БЕКІТЕМІН
Облыс әкімі
_________________Н.Нұржігітов
«____» __________ 2022 ж.
Облыс әкімінің Тараз қаласының №1 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Жеке секторларда орналасқан кварталдық комитеттердің жұмысын жандандырып, қала әкімінің бас инспекторларымен тығыз жұмыс жүргізілуін қадағалау
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Тараз қаласының әкімі |
|
2. |
Рысбек батыр көшесі, №6 үй жанынан әлеуметтік дүкен ашу мәселесін жергілікті жерге шығып зерделеу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 10 шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Д.Әбілқайыров (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
|
3. |
Төле би даңғылы, №94, 96 көпқабатты үйлердің кондоминиум нысанында салынып жатқан кәсіпкерлік нысанының заңдылығын анықтап, тиісті шаралар қабылдау
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 20 шілде |
Тараз қаласының әкімі |
|
4. |
Төле би даңғылы, №1,3 үйлердің жанында бос жатқан 0,0500 га жерге балалар ойын алаңшасын салу мәселесін белгіленген тәртіпке сәйкес зерделеп, ұсыныс енгізу
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 20 шілде |
Тараз қаласының әкімі |
|
5. |
Н.Тлендиев атындағы мектеп – интернаты мен Абдуллин көшесінің ортасын құрылыс қалдықтарынан тазалап, сол жерге спорт нысанын салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 8 шілде |
Тараз қаласының әкімі |
|
6. |
Сұлтанбаев көшесінің 3-бұрылысындағы тұрғын үйлердің аншлагтары мен нөмірленуін реттеу
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 25 тамыз |
Тараз қаласының әкімі |
|
7. |
«Төрткүл» алқабына балалар ойын алаңшасын салу мәселесін талдап, орнын белгілеп, мәселені шешу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі |
|
8. |
Айналма жол салу мақсатында Ж.Аппасова көшесінде орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алынатын тұрғын үйлерді тез арада анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 10 тамыз |
Тараз қаласының әкімі |
|
9. |
Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған сквер салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 1 тамыз |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау)
|
|
10. |
«Көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау» бағдарламасы аясында Төле би даңғылы, №116 үйді күрделі жөндеуден өткізу
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Тараз қаласының әкімі |
|
11. |
Ы.Сүлейменов және Рысбек батыр көшелерінің қиылысында аялдама орнатып, жаяу жүргіншілер жолағын салу
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 5 тамыз |
Тараз қаласының әкімі |
|
12. |
2022 жылдың 5 қаңтарынан бері мүгедектікке шыға алмай жүрген жалғызбасты көпбалалы ана Г.Бексеитоваға заң нормалары аясында көмек көрсету |
облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну |
2022 жылғы 8 шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті (келісімі бойынша) Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Облыс әкімі аппаратының басшысы М. Мәтен