«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы  23 қарашадағы №235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы
    23 қарашадағы №235 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұрыл-Байтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: индексі 080615, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Қызылтал ауылдық округі, Көкжелек ауылы, Биназар көшесі, №20»;  

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: индексі 080400, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек Жолы көшесі, №265 Б»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:  

«7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: индексі 080913, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой кенті, Ақбұлақ көшесі, №1 «а» ».

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде:

1) Ережелердің әділет органдарында тіркелуін;

2) осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Облыс әкімі                                                                      Б. Сапарбаев

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу  басқармасының

          басшысы                                                                                     М. Шүкеев                                                

 «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы  23 қарашадағы №235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
25 марта 2022