В ходе встречи акима области с населением Жуалынского района по реализации озвученных предложений

БЕКІТЕМІН

Жамбыл облысының әкімі  

 

_________________Н.Нұржігітов


«30» мамыр 2022 жыл.


Облыс әкімінің Жуалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында

айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

БЕКІТІЛІС

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1.

Нұрлыкент ауылындағы «Гамбург» ЖШС тауарлы сүт фермасының құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы қаржылай қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, «Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша),

 Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

2.

Шақпақ ата ауылында орналасқан «Япоша» ЖШС-нің кептірілген нан өндіру цехын ашу үшін кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында өндіріс орнын салуға қажетті жер телімі мәселесін заңнама аясында шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

10 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

 облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, «Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша),

Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

3.

Ауданда сүт бағытындағы өндіріс орындарының артуына байланысты аудандағы сүт өндірісінің класстерін қалыптастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары, «Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша),

Жуалы ауданының әкімі

 

4.

Бюджет тарапынан бөлінген қаржылардан бөлек ауданға қосымша инвестиция тарта отырып, өндірісті дамыту бағытындағы жобаларды іске асыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

«Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша),

 Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

5.

«Қаралма» тау шаңғы базасының құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толығымен аяқтап, пайдалануға берілуін қатаң бақылауда ұстау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылдың желтоқсан айы

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

«Тараз» ӘКК» АҚ (келісімі бойынша),

 Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

6.

«Жуалы 2020» ӨК-нің ауылшаруашылығы мақсатында алынған техникаларын егін дала жұмыстарына, ауыл тұрғындарының ауласындағы жерлерін тиімді пайдалануына қолдау көрсету

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

7.

«Злиха» ШҚ-ның Нидерланд мемлекетінен әкелінген элиталы картоп тұқымын келесі жылдың егіс науқанына аудан және облыс шаруалары арасында пайдалану мәселесін пысықтау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылдың егін науқаны басталғанға дейін

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

8.

Аудан шаруашылықтарына дала жұмыстарына қолдау көрсету үшін арзандатылған жанар-жағармайдың көлемін жылдық жоспардан төмен емес (шаруалардың сұранысына сәйкес) көлемде бөлінуін қамтамасыз ету

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қыркүйек

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

9.

Ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген шаруаларға ауылшаруашылығы техникаларын жаңартуға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

10 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

10.

Дихан ауылында құрылысы жүріп жатқан 180 орындық орта мектептің құрылысын мерзімінде сапалы аяқталуын қадағалап, мектепке қажетті сыртқы инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің қаржыландыру мәселесін шешу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 тамыз

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің құрылыс,

білім басқармалары,

 Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

11.

Дихан ауылында ескі мектеп ғимаратын оқушылар мен жастарға арналған үйірмелер мен спорттық шаралар өткізу мақсатында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 шілде

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім,

дене шынықтыру және спорт басқармалары, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

12.

Б.Момышұлы ауылының тұсынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының бойынан салынып жатқан сервистік қызмет нысандарында ауданның жергілікті әр саладағы өндіріс орындарының (сүт өнімдері, картоп т.с.с.) өнімдерін өткеруді ұйымдастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы (келісім бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

13.

Республикалық мәндегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының Т.Дүйсебай ауылы қиылысына аспалы көпір орнату, Шақпақ ата ауылы мен Шақпақ станциясы арасына мал өткелін салу бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ-мен бірлесе қажеттілігіне талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

30 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы (келісім бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

14.

Республикалық мәндегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының бойындағы Б.Момышұлы және Қарасаз ауылы бағытында автокөліктерге арналған аспалы жол (көпір) салу мен аялдама жанына жарық орнату мәселесін шешу жолдарын қарастыру

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы (келісім бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

15.

Жуалы ауданы Теріс ауылындағы Жылқышы төбе бойында орналасқан көне «Баркуаб» қалашығының археологиялық жұмыстарын аяқтауға қаржы бөлу мәселесін пысықтап, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

10 шілде

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

16.

Б.Момышұлы ауылынан Шымбұлақ ауылы аралығындағы жолды жөндеу мақсатында жобалық құжаттамаларын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім ұсыну

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

17.

№30 Ақтасты бастауыш мектебінің тозығы жетуіне байланысты, Ақтасты ауылындағы жеке кәсіпкер соққан жаңа мектепті сатып алу жолдарын қарастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау) ,

Жуалы ауданының әкімі

18.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасына Жетітөбе ауылдық округін енгізу жолдарын қарастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Жуалы ауданының әкімі

19.

Барлық елді мекендердегі аулаларда тұрақты жұмыспен қамтылмаған халық санына талдау жүргізіп, жұмыспен қамту шараларын күшейту

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

 облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау),

ауыл (округ) әкімдері

20.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы тозығы жеткен жерлерді қалпына келтіру үшін егін егуде минералдық тыңайтқыштар пайдалану қажеттілігін шаруашылықтарға түсіндіру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Жуалы ауданының әкімі

21.

Жергілікті ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін тұрғындар арасында семинар кеңестер өткізу арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Жуалы ауданының әкімі(жинақтау)

22.

«Асар» жобасының негізгі мақсаты мен тәрбиелік мәнін ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларын анықтап, тұрғын үйді салуда ауыл тұрғындары бірлесіп қолдау шарасына қатысуын ұйымдастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Жуалы ауданының әкімі(жинақтау)

23.

Жұрымбай ауылынан Шымбұлақ ауылына дейінгі 7,6 шақырым автомобиль жолының 3,5 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын аяқтап, қалған 4,1 шақырымына жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

30 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

24.

Күреңбел ауылындағы ауыз судың жетіспеушілігі мәселесін толық зерделеп, су есептеуіш құрылғыларын орнатып, мәселені шешу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

15 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

25.

Бастау және бұлақ суларын халық игілігіне тиімді пайдалану мақсатында жылына кемінде бір рет бұлақ көздерін тазарту жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

26.

Теріс ауылына мәдениет үйі мен спорт кешенін салу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, мерзіміне сәйкес қаржыландыру мәселесін шешу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама,

дене шынықтыру және спорт басқармалары, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

27.

Қарасу және Көктас ауылдарына модульді ауыз су жүйесін тарту үшін тиісті құжаттарын рәсімдеп, бюджеттік өтінім ұсыну

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қыркүйек

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

28.

Мал ұрлығы және басқа да қылмыстардың алдын алу үшін Қарасаз ауылының кіре берісі мен шыға берісіне бейнебақылау камераларын орнату мүмкіндіктерін қарастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

30 қыркүйек

Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы                                                                                      М. Мәтен

В ходе встречи акима области с населением Жуалынского района по реализации озвученных предложений
Дата публикации
29 июня 2022