Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық  округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық

 округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және           өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қостөбе ауылдық округінің шекарасы қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес өзгертілсін.
  2. Қостөбе ауылдық округінің шекарасының жалпы аумағы 1133,0452 гектар болып белгіленсін.
  3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық  округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы
Дата публикации
01 марта 2022