Аумақтық сайлау комиссия төрағаларының 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды жиналысының баспасөз парағы

Аумақтық сайлау комиссия төрағаларының 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды жиналысының баспасөз парағы

          Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың қатысуымен 2022 жылдың 17 ақпаны мен 02 наурыз күндері аралығында облыс көлемінде Тараз қаласы және аудандық сайлау комиссиялары төрағаларының жылдық есептері және 2022 жылға арналған сайлау процесіне қатысушыларды сайлау алды оқытудың күнтізбелік жоспарының жобасын талқылау үшін аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды жиындары өтті.

         Жиынға аудан әкімі аппараты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ішкі саясат бөлімі, саяси партиялар, ҮЕҰ, құқық қорғау және сот органдары өкілдері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, ауылдық округ әкімдері, қауымдастық төрағалары мен учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшылары қатысты.

Аудандық сайлау комиссияларының 2021 жылы атқарған жұмысының қорытынды есебінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов сайлау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып,  тікелей сайлау жүйесінің ел үшін маңызды екеніне баса назар аударды.

Сайлаушылар тізіміндегі кеткен қателіктер  бойынша ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыс атқару бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігі туралы және сайлау процесіне қатысушыларды сайлау алды оқытудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Жиын соңында С.Айдапкелов аудандағы сайлау жүйесін жетілдіру барысында жоғары белсенділік танытқан учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аумақтық сайлау комиссия төрағаларының 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды жиналысының баспасөз парағы
Дата публикации
03 марта 2022