Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында 254,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 110,0%-ды құрады.
Өсім өңдеу өнеркәсібінде – 10,1%-ға (178,6 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 22,2%-ға (44,6 млрд. теңге) байқалады. Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнім көлемі 1,2%-ға (29,7 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 4,7%-ға (1,9 млрд. теңге) төмендеді.
2022 жылы 758 жаңа жұмыс орны құрылатын 56,6 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда («Satellie GS» ЖШС - құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту; «Ерсад-2021» ЖШС - S (спанбонд), SS,SMS, MB (мельтблаун) типтегі тоқыма емес маталар өндіру қойма-цехының құрылысы; «Қордай жем» АӨК - өндірісті кеңейту, құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы; «Каратау Про» ЖШС - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Turan Industry» ЖШС - табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Alina Group» ЖШС - күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру), «Казфосфат» ЖШС - минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн.тонна жылына дейін жеткізу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 52,9 млрд.теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 100,4%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі - 0,6 млрд. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы - 52,3 млрд. теңге (НКИ - 100,4%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022 жылы 16131,8 млн. теңге (оның ішінде РБ - 5781,5 млн. теңге, ЖБ - 10350,4 млн. теңге) субсидия бөлінді. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 396,2 млн. теңге игерілді (оның ішінде РБ - 2775,3 млн. теңге, ЖБ - 4620,9 млн. теңге).
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында егіс алаңын 9,2 мың га ұлғайту және 760 мың га дейін жеткізу жоспарланып отыр. 12.05.2022 жылға дәнді масақты дақылдар – 387,8 мың га (жоспарланғанға 98,5%), майлы дақылдар - 70,0 мың га (108,5%), көкөніс - 39,7 мың га (89,5%), картоп - 11,1 мың га (95,7%), қант қызылшасы - 4,8 мың га (76,2%) егілді.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 34,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 99,7%, сүт - 83,1 мың тонна (101,3%), жұмыртқа - 39,7 млн. дана (100,8%).
МІҚ саны 2021 жылғы тиісті кезеңге 4,3%-ға (551,2 мың бас), қой - 5,6%-ға (3680,5 мың бас), жылқы - 8,7%-ға (175,3 мың бас), құс саны – 29,0%-ға (2283,1 мың бас) артты.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 766,7 млрд.теңгені (95,3%), жұмыспен қамтылғандар саны - 123,9 мың адамды (97,2%) құрады.
2022 жылғы 1 мамырға жағдайға жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 74,7 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 106,6%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 82,9% - ды құрайды.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасын іске асыра басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы 173,2 млрд. теңгеге 4955 жоба іске асырылуда. Оның ішінде «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы арқылы жалпы кепілдік сомасы 18,2 млрд. теңгеге 1916 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж. – 638,7 млн. теңгеге 36 жоба).
2022 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда айналымының көлемі 111,7 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға, көтерме сауда айналымы 96,9 млрд. теңге (3,6%) артты.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 55,3 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы тиісті кезеңіне 116,7%-ды құрады, оның ішінде экспорт - 17,3 млн. АҚШ доллары (110,2%), импорт - 38,0 млн. АҚШ доллары (119,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 20,7 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері 169,4 млрд.теңгені құрап, 8,2% артты. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейімен салыстырғанда 2,9%-ға (39,5 млн. тонна), жүк айналымы - 7,0%-ға (15,1 млрд.ткм), жолаушыларды тасымалдау - 24,7%-ға (148,9 млн. адам), жолаушы айналымы - 20,6%-ға (1,4 млрд.жшк) артты.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 78,4 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 100,2%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі Жамбыл ауданында күн электр станциясының құрылысына, Талас ауданындағы «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС жабдықтарын сатып алуға тартылған инвестициялар есебінен ұлғайды.
Құрылыс. Есепті кезеңдеқұрылыс жұмыстарының көлемі 25,9 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 113,2% құрады.
Өсім Сәтбаев алқабындағы су құбыры желілерінің сервистік жүйесінің, Қазфосфатқа арналған аммофос өндіру жөніндегі 1-ші іске қосу кешенінің, Талас ауданының 3 елді мекеніне (Ақкөл, Ақтөбе, Қызылаут) газ құбырының, Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының және Желтоқсан көшесіндегі №80 полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарын күрделі жөндеу, «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердіңжалпы көлемі 147,8 мың ш.м құрады немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 97,2%.
Инфляция. 2022 жылғы сәуірде инфляция деңгейі 7,5% - ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 12,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 4,2%-ға, ақылы қызметтерге - 3,4%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР-7,3%).
2022 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы наурызына 102,0% - ды, оның ішінде азық – түлік тауарлары бойынша - 102,7% - ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша - 100,9%-ды, ақылы қызметтер бойынша - 102,0%-ды құрады.
Азық - түлік тауарлары бойынша 2022 жылғы сәуірде баға ұнға - 22,6%-ға, май мен майға - 8,0%-ға (оның ішінде тұздалмаған сары майға - 19,1%-ға, жануар майына - 17,2%-ға), шайға - 6,9%-ға, жемістерге - 5,3%-ға өсті (оның ішінде алма - 17,0%-ға), картоп - 4,5%-ға, балық және теңіз өнімдері - 4,3%-ға, макарон өнімдері, сүт өнімдері - 3,4%-ға (оның ішінде қаймақ - 11,4%-ға, қатты ірімшік - 6,0%-ға, айран - 3,2%-ға), ет - 2,5%-ға (оның ішінде қой еті - 12,4%-ға, шошқа еті - 5,9%-ға, жылқы еті - 4,1%-ға), қант - 2,4%-ға, май және тоң май - 1,5%-ға (оның ішінде маргарин - 3,0%-ға, тұздалмаған сары май - 1,7%-ға) жарма - 0,8%-ға (оның ішінде ұнтақ жарма - 3,0%-ға, сұлы жармасы - 2,9%-ға, тары - 2,8%-ға), жұмыртқа - 0,1%-ға.
Көкөніс бағасы 1,8% - ға төмендеді (оның ішінде қызанақ - 25,7%-ға, қияр - 16,2%- ға, қырыққабат - 3,4%-ға).
Азық - түлік емес тауарлар тобы бойынша отын бағасы 7,7% - ға, жеке пайдаланылатын тауарлар - 6,4% - ға, фармацевтикалық өнім - 1,7% - ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдар - 1,6% - ға, киім мен аяқ киім - 1,3% - ға, жуу және тазалау құралдары - 0,7% - ға өсті.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында тұрғын үй үшін нақты жалдау ақысы 9,2% - ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтері - 7,2% - ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері - 3,4% - ға, амбулаториялық қызметтер - 2,7% - ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,3% - ға (оның ішінде теміржол көлігі - 0,9% - ға) өсті.
Салықтар. 2022 жылғы 1 мамырға мемлекеттік бюджетке 56,1 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 126,6% (о.і. РБ – 18,3 млрд. теңге (115,1%), ЖБ - 37,8 млрд. теңге (133,1%)) түсті. Салық бойынша берешек 4,3 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 104,5%-ды құрады.
Бюджет. 2022 жылғы 1 мамырына облыстық бюджеттін кірістер бойынша атқарылуы 156,2 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістер - 37,8 млрд. теңгені немесе болжамға 133,1%-ды (о.і.салықтық түсімдер - 32 150,7 млн. теңге (119,0%), салықтық емес түсімдер - 1 086,9 млн. теңге (232,1%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 4 547,4 млн. теңге (501,1%) құрады. Бюджеттік шығындар 99,5%-ға (144,7 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 12 290 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 6216 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 980 адам, жастар практикасымен - 611 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 4211 адам қамтылды.
Жаңадан 6893 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 1026. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 15944 адамның 11776 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 219985 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 24,4%-ға, нақты - 13,7%-ға артты (2022 ж. 1 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
96213 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға, нақты - 2,7%-ға өсті (2021 ж. 4 тоқсан).
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 46,5 мың тұрғынға 1186,3 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. 1 089,8 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 74,7 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 21,8 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы) төленді.
Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 245,0 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезең жоспарына 81,8 млрд. теңге (99,9%-ға) игерілді. Оның ішінде білім беру нысандарын дамытуға жергілікті бюджеттен 7,1 млрд.теңге қарастырылды.
2022 жылы 5 мектеп құрылысы жоспарлануда (Жамбыл ауданы Шоқай а. 150 орындық; Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. 300 орындық; Тараз қ. Сүлейменов көш. соңындағы тұрғын алқабында 2400 орындық екі мектеп және Казарма массивінде 180 орындық).
12 мектептің (Байзақ ауданы Көктал а. 600 орындық, Сеңкібай а. 100 орындық; Жамбыл ауданы Айша-бибі а. 300 орындық; Жуалы ауданы Алатау а. 100 орындық, Дихан а. 180 орындық, Қордай ауданы Арал а. 180 орындық және Қалғұты а. 180 орындық; Шу ауданы Төлеби а.300 орындық; Тараз қ. «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық, «Барысхан» тұрғын алқабында 600 орынға, Асқаров көшесі соңындағы «Арай» тұрғын алқабында 600 орынға) құрылысы, Шу қаласындағы Алтынсарин атындағы орта мектепке және Тараз қ. мектептен тыс Даму орталығына жапсарлас құрылысын жалғастыру жоспарлануда.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 444 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдайға облыстағы 562 мектепке дейінгі ұйымдарымен (431 балабақша, 131 шағын орталықтар) 57,7 мың бала немесе 91,5% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа артық.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
13,3 млрд. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 4,8 млрд. теңге игерілді (99,9%). Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 2,7 млрд. теңге (1,1 млрд.теңгесі игерілді), денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 2,5 млрд. теңге бөлінді (2,1 млрд.теңге игерілді).
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5,5 млрд. теңге (о.і. РБ - 4,3 млрд. теңге, ЖБ – 1,2 млрд. теңге) қарастырылған.
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында 250 орындық аудандық емхана және 5 ДА, 1 МП құрылысы, сондай-ақ Тараз қаласында 200 орындық онкологиялық диспансер құрылысын аяқтау, Шу ауданы Шу қаласы қалалық емхана ғимаратын қайта жаңғырту жоспарлануда.
2022 жылғы қаңтар-сәуірде қант диабеті, қан айналымы жүйесі ауруларының өсуі байқалады, сонымен қатар наркологиялық аурулар, туберкулез, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар және мерез деңгейінің төмендеуі байқалады.