САЛЫҚТАР
2021 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке жоспарда 89 млрд. 361,5 млн.теңге болса, 104 млрд. 061,3 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 116,4%-ға қамтамасыз етілді, өткен жылдың сәйкесінше мерзіммен салыстырғанда өсім 136,8%-ды құраған, оның ішінде:
республикалық бюджетке 33 млрд. 341,3 млн. теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 105,5%-ға орындалған;
жергілікті бюджетке 70 млрд. 719,9 млн.теңге сомасында түсімдер түскен немесе жоспар 122,5%-ға орындалған, өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 130,7%-ға құрады.