Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 сәуірге  тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 24 сәуірге  тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы

хабарламасы

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысының Меркі және Сарысу аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2022 жылғы 24 сәуірге  тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына төмендегідей кандидаттарды тіркеді:

Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:

Өзін-өзі ұсынған  Абдіразақ Данияр Ақылбекұлы, 1993 жылы туылған, ЖК «Абдіразақ» директоры , Ақтоған ауылында тұрады.

         «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған Жұманұлы Айбол, 1990 жылы туылған, Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ақтоған  ауылында тұрады.

         Өзін-өзі ұсынған Медетбеков Нурланбек Талгатович, 1988 жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы, Ақтоған ауылында тұрады

         Өзін-өзі ұсынған Сраилов Дулат Сеилтаевич, 1988 жылы туылған, Жамбыл ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы, Ақтоған ауылында тұрады

 Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/article/details/81567?directionId=14512&lang=kk

Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімінің сайлауына  тіркелген кандидаттар:

Өзін-өзі ұсынған  Аймагамбетов Мынжасар Туленович, 1959 жылы туған, Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі, Саудакент  ауылында тұрады.

         «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған Назарбеков Амантай Калдыбаевич, 1964 жылы туған, Байқадам ауылдық округінің әкімі, Саудакент  ауылында тұрады.

         Өзін-өзі ұсынған Таймолдаев Абдиманап Алтаевич, 1984 жылы туған, Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде инспектор, Саудакент ауылында тұрады.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/article/details/81794?directionId=14586&lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 сәуірге  тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
14 апреля 2022