Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 19 маусымға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысының Жамбыл және Қордай аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2022 жылғы 19 маусымға тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына төмендегідей кандидаттарды тіркеді:
Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
- Бестереков Сагынбек Кыдыралиевич, 1985 жылы туған, Ерназар ауылдық округі әкімінің аппараты, бас маман, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған
- Жолбай Ержан, 1976 жылы туған, Байзақ ауданы, Көптерек ауылдық округі әкімінің аппараты, маман, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
- Рысбеков Айтбек Маханбетович, 1991 жылы туған, №17 Жамбыл колледжінің мұғалімі, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/315214?directionId=11120&lang=kk
Қордай ауданы Қасық және Кенен ауылдық округтері әкімдері сайлауына тіркелген кандидаттар:
Қасық ауылдық округіне:
- Исагулова Карлыгаш Тынышбековна, 1965 жылы туған, Қасық ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы Әлжан ана ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
- Итжанова Алия Кулмырзаевна, 1976 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің тілдерді дамыту орталығының директоры, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
- Қойшыбай Ерболат Қуанышұлы, 1993 жылы туған, Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қордай ауданы Бетқайнар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Кенен ауылдық округіне:
- Елеусізова Ақсана Бейбітқызы, 1977 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
- Жаманкозев Нуркен Аманкельдиевич, 1975 жылы туған, Кенен ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы Кенен ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
- Мади Нурлан, 1982 жылы туған, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/article/details/87750?directionId=14568&lang=kk