План мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с населением Меркенского района

БЕКІТЕМІН

Облыс әкімі  

 

_________________Н.Нұржігітов


«____» __________ 2022 ж.


Облыс әкімінің Меркі ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1.

Меркі ауданының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін кәсіпкермен толық келісім-шартқа тұру қажеттігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

Меркі ауданының әкімі

2.

Әр ауылдық округ әкімі елді мекендегі әр тұрғынның тұрмыс жағдайын зерделеп, тұрғындардың табыс  көздерін арттыру және сол елді мекенге инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқару

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

 

Меркі ауданының әкімі

3.

Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспар әзірлеу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

13 маусым

 

Меркі ауданының әкімі

4.

Меркі ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік бағдарламаларды (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) толық меңгеруі бойынша жұмыс атқару

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

Меркі ауданының әкімі

5.

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

Меркі ауданының әкімі

6.

Субсидияны және жеңілдетілген несиені алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, оны мемлекеттік мекемелерге, несие ұйымдарына тапсыру туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

   тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

Меркі ауданының әкімі

7.

Тиісті органдармен бірлесіп, мал басы көп шаруа қожалықтарын орман қоры жерлеріне шығара отырып, жайылым жер мәселесін шешу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

  тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің жер қатынастары,

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

8.

Меркі ауылында орналасқан полигонның орнын ауыстыру бойынша жер телімін анықтап, тиісті құжаттарын рәсімдеу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 қараша

 

Меркі ауданының әкімі

9.

А.Асқаровтың 100 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсыныс беру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 маусым

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

10.

Меркі шипажайына барар жолды кеңейту бойынша ұсыныс енгізу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 шілде

Меркі ауданының әкімі

11.

Меркі ауылында саз мектебін салу үшін жер телімін анықтап, ұсыныс беру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

1 тамыз

Меркі ауданының әкімі

12.

Жамбыл ауылының тұрғыны А.Қырғабақовтың өзінің тұрғын үй ауласына соққан мұз алаңын спорт кешеніне ауыстыру бойынша жұмыс атқару

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2022 жылғы

20 маусым

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

13.

А.Қырғабақовтың балық шаруашылығын ашу үшін жеңілдетілген несиелерді алуы бойынша құжаттарын әзірлеуді сүйемелдеу

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

      2022 жылғы

 20 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

14.

Дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін жандандыру

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

    тұрақты,

аралық ақпарат

   тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев,

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармаcы

15.

Меркі ауылындағы орталық аурухананың алдындағы автокөлік кептелісін ретке келтіру

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты

Облыстық полиция департаментінің бастығы А.Баймурзин (келісім бойынша)

 

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы                                                                            М. Мәтен

План мероприятий по реализации предложений, озвученных в ходе встречи акима области с населением Меркенского района
Дата публикации
13 июня 2022