн. теңге (247,6%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 5 767,3 млн. теңге (152,2%) құрады. Бюджеттік шығындар 99,4%-ға (195,0 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 15741 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 8945 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1021 адам, жастар практикасымен - 682 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 4553 адам қамтылды.
Жаңадан 7981 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 1630. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 18 908 адамның 14 797 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 219985 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 24,4%-ға, нақты - 13,7%-ға артты (2022 ж. 1 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
96213 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға, нақты - 2,7%-ға өсті (2021 ж. 4 тоқсан).
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 40,2 мың тұрғынға 1556,0 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек - 1448,6 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы - 83,8 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы - 23,6 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 245,0 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезеңі жоспарына 108,8 млрд. теңге (99,9%-ға) игерілді. Оның ішінде білім беру нысандарын дамытуға жергілікті бюджеттен - 7,2 млрд.теңге.
2022 жылы 5 мектеп құрылысы жоспарлануда (Жамбыл ауданы Шоқай а. 150 орындық; Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. 300 орындық; Тараз қ. Сүлейменов көш. соңындағы тұрғын алқабында 2400 орындық екі мектеп және Казарма массивінде 180 орындық).
11 мектептің (Байзақ ауданы Көктал а. 600 орындық, Сеңкібай а. 100 орындық; Жамбыл ауданы Айша-бибі а. 300 орындық; Жуалы ауданы Алатау а. 100 орындық, Дихан а. 180 орындық, Қордай ауданы Арал а. 180 орындық және Қалғұты а. 180 орындық; Шу ауданы Төлеби а.300 орындық; Тараз қ. «Барысхан» тұрғын алқабында 600 орындық, «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, Асқаров көшесінде 600 орындық) құрылысы және Тараз қ. мектептен тыс даму орталығына жапсарлас құрылысын жалғастыру жоспарлануда.
«Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық 1 мектеп және Шу қаласындағы Алтынсарин атындағы мектепке 1 жапсарлас құрылысы пайдалануға берілді.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 444 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдайына облыстағы 569 мектепке дейінгі ұйымдарымен (438 балабақша, 131 шағын орталықтар) 57,9 мың бала немесе 91,5% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
13,3 млрд. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 6,9 млрд. теңге игерілді (100%). Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 2,7 млрд. теңге (1,4 млрд.теңгесі игерілді), денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 2,5 млрд. теңге бөлінді (2,2 млрд.теңге игерілді).
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 9,0 млрд. теңге (о.і. РБ - 6,1 млрд. теңге, ЖБ – 2,9 млрд. теңге) қарастырылған.
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында 250 орындық аудандық емхана және 5 ДА, 1 МП құрылысы басталды, сондай-ақ Тараз қаласында 200 орындық онкологиялық диспансер құрылысы және Шу ауданы Шу қаласындағы қалалық емхана ғимаратының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуда.
2022 жылғы қаңтар-мамырыда туберкулез, наркологиялық ауруларының өсуі, сонымен қатар қант диабеті, психикалық бұзылулар, қан айналымы жүйесінің аурулары, қатерлі ісік және мерез аурулары деңгейінің төмендеуі байқалады.