ЖОБА
Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы нормативтік құқықтық актінің 1 қосымшасына сәйкес Тараз қаласының атауы жоқ кейбір құрамдас бөліктеріне атау берілсін.
- Осы нормативтік құқықтық актінің 2 қосымшасына сәйкес Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктері қайта аталсын.
- Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы нормативтік құқықтық акті қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиіс.
Облыс Әкімі Облыстық мәслихат
Б. Сапарбаев хатшысы
М. Сарыбеков
Жамбыл облысы әкімдігінің
20 жылғы «_» ______
№ __ қаулысына және
Жамбыл облыстық мәслихатының
20 жылғы «_» __________
№ __ шешіміне 1 қосымша
Тараз қаласының атау берілген кейбір құрамдас бөліктерінің тізімі
- 13 – шағын ауданын - «Бәйтерек» шағын ауданы;
- 14 – шағын ауданын - «Әулие - Ата» шағын ауданы;
- 15 – шағын ауданын - «Ұлы Дала» шағын ауданы.
«Шаңырақ» шағын ауданы бойынша:
- 15 - көшені - Ақшан Машани көшесі;
- 16 - көшені - Төреқұл Жанұзақов көшесі;
- 18 - көшені - Қайду хан көшесі.
«Гидрокешен» алабы бойынша:
- 1 - көшені - Роза Жаманова көшесі;
- Алматы тас жолындағы кіреберіс қақпадан Автобекетке дейінгі аралықтағы даңғылды - Кенесары хан даңғылы.
|
Жамбыл облысы әкімдігінің
20 жылғы «_» ______
№ __ қаулысына және Жамбыл облыстық мәслихатының 20 жылғы «_» __________
№ __ шешіміне 2 қосымша
|
Тараз қаласының қайта аталған кейбір құрамдас бөліктерінің тізімі
«Родничок» алабы бойынша:
- Рыночная көшесін - Ақбиік көшесі.
№ 1 округ бойынша:
- Завком көшесін - Есет батыр көшесі.
№ 4 округ бойынша:
- Кенесары көшесін - Шаттық көшесі:
- Кенесары тұйық көшесін - Шаттық тұйық көшесі;
- Ақмолда батыр көшесін - Сырдария көшесі.
№ 7 округ бойынша:
- Паровоз көшесін - Алтай көшесі;
- Первомай көшесін - Шалкиіз жырау көшесі;
- Молодогвардейск көшесін - Жас дәурен көшесі.
№ 9 округ бойынша:
- Коммунал көшесін - Жиембет жырау көшесі;
- Опытный көшесін - Сыпыра жырау көшесі;
- Памир көшесін - Жалаңтөс батыр көшесі;
- Ползунов көшесін - Әлихан Бөкейхан көшесі.
№ 10 округ бойынша:
- Феликс Дзержинский көшесін - Ескелді батыр көшесі;
- 23 партсъезд көшесін - Ақтамберді жырау көшесі;
- Мельничный көшесін - Қожаберген жырау көшесі;
- Мельничный кірме жолын - Қожаберген жырау кірме жолы;
- Тепловоз көшесін - Мөңке би көшесі;
- Тепловоз 1 тұйық көшесін - Мөңке би көшесінің 1-тұйық көшесі;
- Тепловоз 2 тұйық көшесін - Мөңке би көшесінің 2-тұйық көшесі;
- Тепловоз 3 тұйық көшесін - Мөңке би көшесінің 3-тұйық көшесі;
- Тепловоз 4 тұйық көшесін - Мөңке би көшесінің 4-тұйық көшесі.