Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының комиссия отырысында, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ә.Әбдіре өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды, бос лауазымға облыстық сайлау комиссиясының мүшесі А.А.Боранбаев Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы міндетін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын хатшысы болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына және «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 14 наурыздағы №72 ж/қ бұйрығына сәйкес, М.Е. Амангелді Ақпараттық-бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің Жамбыл облысындағы маманы (өңірлік өкіл) лауазымына жұмысқа қабылданды.

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
16 марта 2022