Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы «5» қазандағы
№216 қаулысымен бекітілді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2022-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
(екінші кезең)
Тараз қ. 2021 жыл
Мазмұны
|
1. |
Жамбыл облысының 2020-2021 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері…………………………………………………......................... |
3-12 |
|
|
Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары……………………. |
3-12 |
|
2. |
Жамбыл облысының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басым бағыттары…………........ |
12-14 |
|
3. |
Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары………………… |
14-22 |
|
4. |
Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы…………………………………………………… |
22-23 |
|
5. |
2022-2024 жылдарға арналған жерлікті бюджеттің негізгі параметрлері … |
23-26 |
|
6. |
Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың (аудан, облыстық маңызы бар қалалар бөлінісіндегі) негізгі көрсеткіштерінің және жоспарлы кезеңге арналған (аудандар, облыстықмаңызы бар қалалар, аудандықмаңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдықокругтербөлінісінде) бюджет параметрлерінің(қосымша түрінде) болжамы |
|
|
7. |
Жергілікті басым бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде) |
|
Жамбыл облысының 2022-2026 жылдарға арналған
әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Жамбыл облысының 2020-2021 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістері
Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары
2020 жылы COVID-19 пандемиясының салдарын бәсеңдету үшін экономиканы, оның ішінде шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға, Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ пилоттық жобалар шеңберінде халық табысының төмендеуіне жол бермеуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар жүргізілді.
Жалпы, карантиндік шектеулерді енгізудің салдарына қарамастан, облыс экономикасының салалары бойынша экономикалық жағдай күтілгеннен жақсы қалыптасты.
2020 жылы өңірлік өнім 1901,4 млрд. теңгені құрады, НКИ -101,1%.
Жалпы өңірлік өнім құрылымында 20,4% - өнеркәсіпке, 11,5% - ауыл шаруашылығына, 16,1% - көлік пен байланысқа, 8,6% - құрылысқа, 10,5% - саудаға, 32,9% - өзге салаларға тиесілі.
2020 жылы салалардағы өсім еңбек өнімділігінің1,3%-ға өсуімен қатар жүреді. Өсім ауыл шаруашылығындағы (7,7%-ға), өнеркәсіптегі (4,7%-ға), құрылыстағы (26,0%-ға), байланыстағы (8,8%-ға) еңбек өнімділігі көлемінің ұлғаюымен байланысты.
Қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, 2020 жылқорытындысымен өңір өнеркәсібінің оң динамикасын көрсетті, онда нақты көлем индексі 2019 жылға қарағанда 103,3%-ды құрап, 518,2 миллиард теңгеге өнім өндірілді.
Өнеркәсіп құрылымында кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 0,8%-ға (54,9 миллиард теңге), өңдеу өнеркәсібінің – 2,8%-ға (380,6 миллиард теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер - 8,5%-ға (77,6 миллиард теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда - 20,4%-ға (5,1 миллиард теңге) өсуі байқалады.
Өсімге фосфат шикізатын (1,2 есе), табиғи құмдарды (1,8 есе), тас және қиыршық тас үгінділерін (1,9 есе), балшықты (1,6 есе), тұздарды өндіруде (6 есе); химия өнеркәсібі өнімдері (5,5%-ға), металлургия (6,7%-ға), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіруде (1,2 есе), мұнай өңдеу (1,3 есе), жеңіл өнеркәсіп өндірісінде (1,8 есе), жиһаз өндіру (1,5 есе) артуы әсер етті.
Облыста өңдеу саласы дамыған, оның үлесі жалпы көлемде 73,4%-ды құрайды, онда маңызды өнім түрлерінен ет өндірісі 1,1 есе, шұжық өнімдері – 1,3 есе, мотор отыны – 2,9 есе, дизель – 1,2 есе, отын мазуты – 1,6 есе, бетоннан жасалған бұйымдар – 1,4 есе, құрама құрылыс конструкциялары – 2,1 есе, бетон – 6,6%-ға, қонақ бөлмесіне арналған жиһаз – 2 есе ұлғайды.
Пандемия кезеңінде өңдеуде фармацевтика саласы белсенді дамып келеді, есепті кезеңде 26,5%-ға өсу қарқынын көрсетті. Облыстағы Қордай ауданының Гвардейский кентінде отандық иммундық препараттарды шығаратын зауыт құрылысы жүргізілуде.
Өнеркәсіптегі өсудің ынталандырушы факторларының бірі негізгі капиталға 118,1 миллиард теңге инвестициялау болып табылады, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке – 39,0 миллиард теңге. Сондай-ақ, Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бес жыл ішінде 2 триллионнан аса теңгеге 44 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, онда 8,3 мың жаңа жұмыс орындары құралытын болады, оның ішінде 2020 жылы 14,8 миллиард теңгенің 7 жобасы іске қосылып, 520 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан басқа, кәсіпкерлерді қолдау Картасынан тыс 29,9 миллиард теңге сомасына 10 жоба пайдалануға берілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 73 миллиард теңге сомасына 147 жоба мақұлданды, оның ішінде 49,1 миллиард теңгеге 136 жоба кредиттелді.
Жамбыл облысы «жасыл экономиканы» дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Жалпы белгіленген қуаты 318,4 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 13 объектісі бар, оның ішінде ОртаАзиядағы ең ірі күн электр станциясы «BurnoyeSolar» ЖШС-і болып табылады.
Есепті кезеңде әлемдік экономикалық дағдарыс және пандемия жағдайында ауыл шаруашылығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыруға ерекше назар аударылды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығына 24,9 миллиард теңге субсидия, негізгі капиталға 29,5 миллиард теңге инвестиция бағытталды.
Тиімді шаралар негізінде 2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 5,1%-ға өсіп, 391,4 миллиард теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 6,3%-ға (229,0 миллиард теңге), мал шаруашылығы – 3,6%-ға (161,9 миллиард теңге). Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсімі 7,7%-ды (жұмыспен қамтылған бір адамға 1,5 миллион теңге) құрады.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы түсімі (өңдеуден кейінгі салмақта) 2019 жылғы деңгейімен салыстырғанда 12,4%-ға (842,5 мың тонна) өсті, орташа өнімділік гектардан 22,3 центнерді құрады.
Қант қызылшасын өндіру 152,3 мың тоннаға жетіп, 4,5%-ға өсті. Қант өндірісін дамыту үшін «Qyzylsha» ЖШС құны 85 миллиард теңге, 300 жұмыс орны құрылатын қант зауытының құрылысы жүргізуде. Іске қосу 2025 жылға жоспарланған.
Облыс пияз өндірісі бойынша республикада көшбасшы болып табылады. Есепті кезеңде 691 мың тонна көлемінде өнім жиналды, бұл елдегі өндірістің жалпы көлемінің 75%-ын құрайды (917 мың тонна). 41,2 мың тонна экспортталды.
Ресурс үнемдеу технологияларының ауданы 29,8 мың гектарға, су үнемдеу технологияларының ауданы 30,0 мың гектарға дейін жеткізілді. 11,5 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, аумағы 179,8 мың гектарды құрады.
Озық технологияларды енгізу есебінен қарқынды бақтардың ауданы 27%-ға (284 га) ұлғайтылып, 1313 га жетті.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 72,1 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды (5,3 мың гектар – егістік, 66,7 мың гектар – жайылым).
Ет өндірісінде - 4,9%-ға, сүт - 0,9%-ға, жұмыртқа - 1,7%-ға, жүн - 2,1%-ға; ірі қара мал санында - 7,1%-ға, қой мен ешкі - 6,8%-ға, жылқы - 11,6%-ға, түйе - 4,9%-ға, құс - 4,7%-ға өсім байқалады.
2020 жылы 1365,4 тонна ет, оның ішінде 484,0 тонна сиыр еті, 524,9 тонна қой еті, 356,0 тонна құс еті және 0,5 тонна жылқы еті экспортталды.
2019 жылы басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасының 5 бағытын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 2,5%-бен 7,2 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 2,0 миллиард теңге (5%-бен) бөлінді. Облыстың 10 ауданының 11 ауылдық округінен 2478 тұрғын және 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативтері несие алды.
«Алқаптан сөреге дейін» жобасын жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бағытталды. Делдалдарсыз ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілетін сауда желілері анықталды, онда 5 мың тонна өнім және 4,3 миллион дана жұмыртқа сатылды.
Бұдан басқа, жыл сайын кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша 99,9 миллиард теңгеге 1319 жобаға, «Банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 9,1 миллиард теңгеге 726 жобаға, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,4 миллиард теңгеге 114 жобаға, «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 671,9 миллион теңгеге 267 жобаға қолдау көрсетілді.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 16423 жұмыс орны сақталып, 5724 жаңа жұмыс орны құрылды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69,3 мың бірлікке жетті және 2019 жылмен салыстырғанда 99,1%.
Пандемияның теріс әсеріне қарамастан, 2020 жылы бизнес субъектілері өндірген өнімдер мен қызметтер көлемі 34,2%-ға өсіп, 744,5 миллиард теңгені құрады, мемлекеттік қолдау есебінен 8,3 миллиард теңгеге, дағдарысқа қарсы шаралар есебінен 2 миллиард теңгеге өсті, онда 14,1 мың бизнес субъектісі салық жеңілдіктерін алды, 740 субъектіге 3,9 миллиард теңгеге кредиттер кейінге қалдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 26,5%-ға дейін ұлғайды.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтері көлемінің төмендеуі (27,1%-ға) есебінен бөлшек сауда айналымы 2019 жылғы деңгейге қарағанда 3,8%-ға азайды. Төтенше жағдай режимі, коронакризис жаңа қызмет түрлерінің – азық-түлік пен тауарларды жеткізу, интернет-сату дамуына әсер етті. Электрондық сауданы дамыту мақсатында 42,9 мың кәсіпкерлік субъектілері онлайн кассалық аппараттармен жабдықталған. Онлайн-қызмет көрсетуге 91 кафе, 72 асхана, 39 азық-түлік дүкені мен супермаркет, 93 азық-түлік емес дүкен көшті.
Сонымен қатар, іскерлік белсенділіктің күрт төмендеуіне, адамдардың қозғалысын шектеуге себеп болған коронавирус пандемиясы көлік қызметі саласына айтарлықтай әсер етті. Жүк тасымалы 7,6%-ға, жолаушылар тасымалы 57,5%-ға қысқарды.
Байланыс қызметтерінде өсім 2,3%-ды құрады, бұл ұялы байланыс Интернет желісі қызметтерін пайдаланушылардың өсуі есебінен (1,3 есе).
Әлемдік сұраныстың төмендеуі және тауар нарықтарындағы бағалардың төмендеуі тауарлардың экспорты мен импортына теріс әсер етті. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 156,4 миллион АҚШ долларын құрап, 58,7%-ға төмендеу тіркелді, оның ішінде 59,3 миллион АҚШ долларына (72,7%) тауарлар экспортталды, 97,1 миллион АҚШ долларына (39,7%) тауарлар импортталды. Сальдо 37,8 миллион АҚШ долларын құрап, теріс қалыптасты.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 14,3%-ға қысқарған, оның ішінде экспорт - 28,8%-ға, импорт - 4,8%-ға. Тауарлар экспортының көлемі Арменияға - 1,5%-ға, Белорусқа - 72,8%-ға, Қырғызстанға - 44,5%-ға, Ресейге - 9,8%-ға қысқарды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 350,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға өсті. Өсім Тараз қаласындағы Тектұрмас тарихи-этнографиялық кешеніндегі көп пәтерлі үйлер, магистральдық инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына, ауылдық округтерде тротуарлар құрылысына, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге, 12 елді мекенге газ құбырын тартуға, Қордай ауданы Отар ауылында иммундық-биологиялық препараттар өндірісі бойынша бифармацевтикалық зауыт құрылысына инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.
2020 жылы 3822 пәтерлі 66 тұрғын үйдің («Нұрлы жер» - 53 тұрғын үй (3056), «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» - 13 тұрғын үйдің (766 пәтер) құрылысы жүргізіліп, 38 тұрғын үй (2131 пәтер) пайдалануға берілді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 8,6 млрд. теңге сомасына 68 жоба бойынша шарттар жасалды (денсаулық сақтау саласында – 31, спорт саласында – 1, білім беру саласында – 35, энергетика саласында - 1 жоба).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 186,8 млрд. теңгені немесе
2019 жылдың деңгейіне 128,5% құрады. Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 617,5 мың шаршы метрді құрап, 2019 жылдың деңгейіне 121,7%-ды құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 2020 жылы 3,9 миллиард теңгеге 98 үй жөнделді (оның ішінде 80 үй республикалық бюджеттен, 7 – жергілікті бюджеттен, 11 – қайтарымды қаражат есебінен қаржыландырылды). Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 11,2%-ға дейін төмендеді.
45 елді мекенде кентішілік газ құбырларының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде есепті кезеңде 95 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жалпы облыс бойынша газдандырумен 936 мыңнан астам адам немесе 82,4% қамтылған.
Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық бюджеттерден 50 нысанның құрылысына 17,9 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 34 нысанында құрылыс жұмыстары аяқталды, қалған 16 нысан 2021 жылға өтпелі болып табылады. Нәтижесінде, қалаларда ауыз сумен қамтамасыз ету 88,9%-ды, ауылдарда – 82,2%-ды құрады.
Автожол саласын дамытуға 2020 жылы 27,6 миллиард теңге бөлінді. 1316,2 шқ жол салынды және жөнделді (18 шқ жаңа жолдар құрылысы, 6,1 шқ реконструкциялау, 1292,1 шқ ағымдағы және орташа жөндеу).
Тараз қаласының қоғамдық көліктерінде «Tulparcard» электронды билеттеу енгізілді, онда 232 стационарлық және 342 мобильді терминал орнатылды.
Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 90%-ға, елді мекендердің көшелері – 76%-ға дейін жеткізілді.
2020 жылдың желтоқсан айында инфляция деңгейі 2019 жылдың желтоқсанына 7,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары 11,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 5,6%-ға, ақылы қызметтер 3,7%-ға көтерілді .
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР – 7,5%).
Басты басымдықтардың бірі жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттыру болып табылады.
2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 57381 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 24152 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1587, жастар практикасымен - 2572, ақылы қоғамдық жұмыстарымен 13782 адам қамтылды, қысқа мерзімді оқытудан өткені 1627, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғаны - 3641 адам. Жалпы, жұмыспен қамту органдарына жүгінген 50312 адамның 41901-і жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыс бойынша 42872 жаңа жұмыс орындары құрылды (оның ішінде тұрақтысы - 19132, уақытша - 23740), бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге көп (тұрақты – 1,4 есеге, уақытша – 4 есеге), оның ішінде Жұмыспен қамту жол картасы аясында - 20041 жұмыс орны, онда 63,9 млрд.теңге сомасына 809 жоба іске асырылды.
Алайда, қалыптасқан жағдайға байланысты, өндірістік белсенділік еңбек нарығының кейбір көрсеткіштеріне теріс әсер етті. Жұмыс күші `2996 адамға азайып, 529489 адамды құрады, жұмыспен қамтылған халық саны 3234 (503804) адамға. Жұмыссыздар саны 238 адамға (25685) өсті. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% - ды құрады, бұл 2019 жылдан 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.
Бұл ретте, жалдамалы жұмыскерлердің 2504 адамға (332 625) өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының 5738 адамға (171 179) төмендеуі байқалады.
Халықты әлеуметтік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында 2020 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2019 жылмен салыстырғанда номиналды тұлғалауда 23,5% – ға, нақты 15,8% - ға ұлғайып, 156846 теңгені құрады.
Еңбекақыдағы айырмашылықтар экономикалық қызметтің түрлі салаларындағы қызметкерлерге тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы қаржы және сақтандыру қызметте - 233411теңге, ең төменгі шамасы - ауыл, орман және балық шаруашылығында - 98635 теңге белгіленді. Ең жоғарғы еңбекақы Мойынқұм ауданында байқалады - 182 642 теңге, ең төменгі Талас ауданында - 133 058 тенге.
Алдын ала мәліметтер бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2019 жылмен салыстырғанда номиналды тұлғалауда 15,0% -ға, нақты 7,9%- ға өсіп, 80866 теңгені құрады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі облыс бойынша 5,8% құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа жоғары.
2021 жылдың 8 айында облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.
379,7 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі - 2020 жылдың қаңтар-тамызына 106,2%. Кен өндіру саласының өндіріс көлемі 4,0%-ға (37,9 миллиард теңге), өңдеу саласы - 6,6%-ға (281,4 миллиард теңге), электр энергиясымен жабдықтау - 5,9%-ға (56,5 миллиард теңге), сумен жабдықтау -16,6%-ға (3,9 миллиард теңге) ұлғайды.
Индустрияландырудың 3 кезеңі аясында 2021 жылы құны 16,4 миллиард теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ірі жобалар болып табылады: «Аса Агро» ЖШС-гі - құс етін өндіру көлемін ұлғайту, құны 8,0 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 21 мың тонна, 45 жаңа жұмыс орнын құру; «Golden Compass Capital» ЖШС-гі - құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу (2 кезең), құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы - жылына 500 кг Доре қорытпасында, 200 жаңа жұмыс орнын құру; «Satellie GS» ЖШС-гі - Мыңарал кен орнында құрамында алтыны бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы – жылына 30 мың тонна құрамында алтыны бар кен концентраты, 23 жаңа жұмыс орнын құру.
Фармацевтика саласы белсенді дамып келеді. Ағымдағы жылы облысымыздың Қордай ауданындағы Гвардейский кентінде биологиялық қауіпсіздік проблемалары Ғылыми-зерттеу институтының жанындағы вакцина шығаратын (коронавирустық инфекцияға, тұмауға, туберкулезге және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар) биофармацевтикалық зауыттың құрылысы аяқталуда.
Бұдан басқа, қуаты 100 МВт, 49,4 миллиард теңгеге баламалы электр энергиясын өндіру бойынша жоба («Жанатас жел электрстанциясы» ЖШС-гі) іске асырылды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 2021 жылы 19,3 миллиард теңге субсидия бөлінді, (республикалық бюджет – 9,2 миллиард теңге, облыстық – 10,1 миллиард теңге) оның 01.09.2021 жылғы жағдайға 10,8 миллиард теңгесі игерілді.
Нәтижесінде, жалпы өнім көлемі мал шаруашылығы көлемінің (3,8%-ға) өсуі есебінен 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,0%-ға өсіп, 168,6 миллиард теңгеге жетті.
Ет (4,9%-ға), сүт (1,7%-ға), жұмыртқа (9,7%-ға) өндірісінде; МІҚ мал басында (12,3%-ға), қой (3,6%-ға), жылқы (5,2%-ға), құс санында (16,8%-ға) өсім байқалады. 3345 тонна ет экспортталды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 71,0 мың бірлікті немесе 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 105,1%-ды құрады.
Есепті кезеңге «Қарапайым заттар экономикасы» аясында екінші деңгейдегі банктер мен Агро-кредиттік корпорация 74,7 миллиард теңге сомасына 176 жобаны мақұлдады, оның ішінде 56,0 миллиард теңгеге 175 жоба қаржыландырылды.
Бөлшек сауда 2,5%-ға, көтерме сауда 6,8%-ға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк айналымы 1,0%-ға артты. Жүк тасымалдары – 4,1%-ға, жолаушылар тасымалдары – 23,4%-ға, жолаушылар айналымы – 33,1%-ға төмендеді. Байланыс қызметтерінде өсім 15,9%-ды құрады.
2021 жылдыңқаңтар-шілдесінде 164,8 миллион АҚШ долларын немесе 2020 жылғы тиісті кезеңге 174,6%-ды құрады. Оның ішінде экспорт –37,2 миллион АҚШ доллары (110,1%), тауарлар импорты – 127,6 миллион АҚШ доллары (210,6%). Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда қаңтар-маусымда 1,7%-ға төмендеді, оның ішінде экспорт -14,7%-ға, импорт 4,8%-ға артты.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2021 жылдың қаңтар-тамызында 232,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына 20,2% - ға өсті.
2021 жылы 5450 пәтерлі 90 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 8,6 млрд. теңгеге 68 жоба бойынша шарттар жасалды (денсаулық сақтау саласында – 31, спорт саласында – 1, білім беру саласында – 35, энергетика саласында - 1 жоба). Қосымша 19 жобаның іске асырылуы жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 88,8 млрд. теңгені немесе
2020 жылдың тиісті кезеңіне 111,3% құрады. Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 372,6 мың шаршы метрді құрап, 2020 жылдың тиісті деңгейіне 106,0%-ды құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. 1221 көп пәтерлі тұрғын үй E-SHANYRAQ бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесіне қосылған.
Облыстың 4 қаласында 1722 көппәтерлі тұрғын үйдің 891-і (51,7%) қанағаттандырарлық жағдайда. Жөнделген үйлер саны 417 (24,2%) құрады. Жөндеуді қажет ететін үйлер саны 831 (48,2%).
2021 жылы Тараз қаласында 2691,0 млн. теңгеден астам республикалық бюджет есебінен 57 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.
Орталықтанлырылған сумен қамтамасыз ету үшін 11,1 млрд. теңгеге 29 (16-өтпелі, 13 жаңа) сумен жабдықтау нысандарының құрылысы жоспарланған, оның ішінде 23 нысан жыл соңына дейін аяқталатын болады, 6 нысан 2022 жылға өтпелі.
Жыл қорытындысымен 12 елді мекенде тұратын 45 мың тұрғынды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда, оның 2 елді мекенінде (Жамбыл ауданы - Октябрь-Жеміс (Шокай) а., Жуалы ауданы Көлтоған а.) құрылыс жұмыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2 тұрғын алқабын (Тараз қ. – Барысхан тұрғын алқабы, Шу қ. – Қосқұдық тұрғын алқабы) ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерінің қолжетімділігі индикаторын 607 мың адамға немесе 88,7%-ға дейін, қалаларда – 413 мың адамға немесе 91,0% дейін жеткізу жоспарлануда.
2021 жылы орталықтандырылған газбен жабдықтаудың 25 нысанының (10 - өтпелі, 15 - жаңа) құрылысына 10,8 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде 17 жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, 8 жоба - 2022 жылға өтпелі. Бүгінге, 6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды және пайдануға берілді.
Нәтижесінде, 2021 жылдың соңына дейін 20 елді мекенде 16 мың адам газбен қамтылатын болады. 257 елді мекен (69,3%) немесе 952 мың адам (83,8%) газбен қамтамасыз етілетін болады.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және салуға 2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден қоса қаржыландыру есебінен 3,8 миллиард теңге бөлінді. 214 шқ орташа жөндеу жүргізу және 3,6 шқ автомобиль жолдарын салу жоспарлануда. Барлық объектілер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді, олардың нәтижелері бойынша шарттар жасалды, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады.
Бүгінге, сомасы 1,9 млрд.теңгеге 113 км автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ, 0,8 млрд. теңгеге 3,6 км құрылысы жүргізілді.
2021 жылғы тамыздағы инфляция деңгейі 5,9% - ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 7,1% - ға, азық-түлік емес тауарларға - 4,9% - ға, ақылы қызметтер - 5,5% - ға көтерілді.
Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР – 5,8%).
Әлеуметтік сала. 2021 жылғы қаңтар-тамызда 27141 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты – 14804, уақытша - 12337). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 39446 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 16892 адам жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орындарымен 1358 адам, жастар практикасымен - 1418 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 9494 адам қамтылды. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген 28574 адамның 26690-ы жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 2 тоқсанында 203839 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 25,8%-ға, нақты – 17,2%-ға артты.
Білім беру саласында облыстың жұмыс істеп тұрған 551 мектепке дейінгі ұйымдарында (416 балабақша мен 135 шағын орталық) 56,9 мың бала қамтылды. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметімен қамту 100%-ды құраса, 1-6 жас – 91,4%, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 0,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Облыстың барлық 443 мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен 4 оқушыны құрайды. 403 мектепте 2563 интерактивті тақта орнатылған, барлық 443 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).
Облыс тұрғындары үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек, әсіресе кардиохирургия, урология, балалар хирургиясы және пульманология қызметтері қолжетімді. Халықтың нысаналы топтарына скрининг белсенді жүргізілуде. Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық және дәрілік көмек қамтамасыз етіледі.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында қан айналымы жүйесінің аурулары мен наркологиялық аурушандығы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Өңірлік даму.
Ауылдық аумақтардың дамуы Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тірек және спутниктік ауылдарды дамыту есебінен жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендерді анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес даму әлеуеті бар 238 ауыл іріктелді (67 тірек және 171 спутниктік).
2020 жылы «Ауыл– Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 29 ауылдық елді мекенде 7,4 миллиард теңге сомасына 110 жоба іске асырылды, 1200-ден астам жұмыс орны құрылды.
2021 жылы 67 ауылдық елді мекенде 8,8 миллиард теңге сомасына 119 жобаның іске асырылуы көзделген, онда 133 тұрақты және 1390 уақытша жұмыс орындары құрылатын болады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2022-2026 жылдары өңірдің экономикасы мен әл-ауқатының тұрақты өсуіне бағдарланған стратегияны іске асыру қағидаттарын ұстанатын болады.
«Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру және жаһандық дағдарыс жағдайында жүйелі реформалар жүргізу үшін Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында пандемиядан кейінгі Қазақстанның жаңа экономикалық бағытын жариялады.
Жалпыұлттық басымдықтар мен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары негізінде 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары айқындалды.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету:
- фискалдық орнықтылық, тиімді монетарлық саясатты көлеңкелі экономика деңгейін төмендету арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру практикасын жалғастыру жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен молықтыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыру, көтерме (коммуналдық) және бөлшек азық-түлік базарлары менсауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту есебінен инфляцияны 2021-2022 жылдары - 4-6% шегінде ұстап тұру, кейіннен 2023-2024 жылдары 4-5%-ға дейін және 2025-2026 жылы 3-4%-ға дейін төмендету.
Экономика салаларын дамыту арқылы:
- инновацияларды және цифрландыруды енгізе отырып, индустрияландырудың үшінші бесжылдығын іске асыру, шикізаттық емес экспортты, «қарапайым заттар экономикасын» ілгерілету және жергілікті қамтуды ұлғайту шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің (химия, тамақ, құрылыс индустриясы, металлургия және фармацевтика) өсуі есебінен өнеркәсіптік әлеуетті дамыту;
- ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу және оның экспортын арттыру, жобаларды одан әрі іске асыру, АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру есебінен саланы цифрландыру;
- отандық және шетелдік инвестицияларды тарту есебінен инвестициялардың өсу қарқынын жеделдету, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, бизнес үшін тұрақты және ауыртпалық салынбайтын жағдайларды қамтамасыз ету, МЖӘ құралдарын кеңейту үшін инвестициялық тартымдылықты арттыру;
-кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын жетілдіру, реттеушілік саясат тетіктерін енгізу, бизнеске жүктемені төмендету, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту және бизнес үшін тұрақты және ауыртпалық салынбайтын жағдайларды қамтамасыз ету арқылы бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту есебінен шағын және орта бизнесті дамыту және жалпы өңірлік өнімдегі оның үлесін ұлғайту;
-сауда байланыстарын нығайту және дамыту экспортты ұлғайту, ЕАЭО шеңберінде еркін сауда аймақтарын ашу, жаңа тауарлар экспортын ұлғайту;
-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту үшін қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, ТКШ мен тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі жобалар іске асырылады, жеңілдікті қарыздар шеңберінде тиімді әлеуметтік қолдау көрсетіледі, тұрғын үйдің қолжетімділігін 1 адамға 30 шаршы метрге дейін арттыру;
көлік-логистикалық кешенді дамыту және зияткерлік көлік жүйесін енгізу;
- экологиялық жағдайды жақсарту, орман қорында және елді мекендерде ағаштар отырғызу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру;
- ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, цифрлық технологияларды жедел енгізу арқылы цифрландыру мен инновациялық экономиканы дамыту.
Теңгерімді Өңірлік даму арқылы:
- «өсу нүктелерін» дамыту және өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өмір сүрудің базалық сапасын қамтамасыз ету жолымен облыстың даму әлеуетін іске асыру негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру;
- елді мекендерді ірілендіре отырып, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану, моно - және шағын қалаларды, дамыған инфрақұрылым құра отырып, перспективалы тірек және спутниктік ауылдарды дамыту, функционалдық қалалық аудандарды дамыту арқылы сапалы урбандалу;
– Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру жолымен ауылдарда дамыған инфрақұрылым құрумен озық өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану.
Адами капиталдың сапасын арттыру арқылы:
- білім беру сапасын жетілдіру және арттыру, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту, педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту;
- білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, оның ішінде жеке бастамалар есебінен жаңа нысандар салу және құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту;
- сапалы медициналық қызметтерге қолжеткізуді қамтамасыз ету және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру, әсіресе ауылдарда;
- жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге және зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру.
3.1 Бюджет-салық саясаты
Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты экономиканың өсуін ынталандыруға және қолдауға, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге және орнықтылығын нығайтуға, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.
Адами капитал сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, ғылым мен денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.
Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында 2025 Стратегиялық жоспарының басымдықтары мен міндеттеріне бюджеттік бағдарламаларды ірілендіру жалғастырылады және стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторлары мен бюджет шығыстарын үздік байланыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жаңа форматы енгізілетін болады. Бөлінетін бюджет қаражатының қайтарымын арттыру үшін субсидиялар мен инвестициялық жобаларға арналған шығыстардың экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізу көзделген.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.
Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.
Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.
Жекешелендіру және мемлекет қатысатын кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беруде бюджеттің шығыс бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
3.2 Инфляция деңгейін тежеу
Инфляциялық процестерді тежеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды төмендету мақсатында тұрақты негізде баға мониторингі жүзеге асырылады, ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша сауда кәсіпорындарымен ең төменгі сауда үстемесімен меморандумдар қолданылады. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры жұмыс істейді.
Әлеуметтік азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті бағаларды белгілеу және тұрақтандыру қорының резервтерін пайдалану практикасы жалғастырылады.
Ішкі тұтыну нарығын жергілікті өндірілген азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша шаралар қабылдануда.
Коммуналдық қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін және тарифтік сметаларын бекітуге арналған өтінімдерді қарау бойынша жария тыңдаулар өткізіледі.
Тұтыну бағаларына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіппен қадағалатын болады және бәсекелі ішкі рыноктарды дамытуды, баға сөз байласуымен және жосықсыз бәсекелестікпен күресті ескере отырып, азық-түлік тауарлары мен отынға бағаларды ұстап тұру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.
Азық-түлік нарығын реттеу және бағаның алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ маусымдық ауытқуларды тегістеу үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынқалыптастыру және пайдалану жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендетуге ерекше назар аударылатын болады. Азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс орталығында, аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу және сауда орындарын ұсыну практикасы жалғастырылады.
3.3 Экономика салаларын дамыту
Өнеркәсіп. Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру, коронавирус пандемиясының теріс салдарын нивелирлеу және өнеркәсіпті біртіндеп тұрақтандыру күтілуде.
Облыстың басым өнеркәсіп саласы өңдеуші өнеркәсіп болып қала береді, оның үлесі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде шамамен 75%-ды құрайды. 2027 жылға дейінгі кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру индустриялық мамандану болып қала береді. Фармацевтика өнеркәсібі әлемде коронавирустың пайда болуымен дамуда.
Облыс экономикасының жай-күйі мен серпінді дамуының жақсаруына индустриялық-инновациялық дамудың үшінші бесжылдық бағдарламасын іске асыру ықпал ететін болады, оның шеңберінде 8,3 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялар көлемі 2,0 триллион теңгеден астам болатын 44 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлерді қолдау Картасынан тыс облыста 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 2,7 триллион теңгеге 50 жобадан тұратын пул құрылды, оның ішінде 1,9 триллион теңге сомасына шетелдіктердің қатысуымен 13 жоба.
Химия саласы экономиканың басым саласы болып қала береді. Бұл фосфорлы шикізаттың елеулі қорларымен, фосфориттерді одан әрі әзірлеумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемдерін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, жаңа өндірістердің ашылуымен түсіндіріледі («Қазфосфат» ЖШС-гі,«ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС-гі, «Тараз»«Химиялықпаркі», «Талас InvestmentCompany» ЖШС-гі, «KazChemical» ЖШС-гі).
Қаратау қаласында қуаты жылына 1,4 миллион тоннадан астам кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС ірі жобасын іске асыру жүргізілуде. Инвестициялардың жалпы көлемі 356,5 миллиард теңгеден асады, 2000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бірінші кезеңде 40,0 миллиард теңгеге тау-кен кешені іске қосылды. Ресей мен Қазақстан арасында жобаның 2 кезеңін жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, өңірде түрік инвесторының қатысуымен құны 123,5 миллиард теңге болатын, қуаты 400 мың тонна болатын, 250 жаңа жұмыс орнын ашатын «QazaqSoda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.
Нәтижесінде, 2027 жылға қарай сары фосфор өндірісін 110 мың тоннаға дейін, минералды тыңайтқыштар өндірісін 220 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Натрий цианиді экспортының 6 мың тоннаға дейін, сондай-ақ портландцемент экспортының 1,3 мың тоннаға дейін өсуі есебінен шикізаттық емес экспорттың 1,2 есе өсуі жоспарлануда.
Азық-түлік өнімдерін өндіруде 191,8 миллиард теңге сомасына 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Құны 68,6 миллиард теңгеден астам етті құс шаруашылығын дамыту бойынша 800 жаңа жұмыс орнын құрумен ірі жоба («Алель-Агро» ЖШС) 2023 жылға жоспарланып отыр.
Металлургияда 107,6 миллиард теңге сомасына 7 инвестициялық жоба салу жоспарлануда, олардың ішіндегі ең ірісі 300 жұмыс орнын құрумен, қуаты жылына 600 мың тонна, құны 67,6 миллиард теңгеге «Жайсан» кен орнын өнеркәсіптік игеру бойынша «Zhanashyr Project» ЖШС-і болып табылады.
Облыста жиынтық қуаты 1151,1 МВт дейінгі гидро-, жел- және күн электр станцияларын (күн электр станциясы – 400 МВт, жел электр станциясы – 309,5 МВт және су электр станциясы – 54 МВт)салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімінің көлемін ұлғайтуға бағытталған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша жоғары нәтижелер алу, заманауи технологияларды енгізу, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» және «алқаптан сөреге дейін» шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Нәтижесінде, 2027 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі жыл сайын 2%-ға ұлғаяды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 33,9%-ға өседі (ағымдағы орташа жылдық өсу 3-4%), ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейту есебінен көкөніс, рапс, соя, жүгері, құлпынай және таңқурай өндірісін ұлғайту жоспарлануда. Мал басы 110 мыңға және құс басы 102 мыңға өседі, балық, ара өсіретін шаруашылықтарды дамыту жалғасады.
Егістік алқаптарын кеңейту, сондай-ақ пайдаланылмайтын егістік алқаптарды айналымға тарту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру қамтамасыз етілетін болады. Келешекте 28 мың гектардан 30 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Қант шикізатын өндіру стратегиялық маңызды сала болып табылады. 2027 жылға қарай қант қызылшасын өсіру алаңын 15 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, аймақта бақтар белсенді түрде өсіріледі, оның ішінде қарқынды технология арқылы. Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту қазіргі заманғы мал шаруашылығы шаруашылықтарын құру, асыл тұқымдық базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдарын және қайта өңдеу кәсіпорындарын салу негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Экспортқа бағдарланған өнімдердің (бидай – Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз – Польша, Өзбекстан; картоп – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа – Тәжікстан, Өзбекстан; мақсары майы – Германия,Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай, макарон өнімдері – Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан, ет және субөнімдер – Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт) сыртқы нарықтарын дамыту жоспарлануда.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыста 1,3 миллиард теңгеге 3 «Ақмола», «Ырғайты», «Қалғұты» су қоймалары салу жоспарлануда.
Бұдан басқа, механикалық жасақ, 7 жаңа су қоймасын салу, суару каналдары мен дренаж жүйелерін реконструкциялау арқылы суармалы жерлерді қосымша қалпына келтіру жоспарлануда. Нәтижесінде, суармалы жерлер 177 мың гектардан 182,4 мың гектарға дейін кеңейеді.
«Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы тұтынушыға әлеуметтік-азық-түлік тауарларын тиімді бағамен тікелей жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 3 сүт кәсіпорнында 2 мың тонна шикізат, 3 ет комбинаты арқылы 1,5 мың бас ірі қара мал жеткізу, 9 сауда орталықтарында көкөністер мен қауындарды жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде, кәсіпорындардың жүктемесі 67,0%-ға артады.
Жыл сайын жәрмеңкелер ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізу, әлеуметтік павильондарды ұлғайту жоспарлануда.
Туризм. Туризм саласы экономика дамуының басым драйверлерінің бірі болып табылады. Коронавирус Пандемиясының жағдайы туризм индустриясына өз түзетулерін енгізді. Халықаралық қатынастарды тоқтата тұру, туристік ағындарды шектеу ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік берді.Әлемдік саяхатқа әсер еткен жағдайды назарға ала отырып, ішкі туризмді дамытуға бағытталған дағдарыстан кейінгі шаралар әзірленді.
Соңғы жылдары облыста ірі туристік аймақтарды салу, орналастыру орындарының санын ұлғайту, демалыс орындарын абаттандыру және көгалдандыру, ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейту есебінен туристік ағындар өсуінің оң серпіні байқалады.
Облыста үш туристік аймақ жұмыс істейді: «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені және «Каралма» тау шаңғысы курорты.
Облыста ішкі және келу туризмнің одан әрі дамуыҚазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Жамбыл облысының 2020-2022 жылдарға арналған туризмді дамытудың стратегиялық жоспары шеңберінде іске аспақ.
Туризмді одан әрі дамыту үшін:
- 2022 жылға дейін 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құратын «Каралма» тау шаңғысы курортының екінші кезеңін салу және 2022 жылға дейін Жуалы ауданында «Қазақ ауылы Көксай» инвестициялық жобасын іске асыру;
- 2026 жылға дейін тарихи-археологиялық және экологиялық туризм бойынша жаңа туристік бағыттарды әзірлеу;
- 2026 жылға дейін креативті шешімдер, цифрлық және ақпараттық технологиялар көмегімен облыстың туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Нәтижесінде, өңірге Қазақстандық және шетелдік туристер ағыны жылына орта есеппен 20 мың адамға ұлғайтылатын болады.
Құрылыс.Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Нұрлы Жол», «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы және «7-20-25» бағдарламасы, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы және 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде жаңа тұрғын үйдің қолжетімділігі арқылы қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғастырылады.
2025 жылға дейін 153,4 миллиард теңге сомасына 524 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Көлік. Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстың елді мекендері арасындағы көлік байланысын дамытуға және жақсартуға бағытталатын болады. Жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады, жаңа технологиялар енгізіледі.
Жұмыс көлік-транзиттік сектордың жетекші рөлін нығайтуға бағытталған «Нұрлы жол» екінші кезеңі аясында жалғасады.
Облыс автомобиль жолдарының дамыған желісіне ие 2027 жылға дейін облыстың барлық аудандарында 1,2 мың шқ автожолды (822,5 шқ облыстық маңызы бар жол, 398,2 шқ аудандық маңызы бар жол) салу, реконструкциялау және орташа жөндеу есебінен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Тасымалдау сапасын арттыру мақсатында автобус паркін жаңарту жоспарлануда (жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алу), ол 2027 жылға қарай 52,0%-дан 90,0%-ға дейін ұлғаяды.
Сауда. Ішкі сауданы дамыту сауданың қазіргі заманғы форматтарын дамыту, жұмыс істеп тұрған сауда нарықтары инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, электрондық сауданы жетілдіру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Сауда саласын дамыту жөніндегі жұмыс сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалғастырылатын болады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сауда-бөлу инфрақұрылымын құру, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импорты мен экспортын әртараптандыру, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілердің сауымына қолайлы жағдайлар жасау түйінді міндеттер болып айқындалады.
Облыста 3 көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізілуде (Тараз қаласы, Байзақ және Шу аудандары). «Қайқармет», «Нұралы», «Ауыл-Береке», «Жібек жолы», «Ысты», «Салтанат» сауда базарларын жаңғырту жүргізу жоспарлануда.
Цифрландыру. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымда экономика саласында зияткерлік жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын жаппай енгізу, ауылда электрондық мемлекеттік қызметтер алу, 3G және 4G технологиялары бойынша ұтқыр байланыс қызметтерін дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік арқылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Базалық салалар кәсіпорындарын (қаржы секторы, мемлекеттік сектор, қалалық инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және басқалар) автоматтандыру және цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады.
Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында 250 және одан да көп адам саны бар барлық елді мекендерде интернет сапасын арттыру бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін болады. Ұялы байланыс пен интернетке қолжетімділіктің жаңа буын технологиялары дамитын болады. Урбандалу мен экономикалық орындылықты ескере отырып, халқының саны 250 адамнан кем қалған ауылдарды Интернетке қосу пысықталатын болады.
3.4 Бизнес-ахуал мен инвестициялық тартымдылықты жақсарту
Кәсіпкерлікті дамыту облыс экономикасының әл-ауқатына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
«Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы 2025», «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» Мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
3.5 Адами капиталдың сапасын жақсарту
Құрылымдық және институционалдық реформалар мен қайта құрулардың, сондай-ақ елдің ұзақ мерзімді сапалы дамуының басты ресурсы жоғары білікті адами капитал болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясат Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды, денсаулық сақтау салдасын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған,нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Білім беру саласында білім алушының тұратын жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, білім берудің қолжетімділігіне, теңдігіне және сапасына ерекше назар аударылатын болады.
Балаларды 100% қамтуды қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үлкен маңызға ие болады. Оқытудың негізгі нысаныдәстүрлі нысан болып табылады, бұл ретте жеке тәртіп бойынша қашықтықтан оқытуға рұқсат етіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде жеке меншік балабақшалар мен шағын орталықтар салу және ашу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту арқылы инфрақұрылымды кеңейту жалғасады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 3-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды сақтау жоспарлануда, 1-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 92,8%-ға дейін жеткізіледі.
Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін үш ауысымда оқытатын мектептердің орнына жаңа мектептер салынады және мектептерге күрделі жөндеу жүргізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік берген алғашқы жұмыс кәсібін тегін алу, оның ішінде оқу орталықтары мен колледждер базасында барлық ниет білдірушілерді курстық даярлау арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Білім беру сапасын арттыру мақсатында дуальді оқытудың негізгі қағидаттары мен білім беру бағдарламаларын енгізу жалғастырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық қолжетімді медициналық көмек көрсетуге және сапалы, қауіпсіз дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:
- 2026 жылға қарай нәресте өлімі коэффициентін 9,12-ден 7,79-ға дейін төмендету;
- ана өліміне жол бермеу;
-алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына мобильді бригадаларды енгізе отырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін 100% - ға дейін арттырып, медициналық жабдықтар сатып алу, оның ішінде жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі үшін;
Сондай-ақ, 3 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда (2023 жылы Тараз қаласында облыстық көп салалы аурухана, Байзақ ауданында аудандық емхана және Қордай ауданында емханасы бар аудандық орталық аурухана).
Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарының санын ұлғайту, аз қамтылған және көп балалы азаматтарды қолдау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.
Мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтарын, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған дағдарыс орталығынашу жоспарлануда.
Еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыру, экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында,жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының,техникалық, кәсіптік білім берудің сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбек делдалдығының тиімді моделін құру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ өзге де адамдар жаппай оқыту және қажетті кәсіптер мен кәсіпкерлік негіздері бойынша дағдыларды дарыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау.
Жұмыс іздеу, азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қолдау және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы, Еңбек биржасы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Пандемия кезінде Жұмыспен қамту жол картасы іске қосылды.
Жұмыспен қамтудың жол картасын тиімді іске асыру халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен және экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар қосымша жұмыс орындарын, сондай-ақ елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл ел экономикасын қалпына келтіру үшін үлкен оң нәтиже береді.
Мәдениет саласында басты назар тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, театр, концерт және музей қызметін, киноиндустрияны дамытуға, сондай - ақ мәдениет саласындағы жас дарындарды қолдауға, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесіне, шығармашылық белсенділікке, танымал мәдени өнімді құру мүмкіндіктерінің бар болуына аударылатын болады.
Экономиканың дамуына елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру негізгі серпін береді, олардың шеңберінде экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, бұл еңбек өнімділігін, экспортқа бағдарланған өндірісті арттыру, ИИДМБ іске асыру арқылы өңдеуші өнеркәсіптің өсуі, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы көлік саласын дамыту және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы тұрғын үйді іске қосуды ұлғайту. Шағын және орта бизнестің дамуына бизнес-ахуалды жақсарту, сондай-ақ БЖК 2025, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ықпал ететін болады. Инвестициялық жобалар пулын іске асыру және инвестициялық ахуалды жақсарту ЖІӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесінің артуына ықпал ететін болады.
Жамбыл облысының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында анықталған 2027 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді.
2026 жылға жалпы өңірлік өнімді 4,0%-ға арттыру көзделіп отыр. Жалпы өңірлік өнім 2026 жылы 2021 жылғы деңгейге нақты тұлғалауда 22,9%-ға артады.
2026 жылы орта мерзімді инфляция деңгейі 3-4% дәлізде белгіленді.
2022-2026 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі шамамен 4,5%-ды құрайды.
2022-2026 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі жылына орта есеппен 4,0%-ға өсетін болады.
Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру еңбек ресурстарының сапалы өсуіне және орта мерзімді кезеңде жұмыссыздықты 4,7%-ға дейін төмендетуге ықпал ететін болады.
Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы өсімнің оң серпініне ие болады және 2026 жылға қарай 213 489 теңгеге жетеді.
5.1 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы
Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері экономиканың өсуін ынталандыру және қолдау, мемлекеттік қаржының теңгерімділігінқамтамасыз ету және орнықтылығын нығайту, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.
Алға қойылған мақсаттарға сүйене отырып, бюджетті шоғырландыру және бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету, әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау, фискалдық орталықсыздандыруды жалғастыру және ЖАО дербестігін арттыру орта мерзімді кезеңге арналған бюджет саясатының басымдықтары болады.
Қойылған мақсаттарға сүйене отырып, әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау және ЖАО-ның дербестігін арттыру орта мерзімді кезеңге арналған бюджет саясатының басымдықтары болады.
Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.
2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды тексеру және тиімсіз шығыстарды оңтайландыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.
Бұл ретте, экономикалық өсу деңгейіне байланысты бюджеттік параметрлер 5%-дан 20%-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілетін болады.
Бюджеттік инвестицияларды жоғары әлеуметтік-экономикалық қайтарымы бар жобаларға ғана шоғырландыру және жеке инвестициялар үшін тауашаларды босату арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғасады.
Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын қолдану арқылы бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін күшейту жолымен қол жеткізілетін болады. Осы бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге ерекше назар аударылатын болады.
Салық саясаты шеңберінде салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру, оның ішінде сәйкессіздіктерді жою және салық салынатын базаны ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасады.
5.2 Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар 2020-2022 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар мен алып қоюлар) негізделетін болады.
Аудандар мен Тараз қаласының экономикасын ынталандыру, ШОБ-ты дамыту, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту үшін жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы түсімінің 70% - ы берілді.
5.3 Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары
2022 – 2024 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының жариялаған бастамаларын одан әрі іске асыру болады.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.
Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.
Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру бірінші кезектегі бағыттар болып қалуда, оның ішінде:
7.Көлік инфрақұрылымын дамыту;
5.4 Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары
2021 жылға арналған облыс бюджетінде шығыстардың жаңа бастамалары көзделген:
- «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру;
- «Жұмыспен қамту жол картасы» арнайы бағдарламасын іске асыру;
- АӨК субъектілерін субсидиялау;
- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша субсидиялау және кепілдік беру;
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту.
5.5 Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары
2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді және, Нұр-Отан партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады.
Қосымша қаржыландыру көздерін тарту үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру МЖӘ тетіктеріне қайта бағдарланатын болады.
Бюджеттік инвестициялар үшін экономика мен жұмыспен қамтудың өсуіне мультипликативтік әсері бар, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салалар басым болып табылады.
Бюджеттік инвестицияның негізгі бағыттары:
1) Экономиканың сабақтас секторларын дамыту және экономикалық белсенділікті сақтау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.
Аталмыш бағыттың аясында «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының, «5-10-25», «Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасының», «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының, ИИДМБ және басқа да мемлекеттік бағдарламаларының іс-шаралары басымды қаржыландырылатын болады.
2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, су және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамыту арқылы өңірлік драйверлерді дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.
ШОБ өндірісінің көлемін сақтау және халықты жұмыспен қамту үшін БЖК-2025 іске асыру жалғасады.
3) Әлеуметтік саланы жаңғырту. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің желісін кеңейтуді қаржыландыру апатты мектептерді жою және үш ауысымдық білім беру проблемаларын шешу, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту есебінен жүзеге асырылады. Білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар іске асыру жалғасатын болады.
4) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және және мемлекеттік функцияларды іске асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шаралар басым қаржыландырылатын болады.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады.
Тек жоғарғы әлеуметтік-экономикалық қайтарылымды жобаларға бюджеттік инвестицияларды шоғырландыру және жеке инвестициялар тарту арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғастырылады.
Бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау принциптерін пайдалана отырып, бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардағы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне ерекше көңіл бөлінетін болады.Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.