Жамбыл облысының 2022 жылдың қаңтардағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2022 жылдың қаңтардағы

 әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 Өнеркәсіп. 2022 жылдың қаңтарында  57,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 105,4%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 5,1%-ға                                    (6,6 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 3,9%-ға (39,2 млрд. теңге),                         электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 10,9%-ға (11,0 млрд. теңге). Бұдан басқа, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 1,7% - ға төмендеді (0,5 млрд. теңге).

2022 жылы инвестициялар көлемі 12,1 млрд. теңгеге, 592 жаңа жұмыс орны құрылатын 9 жобаны іске асыру жоспарлануда. («Satellie GS » ЖШС - құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту, «Ерсад-2021» ЖШС - S (спанбонд), SS,SMS, MB (мельтблаун) типтегі тоқыма емес маталар өндіру қойма-цехының құрылысы, «Кордай корм» Агроөнеркәсіп кешені - өндірісті кеңейту, құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы, «Дәмді себет» ЖШС - ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру, «Бахор» ШҚ - сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы, «Мерагро Холдинг» ӘКК» - ұн тарту зауытының құрылысы, «Каратау Про» ЖШС - ұсақ ұнтақталған толтырғыштар шығаратын жұмыс істеп тұрған зауыттың өндірістік қуаттарын ұлғайту, «Turan Industry» ЖШС - табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу, «Alina Group» ЖШС - күнжіт плиталарын өндіру; құрылыстық мақсаттағы сылақтар мен желімдер өндірісі;құрылыс гипсін өндіру).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11,7 млрд.теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге 91,4%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 0,1 млрд. теңге    (НКИ -100%), мал шаруашылығы – 11,6 млрд. теңге (НКИ-91,3%).

Начало формы

Конец формы

Шаруашылықтың барлық санаттарында 8,4 мың тонна ет                              (тірі салмақта) өндірілді немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге 85,7%, сүт –    17,4 мың тонна (101,3%), жұмыртқа – 9,4  млн. дана (116,8%).

МІҚ саны 2021 жылғы тиісті кезеңге 6,1%-ға (496,7 мың бас), қой – 7,2%-ға (2998,3 мың бас), жылқы – 10,2%-ға (163,2 мың бас) өсіп, құс саны – 0,3%-ға (1752,8 мың бас) азайды.                      

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2022  жылы 16 131,9 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 5 781,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 10 350,4 млн. теңге субсидия көзделген.

2022 жылдың 1 ақпанына қаражат игерілмеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылғы қаңтар - қыркүйекте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 535,4 млрд.теңгені (106,4%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны - 125 мың адамды (98,8%) құрады.

Жұмыс істейтін субъектілер саны 2022 жылғы 1 ақпанға 72,8  мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 105,8%-ды құрады. Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлемінде жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 82,8%-ды құрайды.

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы                    168,7 млрд. теңгені құрайтын 4763 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 17,4 млрд. теңгені құрайтын 1796 жоба жүзеге асырылуда (2022 ж. – 2,4 млн. теңгеге 2 жоба).

2022 жылдың қаңтарында бөлшек сауда айналымының көлемі                 26,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  3,0%-ға артты. Көтерме сауда айналымы – 18,1 млрд. теңге сомасында қалыптасып,  5,8%-ға артты.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 262,5 млн. АҚШ долларын құрап немесе 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанына қарағанда 147,0%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 65,7 млн. АҚШ доллары (111,4%),  импорт – 196,8 млн. АҚШ доллары (164,5%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 131,1 млн. АҚШ доллары.

Начало формы

Конец формы

Көлік. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2021 жылдың тиісті кезеңіне  0,6%-ға (10,0 млн. тонна) және жолаушылар айналымы –22,3%-ға (320,0 млн.жкм), жүк айналымы 7,8%-ға (3857,4 млн.ткм) және жолаушыларды тасымалдау – 25,6%-ға (34,5 млн. адам) артты.

Инвестиция көлемі 9,3 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 80,9% құрады.

Төмендеу өткен жылдың ұқсас кезеңінде «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар»Тараз филиалы МАФ (моноаммофос) өндіру зауытының құрылысына және электр қозғалтқышын, кондуктомерді және өзге де жабдықтарды сатып алуға инвестиция салуымен, «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ - 2021 жылы Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің аяғында орналасқан 60, 80 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына инвестиция салуымен, «Monterra Qasaqstan» ЖШС - тау-кен металлургия зауытын салу үшін ТЭН әзірлеуге, «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» «Амангелді газ» - пайдалы қазбаларды барлауға салынған инвестиция есебінен қалыптасты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,6 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 92,6% құрады. 2021 жылғы қаңтарда Шу қаласындағы «Тараз-көлікжолы» ЖШС тұрғын үй массивінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының (көшелерінің) құрылысын жүргізуіне байланысты төмендеді.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 23,1 мың шаршы метрді немесе жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйді іске қосуын азайту есебінен 2021 жылдың тиісті деңгейіне 90,1% - ды құрайды.

  2022 жылдың қаңтар айында  инфляция деңгейі 0,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары - 1,0%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 0,4%-ға, ақылы қызметтер - 0,2%-ға көтерілді.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен                  0,1 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 0,7%).

Азық-түлік тауарлар тобы бойынша 2022 жылдың қаңтар айында  жемістер мен көкөністер - 3,5%-ға (оның ішінде қырққабат - 8,6%-ға, картоп - 5,6%-ға,  қызылша - 2,2%-ға,  сәбіз -0,2%-ға),  жұмыртқа - 2,0%-ға, жармалар - 1,6%-ға  (оның ішінде қарақұмық - 2,4%-ға, тары мен жарма-  0,4%, арпа  - 0,3%), жоғары сұрыпты ұн- 1,5%-ға, құмшекер - 1,4%-ға, май және тоң майлары - 1,3%-ға (оның ішінде тұздылмаған сары май - 3,6%-ға), макарон бұйымдары - 1,2%-ға, балық және теңіз өнімдері - 1,0%-ға, сүт өнімдері - 0,6%-ға (оның ішінде (оның ішінде қатты ірімшік - 1,3%), ет 0,3% (соның ішінде шошқа еті - 0,9%, жылқы еті - 0,4%, сиыр еті - 0,3%, қой еті - 0,1%), күріш - 0,1%.

Нан, шай, пастерленген сүт, сүзбе бағасы өзгеріссіз қалды.

Азық - түлік емес тауарлар тобы бойынша бағалар фармацевтикалық өнімге - 1,2% - ға, киім мен аяқ киімге - 0,5% - ға, жуу және тазалау құралдарына - 0,1% - ға өсті. Баға бензинге - 0,3%-ға, дизель отыны - 0,2%-ға төмендеді.

Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында тұрғын үйді жалдау қызметтері - 1,6%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері - 0,1%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық  және амбулаториялық қызметтер тұрақты болып қалды.

Жолаушылар көлігі қызметі 0,2%-ға төмендеді.

Салықтар мен бюджет. 2022 жылдың 1 ақпанына  мемлекеттік бюджетке 9,9 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға  157,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 3,2 млрд.теңге (болжамға 102,5%), жергілікті бюджетке – 6,7 млрд.теңге  (болжамға 210,5%).

2022 жылғы 1 ақпанына берешек сомасы 3,5 млрд. теңгені немесе                          2021 жылдың тиісті кезеңіне 98,7%-ды құрады.

2022 жылдың 1 ақпанына  облыс бюджетінің кірістері бойынша орындалуы  27,5 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 6,7 млрд.теңгені құрады.

Өзіндік кірістер 6 718,9 млн. теңгеге (жоспар – 3 191,8 млн.теңге) немесе 210,5%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер                    5 265,2 млн. теңгеге (жоспар – 3 002,1 млн.теңге) немесе 175,4%-ға, салықтық емес түсімдер 104,4 млн. теңгеге (жоспар – 54,7 млн.теңге) немесе 190,7%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 349,3 млн. теңгеге   (жоспар -   135,0 млн.теңге) немесе  999,8%-ға орындалды.

Бюджеттік шығындар 92,2%-ға игерілді (22,3 млрд.теңге).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жоспары шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 3587 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 1340 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 309 адам, жастар практикасымен - 32 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 1900 адам қамтылды.

Жаңадан 2 292 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 52. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген                            5712  адамның 3581 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 4 тоқсанында 215 285 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 27,5%-ға, нақты – 17,4%-ға артты.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
2021 жылдың 3 тоқсанында 88874 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға, нақты - 1,2%-ға өсті.

2022 жылдың қаңтар айында  7,2 мың тұрғынға  861,0 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 850,8 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 10,2 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы 244,4 млрд. теңге қарастырылды, есепті кезеңі жоспарына 15,9 млрд. теңгеге (93,8%-ға) игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2022 жылы бюджет есебінен                        7,1 млрд.теңге қарастырылды (жергілікті бюджеттен).

2022 жылы Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Шоқай ауылында 150 орындық орта мектеп, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 300 орындық мектеп, Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқабында 2400 орындық екі мектеп және Казарма массивінде  180 орындық мектеп салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Байзақ ауданы Көктал ауылында 600 орындық орта мектеп пен Сеңкібай ауылында 100 орындық орта мектеп, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында 300 орындық мектеп, Жуалы ауданы Алатау ауылындағы 100 орындық орта мектеп пен Дихан ауылындағы 180 орындық орта мектеп, Қордай ауданы Арал ауылындағы 180 орындық орта мектеп және Қалғұты ауылдағы 180 орындық орта мектеп, Шу ауданы Төлеби ауылындағы 300 орындық Әл-Фараби атындағы орта мектеп және Шу қаласындағы Алтынсарин атындағы орта мектепке қосымша ғимарат құрылысын жалғастыру жоспарлануда.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың  444 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 371 мектепте 2452 интерактивті тақталар орнатылды.

2022 жылғы 1 ақпанына  облыстағы 562 мектепке дейінгі ұйымдарымен (431 балабақша, 131 шағын орталықтар) 57,1 мың бала немесе  91,5%               (1-6 жас) қамтылды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа артық.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2022 жылы
11,9 млрд. теңге бөлініп, қаңтар айында 68,0 млн. теңге игерілді немесе есепті мерзімге 99,4%. Оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге қарастырылғаны 2,9 млрд. теңге. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2,0 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5,5 млрд. теңге (оның ішінде                РБ  - 4,3 млрд. теңге, ЖБ – 1,2 млрд. теңге) қарастырылған.

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында 250 орындық аудандық емхана және 5 ДА, 1 МП құрылысын салу, сондай-ақ Тараз қаласында 200 орындық онкологиялық диспансер құрылысын аяқтау жоспарлануда.

2022 жылдың қаңтар айында наркологиялық аурулар деңгейінің өсуі байқалады, сонымен қатар қан айналымы жүйесі, қант диабеті, туберкулез, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар, мерез аурулары деңгейінің төмендеді.

Жамбыл облысының 2022 жылдың қаңтардағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
24 февраля 2022