Жамбыл облысы Байзақ ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

 Жамбыл облысы Байзақ ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кейбір ауылдардың бағыныстылығы өзгертілсін:

         1) Жаңатұрмыс ауылдық округінің Көкбастау, Төрегелді және Тегістік ауылдары Бәйтерек ауылдық округінің;

          2) Бәйтерек ауылдық округінің Қосақ ауылы Сарыкемер ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін.

  1.    Кейбір ауылдық округтердің:

          1) Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімшілік шекарасы (шегі) 876,6536 гектарды алып тастау жолымен өзгертіліп, оның әкімшілік шекарасының жалпы көлемі 998,0807 гектар;

          2) Бәйтерек ауылдық округінің әкімшілік шекарасы (шегі) 876,6536 гектарды қосу және 221,9479 гектарды алып тастау жолымен өзгертіліп, оның әкімшілік шекарасының жалпы көлемі 1190,51 гектар;

          3) Сарыкемер ауылдық округінің әкімшілік шекарасы (шегі) 221,9479 гектарды қосу жолымен өзгертіліп, оның әкімшілік шекарасының жалпы көлемі 1458,35 гектар жер болып белгіленсін.

  1.    Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2.   Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 Жамбыл облысы Байзақ ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
01 марта 2022