Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 19 маусымға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл және Қордай аудандық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2022 жылғы 19 маусымға Жамбыл ауданының Ерназар ауылдық округі, Қордай ауданының Қасық және Кенен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2022 жылғы 19 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы