ЖОБА  Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

 

 

 

 ЖОБА  Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 6-3-5/63 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Жамбыл облысының аумағында залалданған алқаптар көлемінде карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
  2. Инспекция, аудан әкімдері, Тараз қаласы әкімі және «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

ЖОБА  Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
Дата публикации
17 февраля 2022