Жамбыл облысы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
12 айы бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 174 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 96 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 162 қызмет электронды форматта көрсетілуде.
2021 жылдың 12 айында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 8,2 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 8 030 819 қызмет (97,5 %).
қағаз түрінде – 28 681 қызмет (0,3 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 180 867 қызмет (2,2 %);
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 7 989 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2021 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
1 шағым түскен және 98 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылған (оның ішінде 4 мерзім бұзу факті ішкі бақылаумен анықталған). Ол бойынша жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2020 жылдың 12 айында 1 872 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 2 927 014 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі
Есепті мерзімде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 124 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізіп, 78 жергілікті атқарушы органдар мен 46 ведомстволық бағынышты ұйымдары қамтылды. Нәтижесінде 1169 бұзушылықтар анықталып, 25 лауазымды тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.
Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 4 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 437 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 221 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 129 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 43 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 335 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 193 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.