Жамбыл облысы Шу ауданының Алға және Жаңа жол ауылдық
округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11- бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Жамбыл облысы Шу ауданының Алға және Жаңа жол ауылдық округтерінің шекаралары 1, 2 қосымшаларына сәйкес өзгертілсін.
- Алға ауылдық округінің шекарасының жалпы аумағы 82 193,13 гектар, Жаңа жол ауылдық округінің шекарасының жалпы аумағы 24 669,37 болып белгіленсін.
- Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
|
|
Жамбыл облысының әкімі
|
|
|
Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы
|
|
|
|
|
|
|