Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

2022 жылғы 24 сәуірде Жамбыл облысында Меркі ауданының Ақтоған ауылдық округі, Сарысу ауданының Байқадам ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2198 енгізілді, оның 1134-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 41, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 2.

Әрбір үміткерге берілген дауыстар саны:

Абдіразақ Д.-372;  Жұманұлы А.–328; Медетбеков Н.–371; Сраилов Д.-20.

Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып Абдіразақ Данияр Ақылбекұлы 1993 жылы туылған, ЖК «Абдіразақ» директор, өзін-өзі ұсынған, Ақтоған ауылдық округі, Ақтоған ауылында тұрады.

Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 25 сәуіріндегі шешімімен 2022 жылы  24 сәуірде сайланған Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/article/details/82975?directionId=14512&lang=kk

            Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 2837 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 2245 Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 0.

         Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Аймагамбетов М.Т – 1133; 

         Назарбеков А.К. – 1081,

         Байқадам ауылдық округінің сайланған әкімі Аймагамбетов Мынжасар Туленович 1959 жылы туған, Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі, өзін өзі ұсынған. Байқадам ауылдық   округі, Саудакент ауылында тұрады.

                                                                                                                                                       Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  45-бабына сәйкес 2022 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен 2022 жылғы 24 сәуірде сайланған Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/article/details/83017?directionId=14586&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының  Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
25 апреля 2022