Жамбыл обдыстық сайлау комиссиясының
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
2021 жылдың қазан айының 1 жұлдызында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа қалалық, аудандық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Отырысты Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, отырысқа қатысушыларды күн тәртібіне ұсынылған мәселелермен таныстырып өтті.
Отырыстың күн тәртібінде:
- 2021 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауына бөлінген қаражаттың игерілуі;
- Босап қалған сайлау комиссияларының құрамын қайта қалыптастыру;
- 2021 жылға бекітілген жұмыс жоспарының орындалуы, іс-қағаздарының жинақталуы мен реттелуі және т.б. бірқатар мәселелер қаралып, аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына тиісті тапсырмалар берілді.