Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округіне әкімідікке «Nur Otan» партиясы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Сарыбұлақ ауылдық округіне Қойшыбай Ерболат Қуанышұлы, 1993 жылы туған, Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратарының бас маманы, Бетқайнар ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Сарыбұлақ ауылдық округіне Турганалы Абай Турапулы, 1984 жылы туған, Қордай ауданының Қасық ауылдық округі әкімі аппаратарының бас маманы, Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Сарыбұлақ ауылдық округіне Каспакбаев Адлет Медельбекович, 1986 жылы туған, жұмыссыз, Қордай ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Сарыбұлақ ауылдық округіне Тәуекелов Шыңғыс Жанайұлы, 1977 жылы туған, Сарыбұлақ аулының №31 орта мектебінің мұғалімі, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарына сілтеме: