БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу кезеңінде Жамбыл облысының аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында а.ж. мамыр айының 18 жұлдызында Жамбыл облыстық референдум комиссиясы төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловтың төрағалығымен кеңес өтті.
Кеңеске облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті өкілдері және Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қатысты.
Кеңесте қолданыстағы заңнаманың сақталуы мен бұзылуының алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, өзара бірлескен іс шаралар келісілді.