Жамбыл облысының 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы айларында 184,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,2%-ды құрады.
Өсім өңдеу өнеркәсібінде – 4,8%-ға (126,7 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 24,4%-ға (35,2 млрд. теңге) байқалады.Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнім көлемі 5,8%-ға (20,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 8,2%-ға төмендеді (1,4 млрд. теңге).
2022 жылы 758 жаңа жұмыс орны құрылатын 56,6 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда («Satellie GS» ЖШС - құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту; «Ерсад-2021» ЖШС - S (спанбонд), SS,SMS, MB (мельтблаун) типтегі тоқыма емес маталар өндіру қойма-цехының құрылысы; «Қордай жем» АӨК - өндірісті кеңейту, құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы; «Каратау Про» ЖШС - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын зауыттың жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарын ұлғайту; «Turan Industry» ЖШС - табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу; «Alina Group» ЖШС - күнжіт плиталарын өндіру, құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі, құрылыс гипсін өндіру), «Казфосфат» ЖШС - минералды тынайтқыштардың өндірісін 1 млн.тонна жылына дейін жеткізу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 38,0 млрд.теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 100,1%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 0,5 млрд. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы – 37,5 млрд. теңге (НКИ-100,1%).
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында егіс алаңын 9,2 мың га ұлғайту және 760 мың га дейін жеткізу жоспарланып отыр. 12.04.2022 жылға ауыл шаруашылығы дақылдары 239,3 мың га егілді, оның ішінде дәнді масақты дақылдар – 158,5 мың га.
Начало формы
Конец формы
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 26,6 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 99,5%, сүт – 54,0 мың тонна (101,5%), жұмыртқа – 26,7 млн. дана (94,6%).
МІҚ саны 2021 жылғы тиісті кезеңге 5,2%-ға (533,9 мың бас), қой – 6,4%-ға (3356,8 мың бас), жылқы – 9,6%-ға (165,8 мың бас), құс саны – 23,8%-ға (2142,1 мың бас) артты.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2022 жылы 16 131,8млн.теңге (о.і.РБ -5 781,5 млн. теңге, ЖБ-10 350,4млн. теңге) субсидия көзделген. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға 2808,7 млн. теңге игерілді (о.і. РБ – 811,5 млн.теңге, ЖБ - 1997,2 млн.теңге).
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 535,4 млрд.теңгені (106,4%), жұмыспен қамтылғандар саны – 125 мың адам (98,8%).
2022 жылғы 1 сәуіргі жағдайға жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 73,6 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 105,3%-ды құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 82,8%-ды құрайды.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасын іске асыра басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы 173,1 млрд. теңгеге 4950 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы арқылы жалпы кепілдік сомасы 18,1 млрд. теңгеге 1911 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж. – 562,7 млн. теңгеге 31 жоба).
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек сауда айналымының көлемі 85,7 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға, көтерме сауда айналымы – 2,7%-ға (67,8 млрд. теңге) артты.
2022 жылдың қаңтар-ақпанында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 27,3млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы тиісті кезеңіне 94,8%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 10,0 млн. АҚШ доллары (108,7%), импорт – 17,3 млн. АҚШ доллары (88,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 7,3 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері 123,4 млрд.теңгені құрап, 7,0% артты. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 2,7%-ға (29,8 млн. тонна), жүк айналымы - 8,4%-ға (11,4млрд.ткм), жолаушыларды тасымалдау – 26,8%-ға (109,2млн. адам), жолаушы айналымы – 21,2%-ға (1,0млрд.жкм) артты.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 63,1 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 113%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы 100 оқушыға арналған жапсаржай құрылысына, Жамбыл ауданында күн электр станциясын салуға, Талас ауданындағы «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС жабдықтарын сатып алуға салынған инвестициялар есебінен ұлғайтылды.
Құрылыс. Есепті кезеңдеқұрылыс жұмыстарының көлемі 20,7 млрд. теңгенінемесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 116,2% құрады.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердіңжалпы көлемі 118,0 мың ш.м құрады немесе өткен жылдың тиісті деңгейіне 105,1%.
Инфляция. Есепті кезеңдеинфляция деңгейі 5,4%-ды құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР-5,2%). Азық-түлік тауарлар бағасы 9,7%, азық-түлік емес тауарларына - 3,3%, ақылы қызметтерге - 1,4%-ға көтерілді.
Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы наурызда 2022 жылғы ақпанға қарағанда 104,2%-ды, (оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша - 107,6%-ды, азық-түлік емес тауарларға - 102,6%-ды, ақылы қызметтерге - 100,7%-ды құрады).
Азық-түлік тауарлары бойынша: қант 44,4% - ға, көкөніс бағасы - 36,8% - ға (о.і. қызанақ - 79,2% - ға, пияз - 68,9% - ға, ақбас қырыққабат - 57,4%-ға, картоп - 26,3% - ға, сәбіз - 18,6% - ға), тұз 29,1% - ға, жемістер 8,8% - ға (о. і. банандар-37,2% - ға), май және тоң майлар - 8,0% - ға (о. і. тұздалмаған сары май - 19,1% - ға, жануар майы - 17,2% - ға), күріш - 7,6%-ға, макарон өнімдері - 6,7%-ға, салқын сусындар - 6,3%-ға, жармалар - 5,7%-ға (о. і. қарақұмық - 8,1% - ға, арпа - 6,9%-ға, сұлы - 6,4%-ға), ет - 3,2%-ға (о. і. құс - 8,1% - ға, қой еті - 4,1%-ға, сиыр еті - 1,8%-ға), сүт өнімдері - 3,0%-ға (о. і. қатты ірімшік – 7,4%-ға, айран - 6,1%-ға, қаймақ - 1,2%-ға), шай - 2,5% - ға, жұмыртқа - 1,7% - ға өсті.
Тары бағасы 6,3% - ға, алма 5,1% - ға, жүгері, лимон бағасы 3,6%-ға төмендеді.
Нан, шошқа еті, томат пастасы бағасы тұрақты болып қалды.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша:тұрмыстық аспаптарға - 16,3%-ға, телефон және факсимильдік жабдықтарға - 10,7%-ға, жуу және тазалау құралдарына - 3,8%-ға, жеке пайдаланылатын тауарлар - 3,2%-ға, қатты отынға - 3,0%-ға, тұрғын үйге қызмет көрсетуге және оны жөндеуге арналған материалдарға - 2,7%-ға, фармацевтикалық өнімге - 2,5%-ға, киім және аяқ киімге - 1,0%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдар - 0,5%-ға өсті.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері - 2,1% - ға, амбулаториялық қызметтер - 1,5%-ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,9%-ға (оның ішінде әуе көлігі - 50,5% - ға), шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,7%-ға, тұрғын үйге қызмет көрсету және жөндеу - 0,6%-ға қымбаттады.
Су бұру тарифтері 0,8%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ - 0,7%-ға, ыстық су - 0,5%-ға, орталықтан жылытуға - 0,4%-ға төмендеді.
Салықтар. 2022 жылғы 1 сәуірге мемлекеттік бюджетке 41,2 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 121,8% (о.і. РБ – 13,5 млрд. теңге (108,0%), ЖБ - 28,0 млрд. теңге (129,8%)) түсті. Салық бойынша берешек 2,8 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 123,0%-ды құрады.
Бюджет. 2022 жылғы 1 сәуірдегі кірістер бойынша облыс бюджетінің атқарылуы 110,9 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістер – 28,0 млрд. теңгені немесе болжамға 129,8%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 23 511,6 млн. теңге (123,7%), салықтық емес түсімдер – 763,5 млн. теңге (239,0%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 3 682,6 млн. теңге (165,5%) құрады. Бюджеттік шығындар 99,8%-ға (106,3 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 9365 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 4404 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 891 адам, жастар практикасымен - 415 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 3616 адам қамтылды.
Жаңадан 5490 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 553. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 12 693 адамның 9236 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 215 285 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 27,5%-ға, нақты - 17,4%-ға артты (2021 ж. 4 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
96213 теңгені құрап, 2020 кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға, нақты - 2,7%-ға өсті (2021 ж. 4 тоқсан).
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 44,2 мың тұрғынға 733,3 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. 655,3 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 57,1 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 20,9 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы) төленді.
Білім беру. 2022 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 244,4 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезең жоспарына 60,5 млрд. теңге (100%-ға) игерілді. Оның ішінде білім беру нысандарын дамытуға жергілікті бюджеттен 7,2 млрд.теңге қарастырылды.
2022 жылы 5 мектеп салу жоспарлануда (Жамбыл ауданы Шоқай а.150 орындық; Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. 300 орындық; Тараз қ. Сүлейменов көш. соңындағы тұрғын алқабында 2400 орындық екі мектеп және Казарма массивінде 180 орындық).
12 мектептің (Байзақ ауданы Көктал а. 600 орындық,Сеңкібай а. 100 орындық; Жамбыл ауданы Айша-бибі а. 300 орындық; Жуалы ауданы Алатау а. 100 орындық, Дихан а. 180 орындық, Қордай ауданы Арал а. 180 орындық және Қалғұты а. 180 орындық; Шу ауданы Төлеби а.300 орындық; Тараз қ. «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық, «Арай» тұрғын алқабында 600 орынға, «Барысхан» тұрғын алабында 600 орынға, Асқарова тұрғын алқабында 600 орынға), Шу қаласындағы Алтынсарин атындағы орта мектепке және Тараз қ. мектептен тыс Даму орталығына қосымша ғимарат құрылысын жалғастыру жоспарлануда.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 444 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 372 мектепте 2468 интерактивті тақталар орнатылды.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға облыстағы 562 мектепке дейінгі ұйымдарымен (431 балабақша, 131 шағын орталықтар) 57,7 мың бала немесе 91,5% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа артық.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
12,6 млрд. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 3,9 млрд. теңге игерілді (100%). Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 2,9 млрд. теңге (1,1 млрд.теңгесі игерілді), денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 2,0 млрд. теңге бөлінді (1,6 млрд.теңге игерілді).
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5,8 млрд. теңге (о.і. РБ - 4,3 млрд. теңге, ЖБ – 1,5 млрд. теңге) қарастырылған.
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында 250 орындық аудандық емхана және 5 ДА, 1 МП құрылысын салу, сондай-ақ Тараз қаласында 200 орындық онкологиялық диспансер құрылысын аяқтау, Шу ауданы Шу қаласы қалалық емхана ғимаратын қайта жаңғырту жоспарлануда.
Есепті кезеңде психикалық бұзылулармен, қан айналымы жүйесінің және мерезбен сырқаттану деңгейінің төмендеуі байқалады. Қант диабетімен, қатерлі ісікпен, туберкулез және наркологиялық ауруларының өсуі байқалады.