ЖОБА Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атауының транскрипциясын нақтылау  туралы

ЖОБА

Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атауының транскрипциясын нақтылау  туралы

 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысы әкімдікі жанындағы ономастика комиссиясының 2021 жылғы30 қарашадағы қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл облысындағы:
  • Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің Пригородноеелді мекені

Сұлутөр ауылы;

  • Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің Буденное елді мекенін Арыстанды ауылы;
  • Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің Үшарал елді мекенін Әбілда ауылы;
  • Талас ауданы Саду Шәкіров ауылдық округінің Амангелді елді мекені Тамабек ауылы деп қайта аталсын.
  1. Жамбыл облысыТалас ауданы Қаратау ауылдық округі Есей би елді мекені Есейхан ауылыболып атауының транскрипциясы нақтылансын.
  2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының                  Жамбыл облыстық

әкімі                                             мәслихатының хатшысы

 

Б.СапарбаевМ.Сарыбеков

 

 

 

ЖОБА Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атауының транскрипциясын нақтылау  туралы
Дата публикации
21 января 2022