Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық
округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Жамбыл облысы Шу ауданының Өндіріс ауылдық округінің шекарасы қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес өзгертілсін.
- Өндіріс ауылдық округінің шекарасының жалпы аумағы 103630,349 гектар болып белгіленсін.
- Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.