Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 10 шілдеге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жуалы аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 10 маусымдағы №7 шешімімен 2022 жылғы 10 шілдеге Жуалы ауданының Көкбастау ауылдық округі, әкімінің сайлауы тағайындалды.
2022 жылғы 10 шілдеге тағайындалған Көкбастау ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Жуалы АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Jana omir -Новая жизнь» газетінде жарияланды.
Жуалы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы