Жамбыл облысы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың
І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 174 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 96 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 162 қызмет электронды форматта көрсетілуде.
2022 жылдың І тоқсанында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 2,9 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 2 835 363 қызмет (98,9 %);
қағаз түрінде – 223 қызмет (0,04 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 30 630 қызмет (1,06 %).
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 266 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2022 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтердің – 5 факті тіркелген. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің – 2 факті тіркелген.
Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың І тоқсанында 568 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 984 935 халық қамтылды.
2022 жылдың І тоқсанында мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 12 мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын) қызметкерлері өтті.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 30 ішкі бақылау жүргізіп, 21 жергілікті атқарушы органдар, 6 ведомстволық бағынысты ұйымдары және 3 мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын) қамтылды
(30 объекті). Нәтижесінде 73 бұзушылықтар анықталып, 43 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бірінші тоқсанда анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 5 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 26 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 26 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту 2 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың
14 фактісі тіркелді.