Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 24 шілдеге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл және Мойынқұм аудандық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2022 жылғы 24 шілдеге Жамбыл ауданының Қарой және Қызылқайнар ауылдық округтері, Мойынқұм ауданының Ақсүйек ауылы әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/392821?lang=kk
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы