Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2022 жылғы 19 маусымында Жамбыл облысында Жамбыл ауданының Ерназар ауылдық округі, Қордай ауданының Қасық және Кенен ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 883 азамат енгізілді, олардың 661 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жолбай Е. - 490; Рысбеков А. - 164.
Ерназар ауылдық округінің әкімі болып Жолбай Ержан сайланды, 1976 жылы туған, Байзақ ауданы Көптерек ауылдық округі әкімі аппаратында маман, Жамбыл облысы Тараз қаласында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 маусымдағы шешімімен 2022 жылғы 19 маусымда сайланған Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Қордай ауданы Қасық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2497 азамат енгізілді, оның ішінде 1825 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 27, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 13.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Исагулова К.Т. – 1397; Итжанова А.К. – 173; Қойшыбай Е.Қ. – 215.
Қасық ауылдық округінің әкімі болып Исагулова Карлыгаш Тынышбековна, 1965 жылы туған, Қасық аулдық округінің әкімі, Қасық ауылдық округінің Әлжан ана ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Кенен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1389 азамат енгізілді, оның ішінде 1044 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Елеусізова А.Б. –54; Жаманкозев Н.А. – 857; Мади Н. – 117.
Кенен ауылдық округінің әкімі болып Жаманкозев Нуркен Аманкельдиевич, 1975 жылы туған, Кенен аулдық округінің әкімі, Кенен ауылдық округінің Кенен ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 маусымдағы шешімімен 2022 жылғы 19 маусымда сайланған Қордай ауданы Қасық және Кенен ауылдық округтері әкімдерін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы