План мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с населением территориального округа №1 города Тараз

БЕКІТЕМІН

Облыс әкімі  

 

_________________Н.Нұржігітов


«____» __________ 2022 ж.


Облыс әкімінің Тараз қаласының №1 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1.

Жеке секторларда орналасқан кварталдық комитеттердің жұмысын жандандырып, қала әкімінің бас инспекторларымен тығыз жұмыс жүргізілуін қадағалау

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

Тараз қаласының

әкімі

2.

Рысбек батыр көшесі, №6 үй жанынан әлеуметтік дүкен ашу мәселесін жергілікті жерге шығып зерделеу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

10 шілде

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Д.Әбілқайыров (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

3.

Төле би даңғылы, №94,                                96 көпқабатты үйлердің кондоминиум нысанында салынып жатқан кәсіпкерлік нысанының заңдылығын анықтап, тиісті шаралар қабылдау

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 шілде

Тараз қаласының әкімі

4.

Төле би даңғылы, №1,3 үйлердің жанында бос жатқан 0,0500 га жерге балалар ойын алаңшасын салу мәселесін белгіленген тәртіпке сәйкес зерделеп, ұсыныс енгізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 шілде

Тараз қаласының әкімі

5.

Н.Тлендиев атындағы мектеп – интернаты мен Абдуллин көшесінің ортасын құрылыс қалдықтарынан тазалап, сол жерге спорт нысанын салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

8 шілде

Тараз қаласының әкімі

6.

Сұлтанбаев көшесінің                                        3-бұрылысындағы тұрғын үйлердің аншлагтары мен нөмірленуін реттеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

25 тамыз

Тараз қаласының әкімі

7.

«Төрткүл» алқабына балалар ойын алаңшасын салу мәселесін талдап, орнын белгілеп, мәселені шешу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қыркүйек

Тараз қаласының әкімі

8.

Айналма жол салу мақсатында Ж.Аппасова көшесінде орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алынатын тұрғын үйлерді тез арада анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

10 тамыз

Тараз қаласының әкімі

9.

Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған сквер салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы,

Тараз қаласының әкімі

(жинақтау)

 

10.

«Көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау» бағдарламасы аясында Төле би даңғылы, №116 үйді күрделі жөндеуден өткізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Тараз қаласының әкімі

11.

Ы.Сүлейменов және Рысбек батыр көшелерінің қиылысында аялдама орнатып, жаяу жүргіншілер жолағын салу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

5 тамыз

Тараз қаласының әкімі

12.

2022 жылдың 5 қаңтарынан бері мүгедектікке шыға алмай жүрген жалғызбасты көпбалалы ана Г.Бексеитоваға заң нормалары аясында көмек көрсету

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

8 шілде

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті (келісімі бойынша)

Тараз қаласының әкімі

(жинақтау)

 

 

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы                                                                                  М. Мәтен

 

План мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с населением территориального округа №1 города Тараз
Дата публикации
22 июня 2022