ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2022 жылғы 30 қаңтарда Мойынқұм ауданы Мирный ауылының әкімін сайлауыөтті.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Мирный ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
            Мирный ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 435 азамат енгізілді, оның ішінде 396 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-3.
            Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аманов С.С. – 361; Қонысбаев Д.Е. – 28; Мирный ауылының әкімі болып Аманов Сайнұр Сағынғалиұлы сайланды, 1984 жылы туған, алдыңғы жұмыс орны: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
             Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен 2022 жылғы 30 қаңтарда сайланған Мойынқұм ауданы Мирный ауылының әкімін тіркеді.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/article/details/73019?directionId=11794&lang=kk

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
31 января 2022