ЖОБА  Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

ЖОБА

 Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4-1)тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының                          2021 жылғы 7 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері:
  • Бауыржан Момышұлы көшесінің 4-бұрылысын - Жазылбек Қуанышбаев көшесі;
  • Жазылбек Қуанышбаев көшесін - Мұстафа Шоқай көшесі;
  • Западный көшесін - Қазақ радиосы көшесі;
  • Западный көшесінің 1- тұйық көшесін - Қазақ радиосы көшесінің 1 - тұйық көшесі;
  • Западный көшесінің 2 - тұйық көшесін - Қазақ радиосыкөшесінің 2 - тұйық көшесі;
  • Западный көшесінің 3 - тұйық көшесін - Қазақ радиосы көшесінің 3 - тұйық көшесі;
  • Дальняя көшесін - Ақ жол көшесі;
  • Дальняя көшесінің тұйық көшесін - Ақ жол көшесінің тұйық көшесі;
  • Надежда Крупская көшесін - Мәңгілік Ел көшесі;
  • Надежда Крупская көшесінің 1- тұйық көшесін - Мәңгілік көшесінің 1 - тұйық көшесі;
  • Надежда Крупская көшесінің 2 - тұйық көшесін - Мәңгілік Ел көшесінің 2 - тұйық көшесі;
  • Надежда Крупская көшесінің 3 - тұйық көшесін - Мәңгілік Ел көшесінің 3 - тұйық көшесідеп қайта аталсын.
  1. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы және Жамбылоблысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының                                                  Жамбыл облыстық

әкімі                                                                             мәслихатының хатшысы

 

Б.Сапарбаев                                                                 М.Сарыбеков

ЖОБА  Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Дата публикации
21 января 2022