ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ 28 қаңтар 2022 жыл № 18 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2022 жылдың 16 мамыры.
3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орны: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы 1 мөлтек ауданы, № 18 үйде орналасқан «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты.
4. Сарысу ауданының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5.Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны Жамбыл облысы әкімдігінің және Басқарманың интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің
экспликациясы
|
№
|
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының атаулары |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жалпы көлемі, гектар |
оның ішінде жайылым, гектар |
Мәжбүрлеп иеліктен шығару мақсаты және негізі |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
1. |
«Тоғызкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Сарысу ауданы |
06-094-053-174 |
794,1939 |
794,1939 |
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 47 кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру лицензиясы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген Индустрияландыру картасы негізінде, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қуаты жылына 400 000 тонна кальцийленген сода зауытының құрылысын жүргізу және пайдалы қазба кен орындарын қазу үшін |
|
|
2.
|
Даниярбекұлы Ерасыл |
Сарысу ауданы |
06-094-053-162 |
146,4948 |
146,4948 |
||
|
|
Барлығы |
|
|
940,6887 |
|
|