Жамбыл облысында бюрократиядан арылу шараларының іске асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат
Мемлекет басшысыныңмемлекеттік аппаратқызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлығы саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам.
Осы бағытта жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда:
Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін консультативтік-кеңесші органдардың жалпы саны - 63, оның ішінде 40 - комиссия, 13 - кеңес, 7 - штаб, 3 - жұмыс тобы.
Жалпы «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес консультативтік-кеңесші органдар (бұдан ары – ККО) санын екі есеге дейін азайту міндетті қойылған (ЖҰЖ-дың 10-тармағы, мерзімі 13.06.2022ж.). Осыған орай, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшыларымен келісе отырып облыстағы 63 ККО-ның санын 31-ге дейін қысқарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 21 ККО бірігіп қысқаруы арқылы 7-ге дейін азайды, 18 ККО басқармалар құзырына берілді.
Жалпы бұл атқарылып жатқан шаралар, мемлекеттік аппараттың жұмысын жүйелендіру, сапасын арттыру мен уақытты үнемдеуге бағытталған.
Сонымен қатар, Жарлықта қайталанатын немесе маңызы жоқ нұсқауларды алып тастау мемлекеттік органдардың басым міндеттеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
Осыған орай, облыс әкімдігіне Мемлекет басшысы, Премьер-Министр және оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесі басшылығы тапсырмаларының орындалуына ревизия жүргізіліп, нәтижесінде Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан Жамбыл облысына тікелей орындауға берілген 5 тапсырманың 3-уі орындау үшін бақылауға алынса, 2 тапсырманың қайталануына байланысты алынып тасталды.
Сонымен бірге облыс әкімі аппаратымен аудан әкімдіктері және басқармалар арасындағы ведомствоаралық хаттар зерделеніп, қайталанған, өзектілігін жоғалтқан, сондай-ақ мемлекеттік сайттар мен порталдардан алуға мүмкіндігі бар сұратулар қысқартылды. Нәтижесінде 521 құжат 274-ке қысқартылып, құжаттар саны 2 есеге азайды.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынған.