Меморандумның орындалуы туралы
талдамалы жазба
2021 жылға жасалған Меморандумның жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қатысты, төмендегіні хабарлаймыз.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы (ҚЭИ) 105,8%-ды, оның ішінде өнеркәсіп өнімінің НКИ- 104,6%-ды, ауыл шаруашылығы – 101,4%-ды, құрылыс жұмыстары – 112,9%-ды, сауда – 105,2%-ды, көлік – 108,0%-ды, байланыс – 114,5%-ды құрады.
Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған мәннің орындалуы күтілуде.
Өсім негізінен жеке табыс салығы - 24,4%-ға, әлеуметтік салық - 18,1%-ға, мүлікке салынатын салық - 4,1%-ға, көлік құралдары салығы - 18,7%-ға, қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы - 18,7%-ға, көлік құралдары салығы бойынша - 18,7%-ға, қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы - 18,8%-ға, коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер - 44,2%-ға артуымен байланысты.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық Статистика бюросының статистикалық жұмыстарына сәйкес 2021 жылғы есептілік есепті кезеңнен кейінгі қыркүйек айында қалыптастырылады.
2021 жылғы қаңтар-қарашадағы алдын ала деректер бойынша шикізаттық емес экспорттың көлемі 141,0 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы қаңтар-қарашаға 122,5%-ды құрады.
Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған мәнге қол жеткізу жоспарлануда.
2021 жылғы жылдық деректер Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес есепті кезеңнен кейінгі қараша айында қалыптастырылады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 535,4 млрд.теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға артты, онда жұмыспен қамтылғандар саны - 125,0 мың адам. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 71,3 мың бірлікті құрап, 2,8%-ға өсті.
Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған мәнге қол жеткізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының статистикалық жұмыстарына сәйкес 2021 жылдың түпкілікті жылдық деректері есепті кезеңнен кейінгі қыркүйек айында қалыптастырылады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2020 жылдың тиісті кезеңіне шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының 10,7%-ға немесе 310,1 млрд.теңгеге өсуінің оң серпіні, жалпы өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының 21,4%-ға дейін ұлғаюы байқалады.
Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған мәнге қол жеткізу жоспарлануда.
2021 жылдың қорытындысымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлығы 16,4 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 11,4 млрд.теңге, жергілікті - 5,0 млрд.теңге.
2021 жылдың қортындысымен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 58078 адам тартылды (оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға - 1322, техникалық және кәсіптік білімге - 770, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1516, ақылы қоғамдық жұмыстарға - 11085. Жастар практикасынан 2107 түлек өтті, 1323 адам шағын несие алды, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грантқа иеленді – 5062).
Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған мәннің орындалуы күтілуде.
7.1 «Өлімнің стандартталған коэффициенті» - жылдық көрсеткіш. Жыл қорытындысы бойынша деректер 2022 жылғы маусымында жарияланатын болады.
7.2. «Аналар өлім-жітімі (100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны)» көрсеткіштің жоспарлы мәні 35,4 деңгейінде жоспарланып, нақты орындалу мәні 27,8 құрады.
Есепті кезеңде ана өлімінің 8 оқиғасы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында – 2 (1- Алматы қ. тұрғыны), Байзақ - 2, Жамбыл - 1, Меркі - 1, Талас - 1, Шу – 1 аудандарында (оның ішінде 7 жағдай «коронавирустық инфекция» диагнозы, 1 жағдай экстрагениталдық аурумен байланысты).
Өлім деңгейін төмендету мақсатында облыста ана мен бала өлімін төмендету бойынша жедел жоспар әзірленді. Босандыру бойынша Жол картасы индикаторларына үнемі мониторинг жүргізіледі. Ана өлімінің барлық жағдайларына талдау жүргізілді, ана өлімінің алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берілді. Жедел медициналық көмек көрсету бойынша мобильді топтар жұмыс істейді.
2021 жылы 50 маман (акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматологтар) БҰҰ қорының ауылдық елді мекен саласындағы елдік офисінің ұйымдастыруымен «Отбасын жоспарлау мен контрацепцияның заманауи әдістері» және «Ауыр акушерлік асқынуларды жүргізу» циклі бойынша оқытудан өтті. «Перинаталдық күтімнің тиімді технологияларын енгізу» циклы бойынша беларусь мамандарының шақыруымен 6 медицина қызметкері оқытылды.
Қойылған мақсат асыра орындалды.
7.3. «Нәресте өлім-жітімі», 1 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны жоспарлы мәні 8,1, 2021 жылы нақты орындалуы 7,28 құрады.
2021 жылғы қаңтар- желтоқсанында қайтыс болған балалардың саны 223 құрады. Оның ішінде перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар - 96 (43%), туа біткен даму ақаулары бойынша – 47 (21,1%), инфекциялық және паразиттік аурулар – 8 (3,6%), өзге де себептер бойынша – 72 (32,3%).
Медициналық ұйымдарда балаларға (5 жасқа дейінгі), жүкті және босанған әйелдерге патронаждың әмбебап-прогрессивтік моделі енгізілді. Перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудиті бойынша облыстық перинаталдық орталықтың мамандары оқудан және сертификаттаудан өтті. Туа біткен даму ақауларын уақтылы диагностикалау және өмірмен үйлеспейтін ауыр ақауларды анықтау бойынша 28 адамды қамти отырып, УДЗ мамандарын оқыту жүргізілді. Босандыру және балалар ұйымдарын медицина кадрларымен жасақтау, ұрпақты болу денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
8.1 «1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту» көрсеткіштің жоспарлы мәні 91,5%-ға жоспарланып, нақты орындалу мәні 91,5%-ды құрады.
8.2 «3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту» көрсеткіштің жоспарлы мәні 100%-ға жоспарланып, нақты орындалу мәні 100%-ды құрады.
2021 жылы 2730 орындық 18 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 1249 орындық 17 жекеменшік балабақша, 25 орындық 1 шағын орталық және 1456 қосымша орын ашылды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың саны 562 бірлікті құрады, онда 57103 бала тәрбиеленуде.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
Тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі құрылыс (1570 бірлік), ауыл шаруашылығы (6470 бірлік), білім беру (799 бірлік), көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу (1360 бірлік) салаларында құрылған.
Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.
«Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы» көрсеткішінің жоспарлы мәні 651,0 мың шаршы метр белгіленіп, нақты 704,7 мың шаршы метр пайдалануға берілді.
Көрсеткіштің орындалуы негізінен мемлекеттік меншік есебінен тұрғызылған тұрғын үйлер көлемі – 169,2 мың шаршы метр және тұрғындар қаражаты есебінен – 535,5 мың шаршы метр өсуіне байланысты.
Мемлекет бюджет есебінен 2021 жылы 41 көппәтерлі үй пайдалануға берілді, жалпы аумағы 169,2 мың. ш.м. құрады.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
11.1 қалаларда:
- 91,0% жоспарлы мәндегі нақты орындалуы 91,0% құрады.
2021 жылы облыс қалаларында орталықтандырылған сумен 413166 адам қамтамасыз етілді.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
11.2 ауылдарда:
- 81,2% - дан кем емес жоспарлы мәндегі нақты орындалуы 88,8% - ды құрады.
2021 жылы 15 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған сумен 45708 адам қамтамасыз етілді.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
13.1 қалаларда:
- 95,33% - дан кем емес жоспарлы мәндегі, нақты орындалуы 95,33%-ды құрады.
2021 жылы облыс қалаларында орталықтандырылған газбен 435 284 адам қамтамасыз етілді.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
13.2 Ауылдық елді мекендерде:
- 62,3% - дан кем емес жоспарлы мәніндегі нақты орындалуы 69,2% - ды құрады.
2021 жылы «2021-2022 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Жуалы ауданының 2 елді мекені, Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарының 4 елді мекені, облыстық бюджет есебінен Жамбыл ауданының 2 елді мекені, сондай-ақ Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарының жергілікті тұрғындары есебінен 8 елді мекен газдандырылды. Нәтижесінде 2021 жылы ауылдық жерлерді газбен жабдықтау 6,9% - ға артты (62,3% - дан 69,2% - ға дейін).
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
2021 жылы 214,2 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 6,1 млрд.теңге игерілді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ЖБ - 2,3 млрд. теңге), оның есебінен 3,6 км жол құрылысы және 214,2 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 177,9 км - облыстық маңызы бар автожолдар (3,6 км – құрылыс, 174,3 км – орташа жөндеу), 36,3 км - аудандық маңызы бар автожолдар.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілді.
Облыста 5241 (2020 жылы - 5707) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 4531 қылмыс (2020 жылы - 4850) және 710 қылмыстық терісқылық (2020 жылы - 857).
Тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы ашылуы 67,9% құрады (2020 ж. – 68%), оның ішінде аса ауыр 86,7% (2020 ж. – 93,1%), ауыр 66% (2020 ж. - 66%).
Облыста құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық комиссия құрылып, олардың отырыстарында құқық бұзушылықты алдын-алу және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша аса маңызды мәселелер қаралып, талқылануда.
Көшелерде жасалған қылмыстар категориясына жататын қылмыстарға тұрақты негізде егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, оларды дер кезінде алдын-алу шаралары қабылданып тұруда.
Қылмыстық оқиғалардың алдын-алу мақсатында облыстың барлық аудандарында алдын-алу іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қойылған мақсат асыра орындалды.
Тіркелген 1277 жол-көлік оқиғалары жылдамдықты арттыру - 270 (21,1%), көлікті мас күйінде жүргізу - 52 (4,0%), маневр жасау ережелерін бұзу – 79 (6,1%), қашықтық сақтамау - 49 (3,8%), жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзу – 25 (1,9%), қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуы - 44 (3,4%) салдарынан жасалған.
Жол-көлік оқиғаларына жүргізіліп отырған ай сайынғы талдау негізінде апаттылық жағдайларды тұрақтандыру, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу және ауыртпашылығын төмендету мақсатында Жамбыл облысы бойынша Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасымен «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Қауіпсіз қала», «Назар аударыңыз – Жаяу жүргінші!», «Назар аударыңыз - Балалар!» жедел-алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Қойылған мақсатты іске асыруға қол жеткізілмеді.
Жалпы, Меморандум көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілді.
|
Облыс әкімі
|
|
Б. Сапарбаев |