САЛЫҚТАР
2021 жылдың 1 желтоқсанына мемлекеттік бюджетке жоспарда 113 млрд. 521,9 млн.теңге болса, 128 млрд. 430,7 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 113,1%-ға қамтамасыз етілді, өткен жылдың сәйкесінше мерзіммен салыстырғанда өсім 129,7%-ды құраған, оның ішінде:
республикалық бюджетке 42 млрд. 193,0 млн. теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 106,6%-ға орындалған;
жергілікті бюджетке 86 млрд. 237,7 млн.теңге сомасында түсімдер түскен немесе жоспар 116,7%-ға орындалған, өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 125,2%-ға құрады.