Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2022 жылғы 29 мамырда Жамбыл облысында Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі, Шу ауданының Алға және Балуан Шолақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1195 азамат енгізілді, олардың 978 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Джанузаков М.Д. - 721; Мампаев Р.С.- 252.
Қарасу ауылдық округінің әкімі болып Джанузаков Мади Джарылкапбаевич сайланды, 1987 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Қарасу ауылдық округінің Шайдана ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 30 мамырдағы шешімімен 2022 жылғы 29 мамырда сайланған Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Шу ауданы Алға ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 1737 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 1587. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 30, «Бәріне қарсы» белгісі бар жолды белгілегені - 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есбергенов Б.С. – 1420; Толегенов Б.К. – 130;
Алға ауылдық округі әкімі болып Есбергенов Багдат Сабырович сайланды, 02.07.1983 жылы туған, Алға ауылдық округі әкімі, Шу ауданы, Алға ауылы, Шымырқұл №16 үй тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Балуан Шолақ ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 773 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 709. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсы» белгісі бар жолды белгілегені - 3.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Башырхан Т.А. – 51; Сандыбаев Д.К. – 647;
Балуан Шолақ ауылдық округі әкімі болып Сандыбаев Данияр Кокталулы сайланды, 12.06.1989 жылы туған, "Шу несие серіктестігі" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі несиені әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Естемесов №27 үй тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 30 мамырдағы шешімімен 2022 жылғы 29 мамырда сайланған Шу ауданы Алға және Балуан Шолақ ауылдық округтері әкімдерін тіркеді.
Шу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/380289?directionId=11363&lang=kk
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы