Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың               1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы»           Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы

№103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:    

  1. «2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №103 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28038 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 2 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

 

                

 

              Н. Нұржігітов

 

  Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
02 июня 2022