Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

хабарламасы

 2022 жылғы 3 сәуірде Жамбыл облысында Жамбыл ауданының Тоғызтарау ауылдық округі, Мойынқұм ауданының Мыңарал ауылдық округі, Шу ауданының Бірлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 427 азамат енгізілді, олардың 391 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, "Барлығына қарсымын" белгісі қойылған жолда - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Рысбеков А.М. - 15; Тулеков Н.Р. - 326;. Туткишбаев Б.К. - 41.

Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі болып Тулеков Нурадил Рахманулы сайланды, 1991 жылы туған, Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-іс жүргізуші, Тоғызтарау ауылдық округінің Тоғызтарау ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен 2022 жылғы 3 сәуірде сайланған Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/288751?directionId=11120&lang=kk

Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 896 азамат енгізілді, оның ішінде 566 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 27, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бейсембаев Н.М. – 334; Сарчукенов П.Т. – 202; Абдразахов А.Р. – 1; Жанабаев Ж.К. – 0;

Мыңарал ауылдық окргугінің әкімі болып Бейсембаев Нэби Мамырович сайланды, 1966 жылы туылған, «Рыс-Қанағат» ЖШС прорабы, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен 2022 жылғы 3 сәуірде сайланған Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/article/details/80639?lang=kk

Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 1764 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 783.  Жарамсыз бюллетеньдер саны – 38, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені - 5.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Асатов Б.Ә. – 15;  Әшімбаев М.Ж. – 91; Қадырбеков Н.А. – 82; Қараулов Н.О. – 350; Мұхамбетжанов Б.М. – 38; Сыздықпаев И.Б. – 164.

         Бірлік ауылдық округі әкімі болып Қараулов Нұрбек Опабекович сайланды, 1964 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Бірлікүстем ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен 2022 жылғы 3 сәуірде сайланған Шу ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімін тіркеді.
                                           

Шу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/350404?lang=kk

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
04 апреля 2022