План мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с населением района Т. Рыскулова

БЕКІТЕМІН

Облыс әкімі  

 

_________________Н.Нұржігітов


«____» __________ 2022 ж.


Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1.

Аудандағы ескі 71 су ұңғымаларын қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

31 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

2.

Мәдениет үйлері, спорт мектептері және білім беру мекемелерінде балаларды қосымша үйірмелермен қамту

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, білім, денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

3.

Мұғалімдердің оқушыларға қосымша білім берумен айналысуын қамтамасыз ету

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

4.

Білім беру мекемелеріндегі берілетін тамақтың сапасын күнделікті бақылауда ұстау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.

Ана мен бала өліміне жол бермеу мақсатында медицина қызметкерлерінің өз біліктілігін арттыру үшін облыс орталығындағы білікті дәрігерлерден кеңес алып және олармен қарым - қатынас орнату

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі

6.

Дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін жандандыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

7.

Әр ауылдық округ әкімі елді мекендегі тұрғындардың табысын арттыру бойынша және сол елді мекенге инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқару

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

8.

Қарақыстақ ГЭС мен Ақыртөбе - Әбдезім электр желілерін Жамбыл электр желілерінің теңгеріміне беру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қыркүйек

Облыс әкімінің орынбасары

Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

9.

Құлан ауылындағы «Арай» алқабының 1 нүктесінің инфрақұрылымына, абаттандыруына, кәріз жүйесінің жұмыстарына қажетті қаражатты қарастыру мақсатында экономикалық қорытындыны әзірлеп, тиісті құжаттар топтамасын бюджеттік комиссияға ұсыну

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

6 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі

10.

Құлан ауылындағы аудандық орталық емханасының құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мәселесін шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі

11.

Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін күрделі жөндеу  үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаражат көлемін анықтап, ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

  6 маусым

 

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), білім басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі

12.

Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ тау бөктеріндегі «Тау самалы» демалыс орны мен Ә.Молдағұлова атындағы балалар сауықтыру лагерін газдандыруға қажетті қаражат көлемін анықтап, газдандыру бойынша ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

  6 маусым

 

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау (жинақтау), білім басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі

13.

Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспар әзірлеу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

  6 маусым

 

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

14.

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

              

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

15.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарын ұйымдастыра отырып, тұрғындардан сүт қабылдайтын кооператив құру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 шілде

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

16.

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпарат алуға арналған терминалдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

17.

Абай ауылының тұрғыны О.Бекназаровтың тәжірибесі негізінде ауылда таңқұрай өсіруді тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

18.

Субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, оны мемлекеттік мекемелерге, несие ұйымдарына тапсыру туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

  тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

19.

Құлан ауылы мен Луговой стансасы арасында қоғамдық көлікті жүргізу жолдарын қарастырып, тиісті шешім қабылдау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

  6 маусым

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

20.

Тиісті органдармен бірлесіп, мал басы көп шаруа қожалықтарды орман қоры жерлеріне шығара отырып, жайылым жер мәселесін шешу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

  тұрақты,

аралық ақпарат

 тоқсан сайын

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

21.

Қорағаты ауылдық округіне қарасты елді мекендерге газ, ауыз су жүйесін тарту жолдарын қарастырып (тиімділігіне қарай), нақты ұсыныс енгізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

  6 маусым

Облыс әкімінің орынбасары

Р.Дәулет,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

22.

Қорағаты ауылдық округінде туындаған жер мәселесіне қатысты құрылған комиссия жұмысын мәселе шешімін тапқанға дейін жалғастыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

31 желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы (жинақтау), облыстық жер ресурстарын басқару департаменті, Т.Рысқұлов ауданының әкімі

23.

Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан оңалту орталығының жұмысына толық зерделеу (кадр мәселесі, жұмыс істеу режимі және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

  6 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы

24.

Арнайы жұмыс тобын құрып, Т.Рысқұлов ауданындағы білім беру мекемелеріне қатысты зерделеу жұмыстарын (оқу процесі, білім сапасы, құқық бұзушылық және т.б.) жүргізіп, нәтижесін баяндау

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

 10 маусым

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

 облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Д.Үскүмбаева (келісім бойынша)

 

 

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы                                                                                      М. Мәтен

План мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с населением района Т. Рыскулова
Дата публикации
13 июня 2022