Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар-казандағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар-казандағы

 әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2021 жылдың қаңтар-қазанына  491,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 105,0%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,3%-ға                                    (50,1 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 4,5%-ға (363,5 млрд. теңге),                         электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 8,3%-ға (72,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 9,5%-ға (4,7 млрд. теңге) өсуі байқалады.

2021 жылы инвестициялар көлемі 16,4 млрд. теңгеге, 651 жаңа жұмыс орындары құрылатын 12 жобаны іске асыру жоспарлануда («Жабатаева Л.К.» ЖК - консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу, «Аса Агро» ЖШС-гі - құс фабрикасының ет өндіру көлемін ұлғайту, «KORDAY FISH» ЖШС-гі - балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ-ы  - құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу (ІІ кезең), «BestYard» ЖШС-гі - балық өнімдерін өңдеу зауыты, «AQMOL 2025» ЖШС-гі  - сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту, «Мухиев Е.Қ» ЖК-ғы - темір бетон бұйымдары зауытының құрылысы, «Satellie GS» ЖШС-гі - Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауытының құрылысы, «Kazstonebox» ЖШС-гі - гофрирленген картон және тас қағаздан дайын қаптама өндіру, «Аса DAMU» ЖШС-гі - жұмыртқа және құс етін өндіру фабрикасын кеңейту, «Taraz Plastic» ЖШС-гі - полипропилен шпагатын өндіру желісі, «КЕРЕҢ» ШҚ-ғы - тауарлы сүт фермасын салу). Оның ішінде 1,4 млрд.теңгеге 200 жаңа жұмыс орнын құрумен 4 жоба пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 100,1%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 247,5 млрд. теңге    (НКИ -97,4%), мал шаруашылығы – 129,6 млрд. теңге (НКИ-104,9%).

Начало формы

Конец формы

Өсімдік шаруашылығында дәнді масақты дақылдарды жинау, жемшөп дайындау және күздік бидай егу аяқталды. Ағымдағы жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша 149,1 мың га күздік дақылдар егілді, бұл жоспарда көзделгеннің 97,6%-ын құрайды. Көкөністерді, майлы дақылдарды, дәндік жүгері мен қант қызылшасын жинау жұмыстары жалғасуда.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 104,6 мың тонна ет                              (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылдың қаңтар-қазанына 106,9%,                 сүт – 285,0 мың тонна (101,6%), жұмыртқа – 127,0  млн. дана (107,8%).

МІҚ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 11,8%-ға (489,0 мың бас),                    қой – 3,9%-ға (3074,5 мың бас), жылқы – 4,9%-ға (148,6 мың бас), құс саны – 27,3%-ға (2141,1 мың бас) өсті.                      

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 19 162,0 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 9566,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 9595,4 млн. теңге субсидия көзделген.

2021 жылдың 1 қарашасына 15514,6 млн.теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен –                                            8008,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 7506,6 млн. теңге.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылдың қаңтар-шілдесіне шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 246,3 млрд. теңгені (118,7%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны – 123,5 мың адамды (99,0%) құрады.

Жұмыс істейтін субъектілер саны 2021 жылғы 1 қарашасына 71,7 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,1%-ды құрады. Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлемінде жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 82,3%-ды құрайды.

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы                    168,4 млрд. теңгені құрайтын 4740 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 129,9 млрд.теңгені құрайтын 2561 жоба (2021 ж. – 30,0 млрд. теңгеге 1242  жоба).

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 17,1 млрд. теңгені құрайтын 1788 жоба жүзеге асырылуда (2021 ж. – 8,0 млрд. теңгеге 1062 жоба).

 «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,7 млрд.теңгеге 119 жоба іске асырылуда (2021 ж. – 231,4 млн. теңгеге 5 жоба).

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 692,9 млн. теңге сомасына 272 жоба қаржыландыруға мақұлданды.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы                     207,7 млн. АҚШ долларын құрап немесе 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 158,1%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 46,0 млн. АҚШ доллары (109,5%),  импорт – 161,7 млн. АҚШ доллары (180,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 115,7 млн. АҚШ доллары.

2021 жылдың қаңтар-қазанына бөлшек сауда айналымының көлемі
281,1 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 3,5%-ға артты. Көтерме сауда айналымы – 240,3 млрд. теңге сомасында қалыптасып,  8,4%-ға артты.

Начало формы

Конец формы

Көлік. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 4,5%-ға төмендеп, 72,5 млн. тонна құрады, жолаушыларды тасымалдау – 11,1%-ға (350,7 млн. адам), жолаушылар айналымы – 21,2%-ға (2670,3 млн.жкм). Жүк айналымы 6,1%-ға арты (2919,8 млн.ткм).

Инвестиция көлемі 295,9 млрд.теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне 111,0% құрады. Өсім иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысына, Қордай ауданында жел электр станциясының құрылысына, жел электр станцияларының құрылысына, Талас ауданындағы Амангелді кен орнының ГКДҚ-да тоңазытқыш тазарту қондырғысының құрылысына инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 143,4 млрд. теңгені немесе
2020 жылдың тиісті кезеңіне 107,3% құрады. Өсім Жамбыл ауданында ирригация және дренаж жүйелерін (ПУИД-2) салу, Аса ауылының тұрғын үй алаптарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу , Мойынқұм ауданында Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолын реконструкциялау, Талас ауданы Қаратау қаласы үшін Көктал су құбырын салу есебінен қамтамасыз етілді.

Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 535,9  мың ш.м құрап,  2020 жылдың тиісті деңгейіне 116,4%-ды құрады.

2021 жылғы қазанда инфляция деңгейі 6,9% - ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 7,8% - ға, азық-түлік емес тауарларға - 6,2% - ға, ақылы қызметтерге - 6,6% - ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа төмен (ҚР-7,0%).

Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы қазанда 2021 жылғы қыркүйекке қарағанда 100,4% - ды, оның ішінде азық - түлік тауарлары бойынша - 100,2% - ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша-100,8% - ды, ақылы қызметтер бойынша-100,2% - ды құрады.

Азық-түлік тауарлары бойынша 2021 жылғы қазанда бағалар картоп 4,6% - ға, қырыққабат 2,7% - ға, жоғары сұрыпты бидай ұнына - 2,1% - ға, жармаға - 1,8% - ға (оның ішінде қарақұмық жармасы - 3,2%-ға), етке - 0,8% - ға (оның ішінде сиыр еті - 1,8% - ға, құс еті-1,4% - ға), жұмыртқаға - 0,7%-ға, сүт өнімдеріне-0,5% - ға (оның ішінде пастерленген сүт-4,4% - ға, қаймақ, айран, сүзбе-0,1% - дан), құмшекер-0,3% - ға, май және тоң майлар - 0,2% - ға (оның ішінде тұздалмаған сары май-0,1% - ға) көтерілді.

Бағаның көкөністер мен жемістерге - 1,4% - ға (оның ішінде пияз - 12,5% - ға, қызылша - 8,2% - ға, алма - 4,7% - ға , сәбіз-0,8% - ға) төмендеуі байқалды.

Күріш, шай, кондитерлік өнімдер, күнбағыс майының бағасы тұрақты болып қалды.

Азық - түлік емес тауарлар тобы бойынша сұйытылған газға (баллондарда) - 9,0%, тұрмыстық аспаптарға - 1,3%, шыны және қыш бұйымдарға - 0,5%, жеке пайдаланылатын тауарларға - 0,4%, киім мен аяқ киімге - 0,3%, қатты отынға-0,2% баға өсті.

Жеке көлік құралдарына арналған ЖЖМ 3,0% - ға (оның ішінде дизель отыны 14,2% - ға, бензин 1,3% - ға) қымбаттады.

Фармацевтикалық өнім 0,1% - ға арзандады.

Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың қазан айында шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері 1,5% - ға, амбулаториялық қызметтер 1,3% - ға өсті . Жолаушылар көлігі қызметі 0,5% - ға төмендеді (оның ішінде әуе жолаушылар көлігі 8,7% - ға).

Салықтар мен бюджет. 2021 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке 112,4 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға  110,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 35,9 млрд.теңге (болжамға 104,8%), жергілікті бюджетке – 76,4 млрд.теңге  (болжамға 113,5%).

2021 жылғы 1 қарашаға берешек сомасы 2,6 млрд. теңгені немесе                          2020 жылдың тиісті кезеңіне 107,8%-ды құрады.

2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар                448,0 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 87,7  млрд.теңгені құрады.

Өзіндік кірістер 76 445,7  млн. теңгеге (жоспар – 67 369,1 млн.теңге) немесе 113,5%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер                              64 361,1 млн. теңгеге (жоспар – 61 072,9 млн.теңге) немесе 105,4%-ға, салықтық емес түсімдер 2 508,9 млн. теңгеге (жоспар – 2 018,6 млн.теңге) немесе 124,3%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 575,8 млн. теңгеге  (жоспар -   4 277,6 млн.теңге) немесе  223,9%-ға орындалды.

Бюджеттік шығындар 99,3%-ға игерілді (368,9 млрд.теңге).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 51 597 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 26 149 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1 445 адам, жастар практикасымен – 1 775 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 10 529 адам қамтылды.

Жаңадан 31 125 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 17 219. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген                            50 853 адамның 35 372 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 3 тоқсанында 184 408 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 22,6%-ға, нақты - 12,8%-ға артты.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
2021 жылдың 2 тоқсанында 91 931 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға, нақты - 7,8%-ға өсті.

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында 73,3 мың тұрғынға                          3248,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 3108,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 100,1 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы,                                     39,4 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 218,2 млрд. теңге қарастырылды, 186,3 млрд. теңге есепті кезеңі жоспарына 99,8%-ға игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен                        14,5 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде жергілікті бюджеттен -                      10,0  млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында - 4,5 млрд. теңге).

2021 жылы Тараз қаласындағы №22 орта мектебінің орнына 600 орындық, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық, Қордай ауданы Масаншы ауылындағы 600 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы   150 орындық, №2 орта мектебі ескі ғимараттарын бұзып, 318 орындық, №16 орта мектептің ескі «А» блогын бұзып 348 орындық орта мектептердің құрылсы пайдалануға тапсырылды.

Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабындағы 600 орындық,               Байзақ ауданы Көктал ауылындағы 600 орындық, Сенкібай ауылындағы                     100 орындық, Шақан ауылындағы 100 орындық, Жамбыл ауданы Айшабибі ауылындағы   300 орындық, Жуалы ауданы Алатау ауылындағы 100 орындық, Дихан ауылындағы 180 орындық, Қордай ауданы Арал ауылындағы                          180 орындық,  Қалғұтты ауылындағы 180 орындық, Шу ауданы Төле би ауылындағы Әл-Фараби а. 300 орындық орта мектеп құрылыстары, Шу қ. Алтынсарин атындағы орта мектебіне жапсаржай құрылысы жалғасуда.                        

«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданы                     Луговое а. М.Горький атындағы орта мектеп казандығын газбен жабдықтау, Құлан ауылы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектепке спорт зал жапсарлас құрылысын, Байзақ ауданы Үлгілі ауылында Үлгілі орта мектеп ғимаратына қосымша 100 орындық оқу бөлмелерін, Көкөзек ауылы Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас спортзал және асхана құрылысы, Аймантөбе ауылы Берікқара орта мектеп қазандығын қайта жаңарту, Қордай ауданы Беріктас ауылындағы №28, Қайнар ауылындағы №32, Қақпатас ауылындағы №30, Сарыбұлақ ауылындағы №31 орта мектептердің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Шу ауданы Көкқайнар ауылында Естемесов атындағы орта мектепті газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізулуде.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Тараз қаласы «Арай» тұрғын алқабында                   600 орындық, «Барысхан» тұрғын алабында 600 орындық, «Асқарова» тұрғын алқабында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізулуде.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың  443 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 371 мектепте 2452 интерактивті тақталар орнатылды.

2021 жылғы 1 қарашасына  облыстағы 551 мектепке дейінгі ұйымдарымен (417 балабақша, 134 шағын орталықтар) 56,9 мың бала немесе  91,6%                        (1-6 жас) қамтылды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,6 пайыздық тармаққа артық.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы
22,5 млрд. теңге бөлініп, қаңтар-қыркүйек  айларында 15,6 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,6 млрд. теңге бөлініп 2,5 млрд. теңгесі игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 3,1 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,6 млрд. теңге (оның ішінде                РБ  - 4,1 млрд. теңге, ЖБ - 0,5 млрд. теңге) қарастырылған.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында наркологиялық аурулар мен қан айналымы жүйесі аурулары деңгейінің төмендеуі байқалады. Қант диабеті, туберкулез, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар, мерез ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 8 жағдайы тіркелді (Байзақ ауданында-2, Жамбыл ауданында - 1, Меркі ауданында -1, Талас ауданында -1, Шу ауданында-1 және Тараз қаласында-2).

Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар-казандағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
22 ноября 2021