Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 03 сәуірге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Жамбыл облысының Жамбыл, Мойынқұм, Шу аудандарының аудандық сайлау комиссиялары 2022 жылғы 03 сәуірге тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер сайлауына төмендегідей кандидаттарды тіркеді:
Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/documents/details/283610?lang=kk
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттар:
Мыңарал ауылдық округіне Абдразахов Абдигали Расулович, 1978 жылы туылған, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы әкімінің бас инспекторы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мыңарал ауылдық округіне Бейсембаев Нэби Мамырович, 1966 жылы туылған, Нұрсұлтан қаласы «Рыс-Қанағат» ЖШС прорабы, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мыңарал ауылдық округіне Сарчукенов Парасат Талгатович, 1984 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бұқаралық спорттық іс-шаралар жүргізу орталығының спорт әдіскері, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мыңарал ауылдық округіне Жанабаев Жандар Кайнарулы,1991 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Шығанақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы , Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттар:
Бірлік ауылдық округіне Қадырбеков Нұржан Амангелдіұлы, 1968 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Шу ауданы, Шу қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бірлік ауылдық округіне Асатов Батырғали Әділұлы, 1981 жылы туған, Шу ауданы, Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары, Шу ауданы, Төле би ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бірлік ауылдық округіне Қараулов Нұрбек Опабекұлы, 1964 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бірлік ауылдық округіне Әшімбаев Мейрамбек Жансейтұлы, 1964 жылы туған, Төле би көп салалы кәсіпорнында директор орынбасары, Шу ауданы, Шу қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бірлік ауылдық округіне Сыздықпаев Ислам Бахытбекұлы, 1987 жылы туған, Шу ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімдігіне жетекші маман, Қонаев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бірлік ауылдық округіне Мұхамбетжанов Бахыт Мәуленұлы, 1989 жылы туған, Қонаев ауылдық округі әкімдігіне бас маман, Қонаев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бірлік ауылдық округіне Төлендив Болатжан Бахытұлы, 1979 жылы туған, Шу ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы, Шу ауданы, Шу қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Шу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/348880?lang=kk